Сейсенбі, 30 Сәуір 2024
46 - сөз 2014 13 пікір 12 Сәуір, 2024 сағат 19:49

Отандық ғылымға саяси көзқарас дұрыс!

Сурет: Автордың жеке мұрағатынан алынды

Соңғы он жылдықтағы американдық киноларды қарасаңыз, бірнеше тақырыпты байқайсыз, бірі жұқпалы зомби дерті, бірі діни-өркениеттер қақтығысы, бірі жасанды интеллекті туындылары. Айтпасақ та белгілі, соңғысы әсіресе биік саяси мінберлерден Президенттің өзі жиі көтеріп жүрген мәселесі болып алды. Бұл дегеніміз, отандық ғылымның осы жасанды интеллект арнасына бұрылатындықтың ақиқаты.

Бүгін Халықаралық ғылым күнінде, Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында, еліміздегі ғылымға байланысты талай мәселе талқылап, дәл осы жасанды интеллектіні дамытуға назар аударды. Бұл заңды да.

Өйткені, қазір бүкіл әлем жасанды интеллектінің маңызына, перспективасына ерекше ден қойған. Ғалымдардың пікірінше, 2030 жылға қарай жасанды интеллект әлемдік ішкі жалпы өлем мөлшерінің 7 пайызын құрап, 2027 жылдың өзінде әлемдік нарық капиталының көлемі 400 млрд доллардан асуы мүмкін екен. Ғажап.

Қазірдің өзінде, біраз мемлекетте жасанды интеллект қауіпсіздік жүйесі, медицина, банк қызметі, логистика, білім беру салаларында кеңінен қолданыста. ChatGPT-дің дәуірі елімізге де жетті.

Бұнда Президенттің айрықша мән берген мәселесі, жасанды интеллекті негізінен ағылшын тілінде дамып, жаһандық көштен қалмаймыз десек, онда AI-ға ақша аямай, қазақ тілінде түсінуге жағдай жасау қажеттігі. Осыған байланысты, Президент мемлекеттік органдарының деректер қорын интеграциялауды тапсырды.

Яғни, Тоқаевтың тапсырмасымен қолға алынған суперкомпьютерге арналған қазақ тілі моделі жасалынбақ. Бұл мықты бастама. Неге дейсіз ғой? Ақпараттық-сандық деңгейде цифрлық қауіпсіздік дербестік сақталады. Әлбетте, қазақ тілінің дамуы сандық жүйеге шығады.

Жасанды интеллектінің қауіпсіздігі өте өзекті мәселе. Сондықтан этикалық стандарттарды белгілеу, мәліметтерді қорғау және осы саладағы киберқауіптің алдын алу ісіне ерекше мән берген жөн. Бұнда заңнамалар күшеюі қажет. Мысалы, Еуропалық одақ Artificial Intelligence Act деп аталатын заң қабылдаған. Мидың орнын тым жасанды жүйемен қамтып кету де қауіпті. Ми жұмыс істемей қалады. Оны мәселен, ChatGPT арқылы дипломдық жұмыс жазып жүргендер шыға бастады. Осы ретте, мемлекет әрбір әлемдік өзгерісті қолға алғанда, арнайы ұлттық ғылыми хәм қолданбалы салалардың мазмұндық жүйесін бұзбай реттеуді қажет етеді.

Жалпы ғалымдардың кеңесінде көтерілген жасанды интеллект жүйесінің бағыты еліміздің даму жүйесіне өте-мөте керек дүние. Бастысы саяси шешім дұрыс, әрі қарай ғалымдардың еншісінде...

Мақсат Жақау

Abai.kz

13 пікір