Сейсенбі, 30 Сәуір 2024
492 0 пікір 16 Сәуір, 2024 сағат 15:59

Тоқаев СҚО-ның су басқан аумақтарын тікұшақпен аралады

Сурет авторы: Ақорда

Мемлекет басшысы Солтүстік Қазақстан облысының су басқан аумақтарын тікұшақпен аралады, деп хабарлайды Abai.kz.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары Қызылжар ауданын, Петропавл қаласының төңірегін және Сергеевка су қоймасын тікұшақпен аралап көруден басталды. Су тасқынына қарсы шараларға 5270 адам және 906 техника жұмылдырылған. Халықтың тұрмыс-тіршілігіне қажетті инфрақұрылымдарды қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Табиғи апаттан зардап шеккен азаматтардың материалдық шығындарын есептеу және өтеу жөнінде комиссия құрылған»,- деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтың айтуынша, алты ауданда төтенше жағдай жарияланған. Қазіргі таңда 2 мыңнан астам тұрғын үйді су басқан, 10345 адам эвакуацияланған.

Abai.kz

0 пікір