Сенбі, 27 Сәуір 2024
Билік 1009 0 пікір 14 Наурыз, 2024 сағат 20:32

Қазақстан әскері Голан биіктігін күзетуге аттанды

Фото: Қорғаныс министрлігі

Алматыда Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов әскерилерді Голан биіктігіне шығарып салды, деп хабарлайды Abai.kz.

Алматыдағы 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта әскерлерімізді БҰҰ миссиясына шығарып салуға арналған іс-шара өтті. Іс-шарада Қазақстанның бітімгерлік күштері Голан биіктігін күзетеді.

Айта кетсек, Голан биіктігі – стратегиялық және саяси маңызы бар Таяу Шығыстағы даулы аймақ. Оның көп бөлігін Израиль басып алған, ал шығыс бөлігі – Сирияға тиесілі. Қос мемлекет те жарты ғасырдан астам уақыт бойы осы аймақ үшін қақтығысып келеді.

Бұған дейін қазақ әскерінің Оңтүстік Судан мен Таяу Шығысқа баратыны хабарланған еді.

Abai.kz

0 пікір