Жұма, 3 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3186 0 пікір 5 Желтоқсан, 2013 сағат 04:18

Аманханның ой орамдары

Жас ақын адами «мен» мен лирикалық «менді» ажырата алмаса, онда одан ештеңе де, ешкім де шықпайды. Адами «мен» кеудемсоқ, нарцисстік менмендікке бастаса, шығармашылық «мен» ақын стилін айқындап, азаматтық тұлға қалыптастырады.

***

Қазақ поэзиясындағы интонациялық-синтаксистік  тіл заңдылығына құрылған верлибр (ақ немесе еркін (ұйқассыз) өлең) бізге сырттан сіңіп, аудармалық астар алған өлең үлгісі. Оған дейін бізде көпшілікке поэтикалық қуаты бар, шешендіктің  көрінісі ретінде тараған қара сөбен жырлау үлгісі қалыптасқан еді. Ол көркем прозаның озық үлгісі болып саналады. Мысалы, Жүсіпбек Аймауытовтың кез-келген прозалық шығармасы, М. Әуезовтың «Еңілік-Кебегі», Т.Ақтановтың «Анты» және Оралхан Бөкеевтің кей тұстағы қара сөзбен жырлауы француздардан өрген вирлибрге келеді. Мүмкін, керісінше олардың верлибрлері біздің шешендік үлгіміз – қара сөзбен жырлауға келетін шығар.

***

Жас ақын адами «мен» мен лирикалық «менді» ажырата алмаса, онда одан ештеңе де, ешкім де шықпайды. Адами «мен» кеудемсоқ, нарцисстік менмендікке бастаса, шығармашылық «мен» ақын стилін айқындап, азаматтық тұлға қалыптастырады.

***

Қазақ поэзиясындағы интонациялық-синтаксистік  тіл заңдылығына құрылған верлибр (ақ немесе еркін (ұйқассыз) өлең) бізге сырттан сіңіп, аудармалық астар алған өлең үлгісі. Оған дейін бізде көпшілікке поэтикалық қуаты бар, шешендіктің  көрінісі ретінде тараған қара сөбен жырлау үлгісі қалыптасқан еді. Ол көркем прозаның озық үлгісі болып саналады. Мысалы, Жүсіпбек Аймауытовтың кез-келген прозалық шығармасы, М. Әуезовтың «Еңілік-Кебегі», Т.Ақтановтың «Анты» және Оралхан Бөкеевтің кей тұстағы қара сөзбен жырлауы француздардан өрген вирлибрге келеді. Мүмкін, керісінше олардың верлибрлері біздің шешендік үлгіміз – қара сөзбен жырлауға келетін шығар.

***

Реализм – дәстүрмен ұласып, романтизм – мазмұн-мәні сусыма, мағынасыз теорияға негізделген «измдермен» аяқталады. Дәстүрдің мәңгілігі сонда. Бірақ, оның өзі де уақытқа, заманға ілесе жаңарып, жасампазданып тұрады. Оның жойылып кетпеуі ҰЛТ ТЕГІНІҢ (қанының) мықты немесе әлсіздігіне байланысты. Яғни, ұлт жоғалып кетпей дәстүрлі (дәстүр)  өлең өлмейді. Ал, «измдерде» мәңгілік жоқ. Өйткені, ол ұлттық дәстүрден емес, ақыл-ой теориясынан өреді. Мысалы, теориятиктер модернді (модернизм) қалай ойлап тапса, оны жоққа шығаратын постмодернді де (постмодернизм) солай ойлап тапқан (латыннан өрген постимпрессионизм де, метафоризм, метаметафоризм де сол).

***

Ақынсың ба, өзіңді (өлеңіңді) біреуге таңдандыруға емес, өзің біреуге (өлеңіне) таңдануға бейіл бол. Поэзия – таңдану мен сезіудің (сезім) көрінісі.                                       

***

     Менің өлеңдерім – менің көңіл-күйімнің күнделігі. Яғни, Есенинше айтқанда, менің өмірбаянымды білгілеріңіз келсе, менің өлеңдерімді оқыңыздар дегенге саятын әңгіме. Бұл маған дейін сан ақын айтқан қағида болар, дегенмен, оны тағы бір рет қайталағаннан ешкім ұтылып, ештеңеміз кетпейді.

***

Лирикалық өлең – өмірдегі құбылыстың қас-қағым бір сәтін ұстап қалған көңіл-күйдің көрінісі, оның қысқа әрі жинақы да мазмұнды болып, көпсөзділіктен ада болатынының сыры сонда. Ақындықты жүре де, біле де келе үйренетін не бойға да, ойға да сіңіретін қасиет демей, оны құбылыс деуіміздің төркіні сондықтан.                              

***

Мен мазмұны (мазмұнсыз, жылтыр сөздер мен сөйлемдер жиынтығы өлеңдер де болады. Ақынсымақтың не айтқысы келгенін,келетінін түсінбейсің. Іші-сырты сыңғырлап қана тұрады) тілді, образды, музыканы (ТОМ) бойына сіңірмеген өлеңді қабылдай алмаймын. Өйткені, оларсыз жалқы өлең де, жалпы поэзия да қарабайыр, қарадүрсін, жайдақ-жалаң сөздер мен сөйлемдердің, дыбыс-ырғақтардың жиынтығы.Оған үлгі болатын құбылыс– Алланың әуелде хаос кеңістік-дүниені үндестіріп жаратуы. Ақын да сол секілді, шабыт арқылы хаос сөз бен сөйлемдерді, сондай-ақ дыбыс-ырғақтарды Алланың көңілге қондыруымен, сезіп, сезіну барысында өмірге келтіреді. (Тудырады)

***

Тудырады демекші, өлең жазылмайды туады, бірақ, адамдар келе-келе «туады» деген поэтикалық астары бар сөздің мазмұн-мәнін жоғалтып, оның поэзияға тән қуатын әлсірете келіп, оны қарабайыр, жалаң – жайдақ  «жазу», «жазады», «жазамын» сөзімен алмастырып жіберген.

***

Догма, догматизм –  сағат-минут, қас-қағым сәт сайын өзгеріп тұратын Ақынның көңіл-күйінің көрінісі – поэзиясына да, өлеңіне де жүрмейтін құбылыс. Жалпы, догма өнер адамының қай-қайсысына да жүрмейді.Ол жүрсе дінге, заңға, кейбір тұстарда салт-дәстүрге ғана жүреді. Өйткені, олар өнер адамының, оның ішінде  ақынның көңіл-күйіне, поэзиясына кереғар қадыр-қасиеттер. Дінде әуелі Алла, сосын Пайғамбар, одан кейін Құран, одан да әрі хадис-қағидалар бар. Заңда да сондай өзіне тән атрибуттар баршылық. Салт-дәстүр, әдет-ғұрыптар да сондай жағдайлардан кенде емес. Догма, догматизм сондай тұстарда жүреді. Сондықтан, Аманханның айтып, жазғандары мен жас ақындардардың тілек-талаптарының ешқайсысы да догмаға, догматизмге жатпайды. Ендеше, мені догмаға әуес, догматик дейтіндер қатты қателеседі.

***

Ақын  – өз жанының сыртқа тепкен жаңғырығы. Ол сол жаңғырықты қағазға түсіреді.  Стиль деген сол.

***

         Поэзия – идеядан да, иделогиядан да, фактыдан да жоғары тұрады. Ақынның көңіл –күйі мен шабыты атталған үш қадыр-қасиеттің ешқайсысына бағынбайды да бас ұрмайды. Өлең өмірге келіп біткесін, одан идея да, иделогия да, факты да іздеушілер табылады. Ол енді басқа әңгіме.

***

        Талант.  Кемталант. Бейталант. Осы бір сөз тіркестерін Асекең, Асқар Сүлейменов жиі тілге тиек ететін. Тіпі, жазған да шығар-ау, деймін. Сөйткен, со кісінің өзі де, өзінің солардың қайсысына жататынын ажырата алмай кетті-ау, сірә. Өйткені, бізде, (басқаларда да солай) шын таланттылар көзі тірісінде өзінің әділ бағасын жариялы түрде ала алмай кетеді емес пе? Соған қарамай, таланттың мықтылығын кейбіреулер іштей сезеді, бірақ, оны сыртқа шығарып, жариялылықтың озық үлгісін көрсетпейді.                

***

                Кезінде Мәскеуде оқып жүргенімде, бір ағылшындық ақын, филолог «Қазақтар ұйқаспен өлең жазсаңдар бақытты екенсіңдер» дегенде, оны мен атүсті қабылдап қана қойған едім. Жақында ағылшындарда 50 ғана ұйқас, ал, француздарда оның одан да аздығын оқып-білгенде таңқалдым. Ендеше, олардың верлибрге ерекше ден қойып, әдебиет теориясынан өрген «измдерге» бой алдыруларының сыры сонда екен. Т.Элиоттың «Только никчемный поэт может обрадоваться белому стиху как возможности освободиться от жестккихпут формы» дей тұра, «.Великая поэзия должна быть...и зававой..» дегенін қалай түсінеміз.Тіпті, оның өлеңді ермекке жазамын дегенге саятын сөзі де бар. Міне, бұл пародокс.

 ***

          Жақында сыншы Амангелді інім, телефон арқылы шығармашылық пікір алысу барысында, қазіргі жас ақындар арасында етек алған  әдебиеттегі әдепсіздік туралы мазмұнды да мәнді мәселені тілге тиек етті. Оның әңгіме барысындағы « Әдебиеттегі әдеп»  сосын «Әдебиеттегі әдепсіздік» сөз тіркесі маған қатты ұнады. Міне, қозғайтын тақырып. Әйтпесе, кейбір жас ақындардың өлеңдеріне бірауыз сын- пікір айтылса немесе жалпы шығармашылығына ойын білдірген адамның ( оның үлкен-кішісіне қарамай) үстіне бар ыласын, кір-қоқысын, зәрлі сөзін  төгетінін, тіпті, енді біреуінің күш көрсететінін қайтерсің. Сын- пікір көтере алмайсын ба, әдебиетке келме. Ондай адамдардан азамат та, ақын да шықпайды. Шығармашылық адамы – сипағанды ұнататын немесе  өзі келіп сипанатын мысық қылықтан аулақ болу керек.

Аманхан Әлім ақын, "Ақиқат" журналының бас редакторы

Abai.kz                                    

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 600
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 345
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 347
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 352