Жұма, 3 Мамыр 2024
46 - сөз 1942 5 пікір 1 Наурыз, 2024 сағат 19:05

Көзден бұлбұлша ұшқан Балтық…

Сурет Graphic news

Мажарлар Швецияны НАТО-ға қабылдау туралы құжатты мақұлдады. Алдағы апталарда Швеция НАТО-ға еш кедергісіз кіреді, сөйтіп альянстағы елдер саны 32-ге жетеді.

Еее де. «НАТО-ны шығысқа жылжытпаймын» деп еді бір кісі. Сөйтіп өз әрекетімен НАТО-ға қосылуды еш ойламаған финдер мен шведтерді ұйымға қуып тыққандай болды. Балтық теңізі осылайша екі жылдың ішінде НАТО-ның ішкі теңізіне айналып шыға келді. Алыста Кенигсберг (Калининград) Петерборға қол бұлғап тұр дегендей.

Швеция мен Финляндия НАТО үшін майлы олжа. Қуатты экономика, сауатты халық, аз болса да кәсіби арнайы жасақ, НАТО-ның теңіз флотын орналастыруға тиімді заманауи порттар мен базалар, тақтайдай тегіс ұшу жолағы бар әуежайлар, қосымша 16 млн халық деп кете береді. Шведтің әуеде қыранша қалықтаған Gripen ұшақтарының өзі неге тұрады. Айта берсе көп. Бұны стратегиялық олжа дейді, демек біреуге «стратегиялық жеңіліс».

Асхат Қасенғалидың жазбасы

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 599
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 340
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 346
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 350