Жексенбі, 12 Мамыр 2024
778 10 пікір 2 Сәуір, 2024 сағат 17:22

Назарбаевтың ескерткіштері қиратылды

Сурет: malim.kz

Алты жыл бұрын Қазақстан Қарулы Күштерінің Астанадағы мемлекеттік әскери-тарихи мұражайының экспозициясына орнатылған тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың балауыз бейнесі жоғалып кетті.

Бұған дейін балауыз бейнесі музей залдарының біріндегі жазу үстелінде ілініп келген. Артынша балауыз бейнесі мұражай қорына жіберілгені анықталды. Енді оның орнына осы жазу үстелінде армия генералы, кеңестік және қазақстандық әскери басшы, Қазақстанның бірінші қорғаныс министрі, Кеңес Одағының батыры және Қазақстанның Халық батыры Сағадат Нұрмағамбетовтың балауыз бейнесі көтерілмек.

Елбасының республика аумағында ғана емес, шетелде де тірі ескерткіштері көп. Соңғы кездері олардың көбі бірінен соң бірі қиратылуда.

Мәселен, қаңтар айының ортасында Астанадағы Ұлттық қорғаныс университетінің аумағынан Назарбаевтың ескерткіші алынып тасталса, сол уақытта Алматы метросының «Алмалы» станциясында ілінген тұңғыш президенттің портреті түсірілгені белгілі болды. Ақпан айында Астанадағы Қазақстан Ұлттық музейінің қызметкерлері бірінші қабаттағы холлдағы экспозициядан тұңғыш президенттің мүсінін алып тастады.

Қаңтар оқиғасы кезінде қатысушылар Талдықорғандағы Назарбаевқа арналған төрт метрлік ескерткішті құлатып, оны бөлшектеп тастаған. ОЛ ескерткіш қайта қалпына келтірілмеді.

Abai.kz 

10 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1942
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2171
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1791
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1535