Жексенбі, 28 Сәуір 2024
Әне, көрдің бе? 2060 52 пікір 23 Ақпан, 2024 сағат 12:06

Армения ҰҚШҰ-ға мүшелігін тоқтатты: Пашинянның қатаң мәлімдемесі

Фото: Александр Патрин

Армения премьер-министрі Никол Пашинян Арменияның Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына (ҰҚШҰ) қатысуы «тоқтатылғанын» хабарлады.

Бұл туралы армян үкіметінің басшысы France 24 агенттігіне берген сұхбатында айтты.

«Біздің ойымызша, ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Арменияға қатысты орындалған жоқ. Бұл біздің назарымыздан тыс қалмайды. Біз осы шартқа қатысуымызды тоқтатып қойдық. Енді не болатынын көрейік», - деді Пашинян.

Бұл ретте Пашинян Армениядағы Ресейдің әскери базасын сақтау мәселесі күн тәртібінде тұрған жоқ деп сендірді.

Никол Пашинян сондай-ақ бірнеше ай бұрын Ресей «армян халқын билікті құлатуға ашық үндегенін» айтады. Оның айтуынша, «Мәскеуден келген бұл насихат оған қарсы әлсіреген жоқ».

Пашинян Арменияда жұмылдырудан қашып кеткен ресейлік Дмитрий Сетраковтың ұсталуына алаңдаушылық білдіріп, оны «ұрлау» деп атады.

«Біз өз аумағымыздағы заңсыз әрекеттерге төзе алмаймыз», - деді Никол Пашинян және «егер Ереванның талаптары жауапсыз қалатын болса», «зардаптарымен» қорқытты.

Abai.kz

52 пікір