Жұма, 3 Мамыр 2024
651 0 пікір 4 Сәуір, 2024 сағат 16:58

Тараз әкімдігі 75 млн теңгені жымқырмақ болған

Сурет: naceks.kz

Прокуратураның баспасөз қызметінің хабарлауынша, Жамбыл облысында жасалмаған жұмыс үшін бюджеттен 75 млн теңге қаражат төлену дерегін анықталған.

«Тараз қаласының прокуратурасы бюджет қаражатының жұмсалуы заңдылығына жүргізген тексерудің нәтижеcінде Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен әзірленбеген 4 сметалық құжаттама үшін 75 млн теңгені негізсіз мердігерге аударғанын анықтады»,- делінген хабарламада.

Аталған дерек бойынша ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағымен (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан таражға салу) қылмыстық іс тіркелді.
Тергеп-тексеруді жүргізу Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментіне тапсырылды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 584
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 316
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 333
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 336