Сейсенбі, 21 Мамыр 2024
Билік 719 0 пікір 28 Ақпан, 2024 сағат 16:23

Түркістанда дзюдодан жасөспірімдер арасында ҚР чемпионаты аяқталды

Түркістанда «Olympic Center» спорт кешенінде дзюдодан жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасы чемпионаты өз мәресіне жетті.

1709115531976913.jpg

Ел біріншілігіне Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен еліміздің 17 облысынан барлығы 820 спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтады. Жекелей жарыстар нәтижесі бойынша Түркістан облысының командасы 3 алтын, 1 күміс және 1 қола жүлдемен жалпы медаль кестесінде көш бастады. Ал Жетісу облысы 2 алтын, 2 күміс және 4 қола жүлдемен екінші орынға тұрақтаса, Қызылорда облысы 2 алтын, 1 күміс және 3 қола жүлдемен үздік үштікті аяқтады.

1709115433151899.jpg

Қазақстан чемпионатының соңғы күнінде аралас-командалық жарыстар өтті. Барлығы 19 команда қатысқан бәсекеде Қызылорда облысының құрамасы топ жарды. Финалда қарсыласына жол берген Алматы облысының спортшылары екінші орынға тұрақтаса, Шымкент қаласы мен Атырау облысының құрама командалары үздік үштікті түйіндеді.

1709115450643716.jpg

Айта кетерлігі, Қазақстан чемпионаты 2007-2008 жылдары туған жасөспірімдер арасында өтті. Аталған Қазақстан чемпионатының нәтижесінде 2024 жылғы спорт маусымында Азия және әлем чемпионаты сынды әлемдік бәсекелерде ел намысын қорғайтын дзюдодан Қазақстан жасөспірімдер құрама командасы жасақталады.

1709115469780307.jpg

(Суреттер ҚР ашық дереккөздерден алынды)

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2239
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2590
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2557
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1686