Жексенбі, 28 Сәуір 2024
Саңлақ 1727 7 пікір 27 Ақпан, 2024 сағат 16:20

Мамин, Өтемұратов... Головкиннің қарамағында кімдер бар?

Еліміздегі ең басты жаңалық - танымал спортшы Геннадий Головкин Тимур Құлыбаевты ҰОК лауазымына ауыстырғаны болды.

Біреулер – бұны құптаса, келесілері – басқа адам табылмады деп, өз қарсылғын білдіріп те жатты.

Тимур Құлыбаевты ҰОК лауазымына ауыстырылатыны ешкімге жасырын емес-ті. Сол ауыстыратын күн 14 ақпанда мәлім болып, Тимур Құлыбаевты ауыстыратын жан ретінде Геннадий Головкин Қазақстандық боксшының кандидатурасы ұсынылды.

Кеше Головкин ресми түрде ҰОК-тың тізгінін ұстады. Бұрынғы ҰОК президенті осы қызметінде өз алдындағыларға қарағанда тоғыз жыл ұзақ отырғанымен жұрт есінде қалды.

Енді аяңдап Головкиннің командасына кімдер кіретінін сөз ететін болсақ:

Асқар Мамин - қысқы спорт түрлері бойынша вице-президент лауазымына;
Данияр Әбілғазин - жазғы спорт түрлері бойынша вице-президент қызметіне;
Андрей Крюков - халықаралық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі вице-президент лауазымына;
Серік Сәпиев паралимпиадалық спорт түрлерін дамыту жөніндегі вице-президент лауазымына тағайындалды.

Сондай-ақ, атқарушы комитетке Дмитрий Баландин, Болат Өтемұратов және Ербол Мырзабосынов кірді.

Abai.kz

7 пікір