Жексенбі, 28 Сәуір 2024
Наурызнама 1906 5 пікір 14 Наурыз, 2024 сағат 14:26

Қазақстандағы Наурызнама онкүндігі

Көрнекілік сурет пен коллаж ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұсынуымен жарияланды

Бүгін Қазақстанда «Наурызнама» мерекелік декадасы басталды. «Наурызнама» 23 наурызға дейін жалғасады.

Жаңа қабылданған тұжырымдамаға сәйкес, «Наурызнаманың» әр күні жекелеген тақырыптар мен құндылықтарға бөлінген. Жеке-жеке аталып өтілетін әр күннің мән-мағынасы қазақ халқының, Қазақстан қоғамының мәдениеті мен дәстүр-салтын, әдіт-ғұрпы мен қоғамдық құндылықтарын айшықтайды.

Бүгін, 14 наурыз – «Көрісу күні – Амал мерекесі». Амал мейрамында «амал кірді», «амал келді» деп қуанамыз. Шығыс елдеріндегі күн (шәмси) күнтізбесі бойынша, наурыздың басталуы - хамал (амал) айының 1 жұлдызы есептеледі.

Ежелден келе жатқан дәстүр бойынша, халық бұл күні қыстан аман-есен шыққанына, көктемге аяқ басып, туыс-туған, көрші-көлеңмен жүздескеніне қуанып, қол алысып, төс қағысады. Бір-біріне деген араздық, өкпе-ренішті ұмытып, амандық тілейді.

Наурыз - парсыша - Жаңа күн. Ертеде қазақ бұл күнді «Наурыз» демей, «Амал» деп атаған. Амал мерекесі немесе Көрісу дәстүрі - еліміздің көп өңірлерінде ежелден сақталған.

14 наурыз күні көктем келіп, жапырақтар бүршік атып, көкек құсы құйқылжыта ән салады. Күн мен түннің теңесуі тойланады. Шығу төркіні тереңде жатқан айтулы күн алаш баласына етене жақын.

Біз бүгін Қазақ халқын, Қазақстан жұртын осы бір айшықты мерекемен құттықтап, оқырман талқысына жаңа қабылданған «Наурызнама» мерекелік декадасының күнтізбесін ұсынғанды жөн санадық.

«НАУРЫЗНАМА» МЕРЕКЕЛІК ДЕКАДАСЫ

Бірінші күн:

Екінші күн:

Үшінші күн:

Төртінші күн:

Бесінші күн:

Алтыншы күн:

Жетінші күн:

Сегізінші күн:

Тоғызыншы күн:

Оныншы күн:

Abai.kz

5 пікір