Жексенбі, 28 Сәуір 2024
1016 2 пікір 20 Наурыз, 2024 сағат 16:52

Экс-министр Тұрғымбаевтың үстінен қылмыстық іс қозғалды

Сурет: inform.kz

Кеше БАҚ-та Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министр Ерлан Тұрғымбаевқа қатысты қылмыстық істің қозғалғаны туралы ақпарат тарады. Бүгін ҚР Бас прокуратурасы экс-министрден қаңтар оқиғалары бойынша жауап алынғанын растап, ресми мәлімдеме жасады.

ҚР Бас прокуратурасының мәлімдемесі:

Бас прокуратура Ішкі істер экс-министрі Е. Тұрғымбаевты және полиция органдарының басқа да басшыларын қылмыстық қудалау туралы түрлі телеграм-арналарда таратылған ақпаратқа қатысты келесіні хабарлайды.     

2022 жылдың басынан бастап Бас прокуратура қаңтар оқиғалары кезеңінде құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етпеуге, сондай-ақ азаматтарға азаптауды қолдануға байланысты күш органдарының қызметкерлеріне қатысты тергеп-тексерулерді жалғастыруда.      

Оларды жасағаны үшін соттармен облыстық полиция және ұлттық қауіпсіздік органдарының бірқатар басшылары мен қызметкерлері сотталды.   

Жүргізіліп жатқан тергеп-тексерулер шеңберінде Ішкі істер экс-министрі Е.Тұрғымбаевтан жауап алынды.      

Сондай-ақ, Бас прокуратура Алматы облысы Қарасай ауданы Қошмамбет ауылында орналасқан арнайы қабылдау жағдайында ұсталған азаматтарға азаптауды қолдану туралы іс бойынша дәлелдемелер жинады.      

2024 жылдың 16 наурызында осы қылмысты жасағаны үшін Қарасай ауданының арнайы қабылдау орыны және полиция басқармасының бұрынғы басшылары қамауға алынды.     

Бұдан басқа, қызметтік атыс қаруын ұрлау фактілері бойынша Талдықорған қаласы полиция басқармасының бұрынғы басшылығына қатысты тергеп-тексеру жалғасуда.      

Осы тергеп-тексерулер бойынша басқа да мәліметтер тергеп-тексерудің, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтай отырып, жұртшылыққа жеткізілетін болады.

ҚР ІІМ басшысы Сәденов те Тұрғымбаевтың үстінен қылмыстық іс қозғалғанын растады. 

ҚР ІІМ бұрынғы басшысы Ерлан Тұрғымбаевқа қатысты істі Ішкі істер министрлігі тексермейді.

«Ішкі істер министрлігі тексеріп жатқан жоқ, мен бұл туралы түсініктеме бере алмаймын. Бұл жерде құзырлы органдар тергеу бастады. Бұл соларға арналған сұрақтар. Ішкі істер министрлігі Тұрғымбаевқа қатысты істі тергеп жатқан жоқ», - деді министр.

Abai.kz

2 пікір