Сейсенбі, 30 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2211 0 пікір 20 Қараша, 2013 сағат 08:22

«Самұрық-Қазына» АҚ әкімшілік құрамын оңтайландыруда

«Самұрық-Қазына» АҚ ұлттық басқарушы холдингтер мен ұлттық компаниялардың басқарушылық аппаратының құрамы мен санын оңтайландыру жұмыстарын жалғастыруда. 2013 жылы Қор тобында 2356 әкімшілік қызметкер қысқартуға ұшырамақ.

«Штатты қысқарту мәселесі – бұл бизнесті жаңаша түрлендіру қадамы. Бүгінгі таңда бізде үш пайыз төңірегінде әкімшілік-басқарушылық персоналды оңтайландыру жүргізілді. Адамдардың жұмыссыз қалмайтынын нақты айта аламын. Телекоммуникация қызметтерінің нарығы бәсекеге қабілетті. Демек, әр маманның құны алтынға тең», - деген пікірде «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев.

«Компанияда әкімшілік шығындарға ысырапты азайтуға көп көңіл бөлінуде. Бұл жерде әңгіме тек әкімшілік-басқарушылық персоналды қысқарту есебінен ғана жыл сайын миллиардтаған қаржыны үнемдеу жайлы болып отыр», - дейді «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басшысы Владимир Школьник.

Осы орайда еске сала кетсек, Қор тобы бойынша 2012 жылы 2210 адам қысқартылып үлгерді. Анығырақ тоқталсақ, кадрлық оңтайландыруға «Қазмұнайгаздың» 588, «Қазақстан темір жолының» 400, «Қазатомөнеркәсіптің» 235, «Қазақтелекомның» 286 және холдингтегі өзге еншілес компаниялардың 701 қызметкері ілікті. Нәтижесінде әкімшілік-басқарушылық персонал саны жыл қорытындысында 29790 адамды межелеп, еңбекті төлеуге жұмсалатын қаражат 7 млрд теңгеге ықшамдалды.

Дереккөз:«SK News»

0 пікір