Сейсенбі, 30 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2239 0 пікір 20 Қараша, 2013 сағат 08:19

Ресеймен бірігіп тарих жазу - Тәуелсіздікке төнген кезекті қауіп

Жаңа тұрпаттағы Совет одағын құру үшін жанталасып, жанын жеп жүрген Путиндік Ресей билігі «Еуразиялық одақ құру» деген жалған саяси бет пердені жамылып, ойға алған істерін мысықтабандап болса да іске асырмақ ниетінен танбай келеді. Кеше ғана «Ортақ тарихи тамырластық Еуразиялық одақ құру факторы» деген тақырыппен өткен Ресейдегі интеграциялық клубтың кезекті отырысы Путиндік жымысқы саясаттың тағы бір айғағы екенін тақырыбының өзі ашық айтып отыр.
Бізді тіксінткен мына жайт болды: әлгі отырыста Ресей ғылым академиясы жалпы тарих институтының директоры Александр Чубарьян (2-суретте) Қазақстанмен ортақ тарих оқулығын жасау ісі жүріп жатқанын мәлімдеді. Ал, «31» арнаға осы мәселе бойынша сұхбат берген Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының директоры тарихшы ғалым Хангелді Әбжанов (3-суретте) былай деп көсілді: «Алдымен ұлы отан соғысын жазу, одан кейін тың игеруді жазу немесе 20-30 жылдардағы ұжымдастыру мен ашаршылықты жазумен тәжірбие жинақталып, 20 ғасырдың ортақ тарихын бір жүйелеп алсақ, кейін оны 19 ғасырға, 18 ғасырға әрі қарай тереңдете беруге болады».

«Өзіңнен зор шықса, екі көзің сонда шығады» деген – осы. Ресейдің Қазақстанды жаңаша отарлау саясатының әсіре белсенділері осылайша, ортақ тарихты 18 ғасырға бір-ақ апарсақ деп армандайды. Тарихшының арманы мұндай болғанда, Ресей десе, ұлтыңмен, Отаныңмен қосы орыстың қолына ұстата салуға дайын биліктің арманын ойласаң, жаның түршігеді.
Мемлекеттік хатшының бастамасымен қолға алынған ұлттық тарихты жүйелеу, насихаттау, толық зерттеу ісінің неге аяқ астынан сап тыйылғаны енді белгілі болғандай...

Abai.kz

0 пікір