Жексенбі, 12 Мамыр 2024
591 2 пікір 1 Сәуір, 2024 сағат 17:37

Денсаулық сақтау вице-министрі тағайындалды

Сурет: : primeminister.kz

Ербол Оспанов бұрынғы қызметінен босатылып,Үкімет қаулысымен Денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Abai.kz.

Ербол Оспанов 1977 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 1998 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін, 2002 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін бітірген.

Еңбек жолын 1999 жылы «Қазгипрожелдортранс» АҚ инженері болып бастаған.

«Қазақстан темір жол көлігі ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-де жоба жетекшісі, «Қаржы жүйелерін ақпараттандыру орталығы» АҚ-да жетекші инженер-жобалаушы болып жұмыс істеді.

Әр жылдары «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің құрылымдарында басшылық қызметтер атқарды.

2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметінде болды.

 

Abai.kz.

2 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1942
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2156
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1782
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1534