Сейсенбі, 30 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2615 0 пікір 22 Қараша, 2013 сағат 04:54

«Барахолка» – әлеуметтiк жарылыстың жаңа ошағы

Әуелi өрт жайлаған Алматы “барахолкасын” ендi әлеуметтiк шиеленiс қаупi шарпып тұр. Әзiрге күнкөрiс көзiнен бiрнеше базардың саудагерлерi айырылса, алдағы уақытта бүкiл базар саудагерлерi олардың кебiн киетiн түрi бар. Себебi қаланың құрылыс жоспарына күре жолдың бойындағы алып базар тұтасымен сүрiлмек.
Әкiмдiк сауда орындары мен тауарлары өртенген сау­дагерлерге қаланың сыр­­тындағы Құлжа тас жолының бойынан жаңадан ашылған “Жетiсу” базарын ұсыныпты. Алайда ол базарға тайлы-тұяғымен көшiп барған саудагерлер жоқ.
Күзден берi екiншi мәрте тұтанған өрт кездейсоқтық па, әлде қасақана ұйымдастырылған әрекет пе? Мұны арнайы құрылған сараптама тобы анықтауы тиiс. Бiрақ саудагерлер өрт қасақана қойылды дейдi. Бұл – сүрi­летiн базардан сауда­гер­лердi күнi бұрын қуып шығу үшiн жасалған әрекет болуы мүмкiн деп болжайды.
“Барахолкада” күн көрiп жүрген саудагерлер – өзiн-өзi жұмыспен қамтушылардың қатарында. Осы күнге дейiн билiк орындарына алақан жайып, ақша сұрап көр­меген, өз күндерiн өз бетiн­ше көрiп жүргендер. Екiншi жағынан қала шетiндегi бұл базарды “мемлекеттiң iшiн­дегi мемлекет” деуге болады. Өз заңы мен салығы бар, тiптi өз билiгi бар. Бүкiл­әлемдiк банктiң дерегiнше, “барахолкада” бiр жылдың iшiндегi ақша айналымы 1 миллиард 742 миллион долларға жетедi.

Қала әкiмi шеттегi базарды лас, санитарлық талаптар сақталмайтын, ауру жайлаған жер деп салды. “Барахолка” мұндай күйге бiр-екi күн, тiптi бiр-екi жылдың iшiн­де түскен жоқ. Ол базар бү­гiн­гi тұрған орнында ондаған жылдардан берi емiн-еркiн жұмыс iстеп келе жатыр. Бұл жайт осы күнге де­йiн бұл сау­да орнының қорғаштаған iрi қолдаушылары болғанын айғақтайды. Мұны А.Есiмов те бiр сөзiнде растаған.
Ендiгi жерде осы азаматтар күнделiктi табыс көзiнен айырылатын болса, бұл әлеуметтiк жарылысқа апарып соқтырмай ма деген сауал туындайды. Халықпен диалог орнатпай өз бетiнше шешiм қабылдап, күштiк тәсiлдерге жүгiну қандай қасiретке апарып соқтыруы мүмкiн екенiн “Шаңырақ” оқиғасы көрсеттi. Жалғыз күнкөрiс көзiнен ажыраған саудагерлер баррикадаға шығуы мүмкiн бе? Бiз осы сұрақтарды осы саладағы кәсiпкерлер қауымдастығының өкiлiне қойып көрдiк.
АСПАНДАҒЫ ЕСIМОВ ЖЕРГЕ ТҮССIН
Жiбек Әжiбаева, Қазақстанның сауда кәсiпорын­дары қауымдастығының вице-президентi:
– Кәсiпкерлер де, базардың иелерi де қала инфрақұрылымы дамып жатқанын жақсы түсiнедi. Мұнымен еш­­­кiм дауласпайды. Бiрақ мәселе осының қалай iске асатынында. Базарларды кө­­шiру саудагерлерге ауырт­­­палығын салып, терiс әсер етпеуi тиiс. Бiрақ ол үшiн кешендi iс-шаралар қажет. Ол үшiн үкiмет тарапынан қолдау керек. Қала бюдже­тi­нен базарларды кө­шiру мен кәсiпкерлердi сонда орналастыру үшiн арнайы қар­жы қарастырылуы шарт. Екiншiден, еңбек етудiң балама жолдары, яғни жаңа жұмыс орындары ұсынылуы қажет. Өйткенi қазiр арба сүйреп жүрген жастарды басқа мамандыққа баулуға болады. Үшiншiден, ҚР заңнамасына сәйкес, кәсiпкер­лердiң жерiн алып қойғаны үшiн және кәсiптен айырғаны үшiн өтемақы төленуi шарт. Сонда ғана осы iс-шаралар кезең-кезеңiмен дұрыс, салиқалы түрде iске асады. Ал бұл болмайынша, әлеуметтiк жарылыс қаупi бар.
– Мұндай диалог орнай ма екен?.. Кәсiпкер­лермен келiссөзге шығудың орнына Есiмов ахуалды тiкұшақпен бақылап жүрдi ғой.
– Иә, Есiмов құс ұшатын биiктiктен ешуақытта ештеңе байқай алмайды, оған жерге түсiп жүру керек. Кә­сiп­керлер өрт жалынын қай жерден көрсе, қадағалаушы органдар да сондай жерден көруi тиiс. Құс ұшып жүретiн биiктiктен шынайы ахуал бiлiнбейдi.
– Бұл – күзден бергi екiншi өрт. Бiреу қасақана қоюы мүмкiн бе, әлде қауiп­сiздiк шаралары сақталмай ма?
– Егер өрт қауiпсiздiгi сақталмаса, жауапкершi­лiк­ке бақылау-қадағалау органдары тартылуы тиiс. Олар кәсiби қызметiн дұрыс ат­қармады деген сөз. Өрт шыққанда гидраттар болған жоқ. Суды айдаладан жал­ғап тасыды. Суды неге сонша жерден тасымалдады? Ал тiкұшақ неге 30 тонна гидратты өрт ошағына емес, басқа жаққа шашты? Осы сауалдар органдардың кәсi­би еместiгiн көрсетедi.
Сауда саласындағы кә­сiпкерлер республикалық наразылық акциясын өткiзудi ойластырып отыр. Базарларды сүру Тараздан басталды, ендi Алматыға келiп жеттi.
– Оның үстiне бұл өз күнiн өзi көрiп жүрген, билiктен көмек сұрамаған топ қой.
– Иә, ол рас. Ендi тауары өртелгенi аздай, банкке борышкер. Ипотека, өзге де несиесi бар. Ақылы бөлiмде­гi балаларын қалай оқытады?
– Өртенген дүние-мү­лiк үшiн өтемақы төлене ме?
– Жоқ. Есiмов “егер та­уар не мүлiк сақтандырылса ғана өтемақы алуға қақы бар” деп бiрден кесiп айтты. Бiрақ сақтандыру олардың өртенiп кеткен мүлкiнiң он пайызын да өтемейдi.
Дайындаған
Елнұр Бақытқызы
"Жас Алаш" газеті

0 пікір