Жұма, 3 Мамыр 2024
628 0 пікір 4 Сәуір, 2024 сағат 16:01

Президент су басқан аумақтарды тікұшақпен аралады

Cурет: aqorda_resmi

Президент Батыс Қазақстан облысының су басқан аумақтарын тікұшақпен аралады, деп хабарлайды Abai.kz aqorda_resmi телеграмм арнасына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Батыс Қазақстан облысындағы қарғын су басқан аумақтарды тікұшақпен аралап, Теректі, Сырым және Қаратөбе аудандарындағы қалыптасқан жағдаймен танысты.

«Облыс әкімі Нариман Төреғалиев Президентке бүгінде 6 аудан мен Орал қаласын су басқанын баяндады. Қарғын су 552 тұрғын үйге, 427 саяжай теліміне зиян келтірген. Өңір басшысының айтуынша, су тасқынына қарсы шараларға 1911 адам, 332 техника, 101 мотопомпа, 1 тікұшақ жұмылдырылған. Сонымен қатар құтқару жұмыстарына Алматы және Маңғыстау облыстарының құтқарушылары атсалысып жатыр. Қарғын су басқан аумақтардан 7 мыңға жуық тұрғын көшірілген, жедел-эвакуациялау пункттері құрылған. Зардап шеккендерге біржолғы материалдық көмек көрсету үшін жергілікті бюджет есебінен 63 миллион теңге қаржы бөлінді. Су айдау, нысандардың жан-жағын топырақпен қоршау және су жүретін құбырларды кеңейту жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деп жазылған хабарландыруда.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 593
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 322
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 338
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 342