Жексенбі, 12 Мамыр 2024
625 2 пікір 2 Сәуір, 2024 сағат 18:16

Атырау мұнай өңдеу зауытына жаңа басшы келді

Сурет: ҚМГ

"Мені қызметтен заңсыз босатты" деп Атырау мұнай өңдеу зауытының бұрынғы басшысы Ғалымжан Жусанбаев қызметінен босатылды.

Қатысушылардың жалпы жиналысының шешімі бойынша «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС бас директоры лауазымына Абзал Досжанов тағайындалды, деп хабарлайды Abai.kz порталы ҚМГ-ге сілтеме жасап.

ҚазМұнайГаздың хабарлауынша, Досжанов Атырау қаласының тумасы, еңбек жолын 2006 жылы Атырау мұнай өңдеу зауытында технологиялық қондырғылардың операторы ретінде бастап, гидрогенизациялық процестер ауысымының бастығына дейін көтерілген.

Францияның мұнай институтында (IFP School) біліктілігін арттырғаннан кейін ол Атырау мұнай өңдеу зауытында  жұмысын кәсіпорынды жаңғырту жобасын сүйемелдеу тобының технология бойынша бас маманы қызметінде жалғастырды.

2010 жылдан бастап KMG International компаниясында Петромидия зауытының процестерін жақсарту жөніндегі менеджер, өндіріс жөніндегі директордың орынбасары, Rompetrol Petrochemicals бас директорының бірінші орынбасары, Rompetrol Rafinare операциялық директоры, Rominserv және Rompetrol Well Services компанияларының басшысы, Rompetrol Rafinare мұнай өңдеу зауытында бас директордың бірінші орынбасары – бас инженер лауазымдарында еңбек етті.

2023 жылдан бастап қазірге дейін «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мұнай өңдеу және мұнай химиясы департаменті мұнай өңдеу басқармасының бастығы қызметін атқарды.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1942
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2166
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1788
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1534