Сейсенбі, 21 Мамыр 2024
Саңлақ 3306 1 пікір 4 Сәуір, 2024 сағат 16:25

Колумбия: Біз қазақтың тоғызқұмалағын ойнаймыз...

Адамның ойлау қабілетін дамытып, тапқырлыққа тәрбиелейтін ұлттық ойынымыз тоғызқұмалақ – мұхиттың арғы жағында да танымал спорт түрі. Осы зияткерлік ойынды Латын Америкасына алғаш Оскар Фахардо есімді азамат таныстырған, - деп хабарлайды 24.kz.

Ол тоғызқұмалақ туралы тұңғыш рет 2005 жылы білгеннен кейін, оның ережесін интернет арқылы меңгеріп алған. Сосын ағаш шеберіне тоғызқұмалақ тақтасын жасатып та алыпты.

2008 жылы Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясы құрылғаннан бастап Оскар Фахардо Колумбия атынан бірнеше халықаралық сайысқа қатысып, жүлдегер де атанды.

«Бұл ойында мені қатты қызықтырғаны тұздық ережесі. Қарсыластың отауын иемденіп алатын осы бір ерекшелік ойынды нағыз стратегиялық майданға айналдырады. Сондай-ақ, Орталық Азия халықтарының мәдениетімен танысудың тың жолы болғандықтан, әрі жеке федерациясы бар салмақты ойын түрі болған соң қызығушылығым арта берді», - дейді тоғызқұмалақтан 200-ге жуық шәкірт тәрбиелеген Оскар Фахардо.

Тоғызқұмалақ ойнаумен 2019 жылдан бері айналысатын тағы бір колумбиялық азамат Херман Гонзалес ойынның зияткерлік құндылығын жоғары бағалайды. Қоғамдық кітапханадағы тоғызқұмалақ үйірмесіне жетекшілік ететін ол бұл ойынды оқытудың белсенді тәсілдерін қолданғысы келетінін айтты.

«Дәстүрлі оқытудағыдай кітап, дәптермен шектелмей, зияткерлікті дамытатын ойындарды бағдарламаларымызға қосып жатырмыз. Өздері де қызыққан соң мен үйретуден жалыққан емеспін. Бұл олардың ойлау қабілетіне пайдалы. Шәкірттеріммен тоғызқұмалақтан Колумбия құрама командасына қосылып, түрлі жарыстарға қатысамыз. Балалар жүлдемен оралып жүр. Оскар Фахардо рекордын жаңартар мықтыларды тәрбиелеп жатырмыз», - деді ол.

Тоғызқұмалақ федерациясы – Ұлттық спорт қауымдастығының серіктесі. Қауымдастық құрамында «Бәйге», «Көкпар», «Аударыспақ», «Теңге ілу», «Садақ ату», «Жамбы ату», «Құсбегілік», «Асық ату», «JORYQ» ат спорты федерациялары бар. ҚР Ұлттық спорт қауымдастығын белгілі кәсіпкер, меценат, «Altyn Qyran Foundation» Қоғамдық қоры Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Исламбек Салжанов басқарады.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2243
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2597
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2562
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1687