Сенбі, 4 Мамыр 2024
Мәдениет 1573 0 пікір 21 Ақпан, 2024 сағат 12:02

Ай-Қарагөз

Сурет автордың жеке мұрағатынан алынды

Бұл сценарий туралы әлі талай айтылар, жазылар... Бүгінде қазақ киносы қай деңгейде, кімге керек деген сөздер жиі айтылып жатқан кезде осы дүниені қадірлі оқырман назарына ұсынғанды жөн көрдім.

Смағұл Елубай, Мұхтар Құл-Мұхамед, Дидар Амантай, Досхан Жолжақсынов сынды азаматтардың айтқан жылы сөздері шабытқа шабыт қосқандай болды.

Иә, бұл ұлы Мұхтар Әуезовтің «Қарагөз» пьесасының желісінде жазылған. Дидар бауырым айтқандай, тар заманда айтылмаған сөзді бүгін көтеруді жөн көрдік. Оның үстіне, Әуезов экранға шықпағалы елу жылдан асыпты. Кезіндегі «Қараш-Қараш» пен «Көксеректі» түсірген Болатбек Шамшиев пен Толомуш Океев еді. Енді осы дүниені питчингке қосқалы отырмын. Ұлттық дүние халықтың қазынасы ғой. Қазақ елінің сайын даласына алғаш келген «қара шекпендерді» көрсету суреткердің міндеті де борышы деп білемін...

Талғат Теменов

Ай-Қарагөз

(М.Әуезовтің пьесасының желісі бойынша.)
Талғат Теменов

1 САХНА

Дүниенің бәрі ақ боран. Жерде көк те ақ бұрқасынға айналған. Ілгері аттаған әрбір қадамыңды кеудеден соққан жел кері итереді. Үстерінде тон бет-аузын шамдып ораған екі адам  ат үстінде әзер ілбиді. Боранның соққан қаттылығы соншама ат басқан із лезде қарға көміледі.

Алыстан бір үйір қасқырлар жортып келеді. Ортада көкжал бөрі. Бұл осы үйірдің абаданы. Көпті көрген... Нағыз әккі абадан. Боран тек атшылардың ғана емес, дала тазысы қасқырлардың да ізін лезде жасырып кетеді.

Қасқырлар  бір сәт тоқтай қалып алдыңғы аяқтарымен қар шашып,  мына боранда кездескен олжаға тезірек жетсек деген секілді ұлиды.

Ат үстінде әбден тоңған 7-8 жасар қыз қасқырдың үнінен одан сайын есі кетіп қорқып келеді. Біресе артында отырған анасының бауырына тығылып, біресе анасы айтқан сөзді қайталап «Шу, шу жануар» деп ол да айқайлайды. Ат үстінде отырған әйел біресе алдына, біресе артына қарап атын қамшылап «Шу,шу жануар! Ей Алла өзің сақтай гөр!» деп күбірлейді.

Қасқырдың үйірі ат үстіндегі жолаушыларға өте жақындамай алыстан орағытады. Ортадағы Абадан екі көзі жалт-жұлт етіп біресе жата қалып тағы да қар шашады. Әбден шаршап титықтаған аттың көзінің асты мұз. Аузынан шыққан бу лезде жоқ болып, омбы қарды әзер аттаған жануар бір жамандықты сезгендей. Ілгері жүргісі келмейді. Тек амалсыздықтан ілбиді.

Үстінде тері тон, басында түлкі тымақ ұзын бойлы бала жігіт маң далада ақ қармен малтып келеді. Бет-аузы қас-кірпік аппақ мұз болып қатып қалған. Оның иығында шиті мылтық, тақымында шоқпар.  Омбы қарға малшынған қарақоңыр ат әзер жылжиды. Бұл Сырым болатын. Ол алдына бір жан-жағына бір қарап.

– Ей ей еееей ! Кім бар? Қарагөз! Қарагөз қайдасың? –деп айқайлайды.

– Сырым күн суытып барады. – айқайлады екінші атты.

– Қас қарайып келеді. –деді үшінші қара мұртты жігіт.... Оның да қасы мұрты аппақ қар.

– Қасқырлар жүр маңайда. –деді қайта бірінші жігіт.

– Сендер қайта беріңдер! – деп айқайлаған- Сырым. Ол атына қамшы салды да ілгері шапқан. Дұрысы әзер-әзер тартқан. Ақ боран қасқырлардың ұлуына қосылып мына шетсіз-шексіз ақ бозаң даланы қорқынышты күйге бөлеген.

Бір сәт ортадағы Абадан тоқтап аспанға қарап ұлиды да, ат үстіндегі панасыз екі жолаушыға жақындай түседі. Осқырынған аттың көзі аларып, езуіндегі ауыздықты қарш-қарш шайнайды. Әйел де қасқырларды көрген. Ол бір сәт ат үстінен домалап қарға күлп етіп түсті де, қамшымен жануарды тартып-тартып жіберді. Әйел қасқырларға, қасқырлар оған қарады. Олар таяқ тастам жерге жақындаған екен. Бұл кезде олар биік төбе басына көтерілген-ді. Кішкене қыз мойнын созып шарасыз көзіндегі жасы мұзға айналады.  Әйел қолындағы таяқпен аттың басынан төпелей ұра берді. Жылқы шегініп  ілгері ұмтыла бергенде сүрініп барып домалай жөнелді. Үстіндегі қызбен бірге жар басынан төменге құлаған. Аспан мен жер шыр көбелек айналып мынау жарық дүние аппақ тозаңға оранған. Шылбырдан ұстаған әйелде аттың соңынан төменге ұшып түсті. Құлағына тек «Апа!Аппа!» деген талықсыған үн ғана келді.

Мына ғалам аппақ тозаң, аппақ қар шаңына оранған. Тек қана кішкентай қыздың «Апа..Апааа» деген үні ғана мына жер бетіне жаңғырған. Бұл үннен, бұл үрейден тіпті қасқырлардың өзі кейін шегінді. Ақ тозаңның ішінен алдымен есін жиған әйел болды.

– Қарагөз! Қарагөз! Қызым! Қайдасың? –деген айқайлап.

Ат үстіндегі бозбала жігіт бір кезде ертоқымның үстіне қарғып шықты. Ол бір даусымен мына сұрықсыз әлемге айқай салды.

– Қарагөз! Қара  гөөз! Ееееей! Кім бар? Е-е-ей! Қа-арррр-а-г-ө-өөө-зззз!

Тау төбе боп қалған ақ қардың ақ төбенің арасынан алдымен әйелдің басы көрінді. Ол қарды көсіп-көсіп жіберді. Сонан-соң қар астындағы аттың бауырындағы қайыс тартпаны кездікпен орып-орып жіберді. Аттың көзі аларып, танауы желбіреп әзер демалады. Әйел қызын құшақтап  «Қызым! Қарагөз! Аманбысың? » деді. Қыз есін енді жиған. Сосын бақырып жылап жіберді.

– Қорықпа қызым. –деді әйел ентіге демалып. Сосын ол ертоқымды қардың үстіне төсеп, аттың  бауырына тықпалады.

– Қарагөз қызым!- деді әйел даусы қатайып- Сен қорықпа. «Бөрінің тәңірі болса, Біздің Алламыз бар!» - ол үстіндегі тонын шешіп қызының үстіне жапты.

– Мен... Мен қорқып тұрмын.-деді қыз жылап.

– Сен қорықпа қызым. Мен келемін. бірақ сен ешқайда кетпе.

– Апа... Апаааа. сен кетпеші. –деді қыз бар даусымен айқайлап.

Әйел қызына көрсетпей өз білегін өзі осып жіберді де, қызының жылаған даусына қарамай оның үстін қармен көмді. Басындағы қызғылт орамалды қолындағы таяқтың басына байлап жаншыды да, сосын дөң басына тұра жүгірді. Азулары ақсиған қасқырлар әйелдің соңынан ере жөнелді.

Дүние аппақ бозаң, аппақ боран. Қалың қар бетіндегі қылтиған ақселеу мен қызғылт тобылғы ғана желмен бірге майысып сынардай тербеледі.

Бозбала мінген қаракер аттың құлағы қайшыланып осқырынып тұрып қалды. Жігіт қызғылт гүлді орамал байланған таяқты көзі шалды. Ол аттан домалай түсіп сайға қарай малтығып жүгіре берді. Ол қолымен,  етігімен жан ұшыра омбы қарды қаза берді, қаза берді. Міне ол бір сәт қар астындағы қыздың киімін көрді.

– Қарагөз! Қарагөз! Тірісің бе айналайын! – деді Сырым өз көзіне өзі сенбей.

Кірпігі ғана қимылдаған Қарагөздің не тірі, не өлгені белгісіз.

– Тірісің бе Қарагөз?

Қарагөз бірдеңе дегендей ерні ғана жыбырлаған.

– Ей Ақ төбе! Ей Дүние! Қарагөзді кездестірген құдіретіңнен айналдым. –деді жігіт.

– Апппааа...Апппп қққайда? –деді Қарагөз.

Сырым кішкене қыздың бетін. қолын қармен уқалады.

Айнала толған түз тазысы қасқырлардың қақ ортасында жалаң аяқ жалаң бас әйел үнсіз ғана сұрланып тұрды. Білегінен аққан қызыл қан ол жерді қып-қызыл түске бояп тұр.

Т    И   Т   Р   Ы

2 САХНА

Арада 10 жыл өткен соң.

Басынан қар кетпеген тау етегі қарағай мен еменге малынып тұр. Одан төменге қарай сылдырап аққан Ертіс өзені жағасында шұбырған мал. Құлындары кісінеген үйір-үйір жылқы, табын-табын ірі қара. Ал етекте қора-қора қой-ешкі.

Төбедегі жұмыртқадай аппақ киіз үйлер күнмен шағылысып ерекше көрініс береді. Үлкен төбенің басында он алты қанатты киіз үй. Есік алды бақанмен керілген үлкен көлеңке. Киіз үйдің әбзел ою-өрнегі бұл үйдің өзгелерден ерекше екенін дәлелдеп алыстан мен мұндалайды.

Үлкен үйдің төріндегі ағаштан жасалған дәу оюлы тақта жетпісті ауқымдаған кемпір отыр. Қолында аппақ маржандай тасбих. Тасбихтың тартқан әр тасы баяу жылжиды. Әжім басқан ортаңғы саусақта қызыл көк гауһар жүзік. Ол шаңырақтан түскен күн сәулесімен жарқ-жұрқ етеді. Бетіндегі әжім болмаса кемпірдің жас кезінде көрікті болғаны байқалады. Кемпірдің қасында күтуші 2-3 әйел оның ар жағында қара сақалды сауыт киген батыр тұр. Босаға жақта басы жалаңбас, қақшиып қарап отырған еңгезердей ер адам.  Оның ар жағында басы таңулы күзетші жылқышы Әсет отыр. Төрдегі кемпір басын кекшең еткізіп «Сөйле» дегендей ишарат жасады. Ер адам қамшысын алдына тастады.

– Уа қасиетіңізден айналайын Дәу апа! Бүгінде сіз тек қана орта жүздің ғана анасы емес, бүткіл алты Алашқа ортақсыз. Кешегі өткен Домалақ анадай, татардың Сүйінбике ханшасы секілді өзіңіздің әділдігіңіз бен ақылыңыз жер-жерге жеткен кейуанасыз. «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ». Айтпасқа амал қалмаған соң өзіңізге келдім. Көрші ауыл Етекбайдың жігіттері өткен түнде үш айыр жылқымызды айдап кетті. Күзетшілерді соққыға жығып, мына інім Әсеттің басын жарды. Дәу-апа, бізде қалжа жеген анадан туғанбыз. Біз де ата жолын қуған Уақ деген елдің баласымыз.Бұған не дейсіз? Жоқ әлде әруағынан айналайын әкеміз Бақтыбектің көзі кеткеннен соңғы басыну ма? Не шешім айтасыз шеше? –деді.

Кемпірдің қолындағы тасбих тоқтап қалды. Ол басын көтергенде қысық көздері бағжаң ете қалды.

– Есет батыр –деді Дәу апа-Егер айтқаның рас бола мұны көргенсіздік дейді. «Бассыз үйдің иті осырақ.» «Тура биде туған жоқ» Ей, Садырбай –деді кемпір қасындағы сауытты еркекке қарап. –Мына сөзді тыңдасаң... Анау бетімен кеткендерді жауапқа тарт. Тек көзіме көрсетпе. Ел ішіндегі тентекті тыймасаң, төрің де, көрің де былғанады. Бірін қалдырмай ит жеккенге айдат.

Садырбай батыр  үнсіз ғана Есет батырға бір, кемпірге бір қарады да:

– Айтқаныңыз болсын Дәу-апа! –деді.

Дәу апа сосын саусағының ұшымен ишарат етті.

– Ат шабан айып бізден, Есет шырағым арнайы өздеріңе отау тігіп, мал соямыз. Айналайын Әсет балам, бас жарылса бөрік ішінде... Есет батыр Бақтыбектің өнегелі ұрпағы екендеріңді дәлелдеп жатсыңдар! Тәңірі жарылқасын! –деді.

– Аумин  Дәу-апа!

– Дүние тұрғанша тұрыңыз! –деп ағалы-інілі екі батыр беттерін сипаған.

Олар есік алдына шыққанда Садырбай екі батырға бұрылды.

– Ертең бізге қонақ болыңдар. Дәу-апаның немересіне мына Досан елінен құдалар келе жатыр.

– Ұзағынан сүйіндірсін! –деді Есет батыр.

Ауылдың бәрі тойға дайындықты бастап кеткен. Әне біреулер соятын жылқыларын дайындап әлек. Енді біреулер арбамен отын түсіріп, енді бір әйелдер қазанда бауырсақ пісірген көрініс.

Іштегі Дәу-апаға жұпыны киінген қырықты шамалаған еркек имене кірген. Қасында жап-жас ер бала бар.

– Амансыз ба Дәу-апа- еркек иіліп сәлем берді. Жас жігіт жүгіріп барып кемпірдің қолынан сүйіп сосын оны маңдайына тигізген.

– Қай баласың? –деді Дәу апа

– Қасиетіңнен айналайын Дәу апа, мен осы ауылдың жылқышысы Тұрсынбек болам.

– Әәәә –деді Дәу апа- Ана жылқышы Дүйсебектің баласымысың?

– Иә –деді Тұрсынбек. –Мынау менің балам. Бес қыздан соң көрген жалғыз ұл. Талабы жақсы. Қазір кез-келген кітапты оқи береді. –деді терлеп-тепшіп.

– Құлағым сенде. –деді Дәу апа.

– Осы бір жапырағымды оқытсам деймін. Орыстың оқуына беріп Омбыға жіберсем дегем. Бірақ та... менің шамам жоқ.

– Жасың қаншада, -деді Дәу апа жас балаға.

– Онда - деді бала - Дәу апа мен өз бетіммен оқып үйреніп, арабша хат танимын орысшаны да шатып-бұтып оқимын.

– Атың кім? –деді Дәуапа

– Ныспым Жапал-деді бала.

– Дұрыс екен қарағым. –деді Дәу апа.

– Бізге қазір  көзі ашық оқыған жастар керек. Алаңдама балаңды оқуға жіберем. Ақысы өз мойнымда болады.

– Тәңір жарылқасын.-деді Тұрсынбек өз көзіне өзі сенбей - Рас айтасыз ба Дәу апа? Уа қасиетіңнен айналайын! Жамандық көрмеңіз!

Барабер дегендей кемпір ишарат еткенде екеуі кейін шегіншектей берді.

3 САХНА

Қаланың үлгісінде жасалған тарантас офицер формасын киген жиырма төрттегі сымбатты жігіт жан-жаққа қызыға қарайды. Кең жазық дала. Ұшы-қиыры жоқ. Қара жол біресе төбеге көтеріліп, біресе сайға құлап сайрап жатыр.

– Уа Жайнақ. –деді офицер атқосшыға бұрылып- Орыстың жерінде бәрі бар. Не ішем, не кием демейсің. Алайда осы даланы сағындым.

Олардың қасындағы екі жігіт тарантастың жанына келеді.

– Нарша келгенің қандай жақсы болды. Әйтпесе сен келмегелі екі жыл болды. Оның үстіне қолыңа құсың қонғалы тұр. Бұл нұр үстіне нұр емес пе-деді ат үстіндегі Асан. –Дәу кемпірдің немересі Қарагөз ай десе аузы, күн десе көзі бар хас сұлудың өзі дейді.

– Мен көргенде кіп-кішкентай қыз еді ғой.-деді Нарша күліп.

– Жас өспей ме, көкейіңді теспей ме? –деген. Жігіттер қалжыңдасып күле жөнелді. Нарша бір кезде жөтеле берген.

– Бұйырса саумал ішіп, қымыз ішіп, марқаның етін жеген соң , әлі-ақ құлан таза жазылып, жөтелің басылады. –деді Жайнақ.

– Қайран туған жер Арқа... Сені де сағынатын адамдар барын білсең ғой. –деді Нарша.

– Әне!  Ана төбеден соң ауылға жетеміз. Сүйіншімді алайын..–деді де  Асан атына қамшы басқан.

– Уа! Сүйінші! Сүйінші ағайын! –деп айқайлап шаба жөнелді

– Нарша, Нарша келе жатыр!!!

Екінші жігіт те атын тебініп:

– Уа Орынбордан ұлың келеді,  Ағайын! -деді айқайлап.

Нарша қос ат жегілген тарантастың шылбырын қолына алды да түрегеп тұрып

– Шуу жануар, шу деген!

Арбаның дөңгелегі зыр айналып ауылға асыға берді.

4 САХНА

Бұл өңір, бұл маңда көл аз. Негізі ағашы аз шығатын көбінде селеу, жусан мен жыңғылы көп өлке. Есесіне жаңбырлы жазда шөп белуардан келеді. Ақшаңкөл ауыл 40-50 киіз үйлі. Тарантас ауылға жақындағанда алдарынан кішкене балалар көрінді. Қастарында жүгірген ит-күшіктер де бар. Үлкендер әсіресе әйелдер у-шу. Шашу шашып қарсы алған. Нарша үлкен үйге жетпей тоқтаған. Алдарынан ағайын туыс лап қойған.

– Нарша!

– Нарша қош келдің!

– Әбден өзгеріп кетіпті.

– Қандай жігіт болған.

– Жігіттің сұлтаны осындай-ақ болған шығар.

– Пах! Қандай сымбатты! –деген даусытар естіліп тұрды. Әйелдер жеңгелері Наршаның бетін сүйіп құшақтап жатыр. Шынында да офицер киімі, ақ гимнастерка, галифе шалбар, қара етік оған жараса қалған.

Нарша өзін қоршаған ортадан әзер сытылып, анадай жерде тұрған әкесіне сәлем берген.

– Әке! –деді Нарша құшағын жайып.

– Аман келдің бе? –деді ұзын бойлы арық келген 60-ты алқымдаған еркек.

– Шүкір әке-деді Нарша.-Жол алыс тіпті түнделетіп те жүрдік.

Осы кезде анасы құшағын жайған.

– Күнім келдің бе? –деді әйел баласын бауырына басып. –Сағындырдың ғой.

– Мен де сағындым.-деді Нарша.

– Сен кешігіп қала ма деп әбден қобалжыдым ғой. –деді анасы.

– Ішке кір, балам-деді әкесі. –Шай ішейік. Ертең ерте жолға шығамыз. Дәу апаға кешігуге болмайды.

– Құдай бұйыртса сені үйлендіріп немере сүйем деп Алладан күнде тілеймін.-деді анасы. –Ертең құдалық. - Нарша үнсіз тосылып қалды. Бір қызарып, бір бозарды.

Наршаны ел жұрт қоршап үлкен үйге беттеді. 

5 САХНА

Қарагөздің ауылы бүгін ерекше қуаныш үстінде. Жас жігітпен ару қыздар «ақ сүйек» ойнауға кіріскен.

Қарагөз үстінде көгілдір көйлек, иығында аппақ жұқа шәлі. Қасында Ақбала... Қарагөз көзімен біреуді іздеген. Әне... Тапты... Ат үстінде бір сәт Сырым көрінді. Қарагөздің аппақ жүзі ду ете қалды.

– Қане тыңдаңдар халайық! –деді ортадағы қара жігіт. –Мынау ақ сүйек... Кім тапса жеңіс соныкы. Бас жүлдені сол алады.

– Жүлдеңізге не бересіз? –деді жігіттер қалжыңдап.

– Қалаған қызды сүйесіңдер! Солай ма қыздар? –деді ол тағы күліп.

Ел-жұрт шуылдасып жатқанда қара жігіт орнынан тұра жүгірді де қалың ағаштың ішіне кіріп кеткен. Тек даусы ғана естіледі.

– Ақ сүйек! Ақ сүйек! Ақ қошқардың, ақ сирағы бүгін кімге бұйырады. Ал міне лақтырдым. Табыңдар. Қане кім табады?

Қарагөз Ақбаламен қараңғы нуға сүңги берген. Оның соңына Ақбала әзер ілеседі.

– Ақырын... Ақырын жүгірші Көзжақсым...

Қарагөз жүгірген бойы ешнәрсеге қарамай алға зыта берген. Міне ол айнадай көлдің жанына кеп тоқтады. Демін әзер алады.

Дөңгеленген апақ ай көл бетіне шықырайып түскен. Айдын беті жыбырлап, көл үстінде ұшқан құстарды анық көрсетеді. Көл жағалауы қалың қамыс, итмұрын өтпейтін қалың жыңғыл. Бір сәт қамыс сыбдырлап, жалғыз соқпақпен келе жатқан екі адам бастарын бүркеніп алған. Алдыңғысы-ұзын бойлы тал шыбықтай Қарагөз.  Екіншісі-орта бойлы, дөңгелек келген Ақбала. Бір сәт, арттағы әйел, аяқ астыңдағы бұтаққа сүрініп еңбектеп сүрінген.

АҚБАЛА

– Ойбай, көтек... - деді Ақбала

– Тсс жеңеше. Тек шулама. –деді Қарагөз

– Көзжақсым... Бұл не құпия? - деді Ақбала сыбырлап.

– Қазір көресің! –деді Қарагөз

– Бұл менің құпиям. Енді бүгін сенде мұны білетін боласың. Жеңеше мен ғашықпын. –деді Қарагөз сыбырлап.

Қараңғыдағы көл бетінен сусап, үш-төрт үйрек ұшып өтті. Алыстан естілген біреудің дыбысы жақындай түсті. Бұл сырым болатын

– Қарагөз, ару Қарагөз-Ай Қарагөз.- деп жігіт қызға қарай ұмтылған.

Қарагөз оның құшағына құлай берді.

– Сырым, жүрегім! -деп

СЫРЫМ

– Қара түнде күнәнің қақ ортасында жанған шамдай жарығым, мандайдағы жұлдызым. Келші күнім...

Екеуі құшақтасқан қалпы аз-кем тұрып қалған. Сәлден-соң.

ҚАРАГӨЗ

– Сырым, жаным, жүрегім. Түн ұйқымды төрт бөлген барым, бақытым.

Манадан аң-таң болған Ақбала жігітті енді таныған. Танығанда таң қалған. Оның иығындағы төгілген шашына бөркіне сұқтанған.

АҚБАЛА

– Ойбай, масқара! Бетім-ау. Мынау, сонда... ойының ба, шының ба?! Алыстан алты белдің астындағы бөтен біреу ме десем..

СЫРЫМ

– Ақбала, айыбыңды ал, тек жазғырма! Ол – Қарагөз, мен – Сырым. Қарагөздің Сырымнан артық жары болушы ма еді, сәулемнің менен өзге теңі кім?. Мен Қарагөзді құдайдан жылап жүріп тілеп алғам.

ҚАРАГӨЗ

– Жеңеше... сүйгенім Сырым болмаса, мен жалғызбын дер ме едім!? Сенен көмек сұрар ма едім?

Қаракөз Сырымның құшағына кірді.

АҚБАЛА

– Атай көрме, айналайын!... Жұрт естісе, не болады?.. Масқара! Басқа-басқа, мына жол жақсылыққа апармайды. Оның үстіне құдалар келген жоқ па?!

СЫРЫМ

– Менің сүйгеннен басқа жазығым жоқ, жеңеше.

АҚБАЛА

– Білем... Бірақ, менің көңілім екеуіңнің ертеңіне алаңдайды. Жолдарың мұз алдыларың ақ боран...

Ақбала көзін сүртеді.

СЫРЫМ

– Иә Ақбала! (Қарагөзді құшақтап)

Сол-ақ боранда бізді Алла қосқан.

ҚАРАКӨЗ

– Рас бұл сөз жеңеше!Мені Сырым өлімнен құтқарғанда, екеуміз бірге болсын деп арашалаған. Сондықтан да біз бірге болуымыз керек.

Екеуі құшықтасып ұзақ тұрған. Ай да бұлардан ұялып қалғандай, қара бұлтқа мамырлап кіре берген.

6 САХНА

Генерал губернатор қалың орман ішіндегі жазғы шай ішетін беседканың қасында самаурынға от салып үрлейді. Үстінде ақ көйлек бұтында қара шалбар, былғары етік. Үйден европалық стилде киінген әдемі әйел көрінді. Жеміс-жидек салынған табақты алып шықты. Генерал-губернатордың жанында штабс-капитан тұр.

– Мария Васильевна, с вашего позволения, представлю вам штабс-капитана Борейкина- произнес джентльмен, уважительно кланяясь.

– Очень рада, вашему благородию, - ответила дама, склонившись в поклоне.

– Честь моя! - сказал штабс-капитан, делая поклон в ответ.

– Право, Настоящий русский офицер, с богатым опытом сражений на Кавказе и в турецкой войне, кавалер орденов!

– Моя радость, штабс-капитан. Ваши подвиги достойны восхищения!

– Сами видите, ваше благородие даже самостоятельно ставит самовар! - воскликнул штабс-капитан, создавая атмосферу шуток.

– Он такой ваш генерал, упертый как старый дуб, - сказала дама с улыбкой, придавая разговору легкость.

– Ему предстоит отправиться в степь, разгонять там местных мятежников. Они имеют несчатье потерять нашу дружбу - рассказал генерал, выражая преданность службе.

– Не волнуйтесь, ваше благородие, Беспременно сделаю все возможное, чтобы генерал был беззаботен, - заверил штабс-капитан.

– Вы настоящий офицер! Ах, Какая картина!- восхитилась дама.

– Коль настоящий, то я бы не стоял перед вами, миледи. Я бы блаженствовал в обществе молодых старлеток! И каким образом, молодая дама, вы себе представляете идеал офицера? - спросил штабс-капитан.

– Дамы  часто это чувствуют, - ответила дама загадочно.- У нас пылкие сердца.

– Соглашусь, ваше благородие!

– Ну, а теперь самовар закипел. Все готовы к чаю? - предложил генерал, приглашая всех за стол.

– Не согласитесь ли, ваше благородие, пригласить даму присоединиться к нам за стол? - спросил штабс-капитан с учтивостью.

– Неужели милой даме будет интересно слушать разговоры о диком народе и политике? - добавил генерал с ноткой сарказма.

– О, отнюдь, ваше благородие, но я не могла бы упустить шанс попробовать чай из рук генерала. Или же вы желаете лишить меня удовольствия составить компанию милым мужчинам? - ответила дама, подчеркивая свою учтивость.

– Достаточно разговоров, господа и Дамы. Приглашаю вас присоединиться к обеденному столу, - завершил генерал.

– А вы ненароком не забыли, милейший, что вы  сегодня не столь за службой? - посмеялась дама.

7 САХНА

Үлкен тойға ел-жұрт көп жиналған. Кішкентай балалардан үлкен ақсақал-қарасақалға дейін осында. Ортадағы үлкен үйдің алдында Қарагөз ән салып тұр. Туған елмен қоштасу әні. Ән мұңлы да сазды. Бір сәт әнге Сырым қосылған. Ән мына әдет-ғұрып, салт-дәстүрге қарсы шыққан ғашықтардың әуені. Сөзі де, сазы да үлкендерге ұнамаған. Есік алдында отырған Дәу-апаның маңайында күтуші қыз-келіншектер, ағайын-тумалар жүр. Кейуана ән бітер-бітпестен

– Шақырыңдар түге! Сырым келсін! Бүйтіп айтқан әндері құрсын. Менің қызымның тойын ойыншық қылып- деген ашуланып. Үлкендер Дәуапаны оңаша қалдырып басқа жаққа сырғи берді. Екі көзі оттай жанып бұларға Сырым келді.

– Шақырттыңыз ба, Дәуапа?! –деді Сырым қолын кеудесіне қойып беріп.

– Әй Сырым! Осы сенің ішіңде жүрген қандай шер-шеменің бар осы? Атап берші сол арманыңды! –деді.

– Менен не тілейсіз бәйбіше? Нені айтқызбақ боласыз?

– Барыңды айт деймін! Сен кім? Саған осы Қарагөз кім? Соны айтшы.-деді Дәуапа.

– Мен Қарауылдың жігіті.Қарагөз Қарауылдың қызы. Айдай аруы. Ай-Қарагөз.-деген Сырым да.

– Сол ғана ма айтарың? Айрандай ұйып отырған ауылдың, кетейін деп отырған қыздың көңілін бұзуға келдің бе?

– Жоқ, Дәуапа-деді Сырым. –Мен айтсам Қарагөздің сырын айттым. Ішіндегі шерін айтсаң, Кетердегі сыңсуын айттым.

– Әй Сырым әкең өліп, шешең екеуің жетім бала, жесір әйел болып далада  қалғанда қанатыма алып, туысыма шешеңді қосқан едім. Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай өз туысымдай өсіргем. Әлде соны ұмыттың ба?

– Уа Дәуапа ұмытқам жоқ. Оны өлсем де ұмытам ба? –деді Сырым.

– Онда мені бөтен сөз, өсек аяңға қалдырма?! Мен осы ауылдың киесі мен абыройы болам. Мені жерге қаратпа соны айтуға шақырттым.

Сырым бірдеңе айтуға оқтала бергенде.

– Ақылды тентек болар деуші ем баяғыда- Ойланарсың... Менің ұйқым тыныш болсын десең бара ғой, қалқам.-деді.

Сырым үнсіз отырып қалды.

8 САХНА

Тарантастың дөңгелегі шыр айналады. Қос ат жеккен арбаның астындағы ақбақай, ошаған,  қияқшөп, ақбасқурай, жолжелкен сияқты шөптер жапырылып жатыр.  Жеңіл арбамен қос аттың ортасындағы  қайыста кішкентай жез қоңырау мына маң даланың тыныштығын бұзғандай безілдейді. Тарантаста екі адам отыр. Бірі әскери киімді жирен сақал штабс-капитан Боройкок Никифор Евсеевич пен қара сақалды сюртук киген шағидолла тілмаш келеді. Ат айдаған көшір орыс мұжығы.оның басында кепкасы, жағасыз көйлек, жеңсіз күртеше. Олар төбенің басына көтерілген соң аттан жүрісін бәсеңдеткен. Штабс-капитан кең далаға ұзақ қарап көзін алар емес.

– Остановитесь! –деді кең далаға қарап ұзақ көз тікті-деді Никофорр Ефсеевич

– Воистину, это девственная природа. –деді.

Төменде толқып толып  ағып жатқан Ертіс. Жағаның бәрі жап-жасыл ну орман. Атқан күнмен шағылысқан айна көл дерсің. Мамыражай ғажап сурет. Таң шұғыласымен өзен беті қызарып су бетіндегі аө бу мамырлап көтеріледі. Әне бір жерде 5-6 қаз су бетін қанаттарымен сабалап ұшады.

Прямо рукой Щербина написано! деді Шағидолла

– Отсталость — это неискушённость, а национальное бытие. Сколько неиспользуемых земель!

– Позвольте Никифор Евсеевич, но ведь эти люди обитают здесь уже много веков Киргизам и степи хватит. Здесь впоследствии будут обосновываться русские мужики. Русская земля требует больших просторов.

– Земля, как всегда, станет камнем преткновения, штабс-капитан. Уговорить их будет нелегко.

– Для этого и едем. Это поручение самого  генерал губернатора.  Капризная бабка не хуже Боярыня Морозова.

– Если нам удасться эту властную старушку уломать, тогда провинция будет за нами.

– Для этого и мы находимся здесь.   Дипломатия всегда была главным оружием. Его благородия!

Тарантас алға қарай жылжи берді. Тек дүниенің тыныштығын қоңыраудың үні бұзып бара жатты. 

9 САХНА

ИНТ. ҚАРАГӨЗДІҢ ОТАУЫ . КҮНДІЗ

Қазақ үйдің қақ ортасында үлкен шымылдық. Табалдырықтың түбінде үлкен қазанда ыстық су бұрқырап қайнап жатыр. Шымылдық ішінден үш төрт келіншек жүр.

Ақбала Қарагөздің төгілген қара шашын сабындап жуып, шомылдырып жатыр. Төсекте Қарагөздің қалыңдық киімдері бірінен-бірі әсем де көрікті.

Міне зерделі сәукеле... Ақ моншақтар неше түрлі түске бөленіп жалт-жұлт етеді. Қынама бел бүрмелі көйлек, жиегі өрнектелген камзол.

Жарқыраған үлкен шылапшында жалаңаш Қарагөз отыр. Қасындағы Ақбала Қарагөздің төгілген шашын жайып жіберді.

– «Бидайдың барар жері –диірмен» -деген Көзжақсым. Бұл ата-баба дәстүрі. Күйініп қайтесің.

– Алтыға толмай әкемді алдың, жетіге толмай шешесіз қалдым. Неткен сорлы едім. –деді Қарагөз жылап. Енді міне атаған құлындай аттанып барам.

Осы кезде жарықтан алакөлеңкеге кірген Дәуапа шомылып жатқан қарагөзге қырын кеп отырды.. Қарагөз де тосырқап қалған. Әйелдер сөзден тоқтап бастарын иген. Ақбаладан басқалары шегініп есікке беттеген.

Дәуапа

– Қарағым неге жүдеусің? Неменеге босап отырсың? бұл «атаң күйеу, анаң келін болған ежелгі дәстүр. "Ұзағынан сүйіндір" деп тілек тіле қарағым.

Жалаңаш Қарагөздің құлын дене тұрпатына риза болғандай үнсіз қараған.

Қарагөз

– Әже-ау, оның несін ырым қылдың? Әлде бірдеңе айтпағың бар ма?

Қарагөз қолаң шашымен кеудесін жасырып.

Дәуапа

– Иә қарағым айтпағым бар екені рас. Сенде осы қызығын қызықтағысы келмеген жадаулық бар сияқты.  Есіңде болсын мен сенің жолыңда шыбын жаным шықсын деген анаңмын.-деді Дәуапа ақырын.

Қарагөз

– Әже сонша мен не істеппін?-  деді Қарагөз ілулі тұрған орамалға орана беріп..

Дәуапа

– Мен жүдеп барам. Бұл ма еді менің күткен күнім? Қарағым мен оның жай-жапсарын, себебін  сұрамаймын.

Қарагөз

– Неге сұрамайсыз?

Қарагөздің басынан, шашынан аққан су оның аппақ бетін жуып тұрды.

Қарагөз

– Болмаса қызыңның күйін шеше сұрап білсе мін болар ма еді?

Дәуапа

– Жоқ жаным сұрамаймын-деді  Дәуапа. -  Мына тойыңды қуаныш пен өткіз. Жабығып жасытпа мені. Ел басына күн туса ерден бұрын етігіммен су кешер мені ойла.

Сосын Дәуапа басын қойқаң етіп көтерді де, есікке беттей берді.

Қарагөздің қолынан орамал сусып жерге түскен. Бөлмеде одан басқа ешкім жоқ. Тек бөлмедегі білте шамдар ғана жалт-жұлт етеді. Қарагөз екі қолымен бетін басып, тыржалаңаш еңкілдеп жылап тұрды.

10 САХНА

Көлдің жағасында  Сырым мен Қарагөз екеуі көк шөптің үстінде. Сырым Қарагөзді құшақтап сыбырлап сөйлеген.

– Қарагөз, сені кездестірген, сені жолықтырған Аллаға тәубе.

– Жаным Сырым. Есіңде ме мені сен ажалдың аузынан аман алып қалғанда, Аллам бізге бір болсын деген болар.

– Қарагөз, сен менің ылғи ойымдасың. Жатсам да, тұрсам да сені көрем. Көз алдымнан кетер емессің. Мен кейде тіпті есінен адасқан Мәжнүн сияқтымын.

– Менде солай жан Сырым. Есіл дертім сен ғана. –деді Қарагөз. - Енді маған ештеңе де бөгет емес. Сырым  мен атастырылған қызбын. Қанатым байлаулы бозторғай болдым ғой.

– Жаным Қарагөз... Егер сен менің қасымда болам десең ол бөгет болмас. Керек болса мен сені той үстінде алып қашам. Ұшса құс қанаты жетпейтін, шапса ат тұяғы тозатын алыс жаққа кетеміз. –деді Сырым.

– Сендей арда жігітпен мен жер түбіне кетуге дайынмын. Қол ұстасып жүре берсем болғаны..

Сырым қызды құшақтай.

– Жаным Қарагөз –деді

– Сырым сені маған Алла жолықтырды. Сенен басқа маған ешкімнің ортағы жоқ. Естисің бе ортағы жоқ.

Екеуі құшақтаса берді.

11 САХНА

Қалыңдықтың отауы.  Іште үлдемен-бүлдеге оранған Қарагөз. Қасында Ақбала мен бірге тағы да екі үш қыз бар. Сыртта ит үріп ел-жұрт шулап кетті. Осы кезде кішкентай қыз жүгіріп келген.

– Құдалар! Құдалар келді. Күйеу де келе жатыр.

Қарагөздің қасында қыздар улап-шулап сыртқа жүгірген.

– Сенде бара бер жеңеше. –деді Қарагөз Ақбалаға.

– Иә барып құдаларға  арқан тарту керек қой.-деп ол да сыртқа жүгіре жөнелді.

Қарагөз басындағы сәукелесін шешіп киіз үйдің жақтауынан сығалаған.

Әне алдыңғы топ құдаларға арқан керіп ел-жұрт шулап жатыр. Әне құдалар болу керек. Үш төрт кемпір шал Дәу апамен өзге үлкендермен құшақтасуда. Әне домбырасын ұстаған Асан сал. Әне әне сол Нарша. Басын салып имене басады.

Қарагөз орнынан тұрып төсегіне барып қисайған. Жүзі балбырап, шарасынан шығардай ботадай көздерінен шыққан мөлдір жасы жастыққа тарс-тарс тамған.

12 САХНА

Айнала қоршаған жұрт бір топ қыз-келіншек құдаларға арнап «Келіншек » биін билеген. Бәрі де әдемі, бәрі де нәзік. Билері де ғажап. Би біте бергенде Нарша қасында Асан мен екі-үш достары бар төбе басындағы Дәуапаға иіліп сәлем берген. Кейуана Наршаға баппен қарады.

Сосын:

– Айналайын Нарша. Енді Қарагөзім де бір, сенде бірсің. Сенде менің бір баламсың. Жо-жоқ сен қазір еліңнің есті ұлысың. Өмір жастарың ұзақ болсын. –деді Наршаның маңдайынан сүйіп. –«Болар елдің баласы он үшінде баспын дер, Болмас елдің баласы отызында жаспын дер» Сенің сонау Петерборда оқып білім алғаның қара домалақ қазақ балаларына үлгі болады. Тфай тфай тіл көзім тасқа. Мен саған ризамын балам.-деді Дәу апа.

Үбірлі-шүбірлі болыңдар.

– Дәуапаның айтқаны келсін.

– Әй азаматым-ай. Мың жаса!

– Сендей ұл берген әке-шешеңнен айналдым.

– Бағың жансын!

– Біздің Қарагөзге нағыз лайық екен! –деп ел жұрт шуылдай берді.и

– Кемпір шешенің содан артық не тілегі бар.

– Бәрі Аумин-деп жатты,

– Рахмет әже..Сіз тек Қарагөз екеумізге ғана емес, бүкіл Өсер, қала берді Арғын, Найманға пана болған кейуанасыз. Сіздей бәйтерегі бар біз бақыттымыз. –деді Нарша.

– Көп, Жаса айналайын! Бақтарың жансын! –деді Дәуапа.

Ел-жұрт қосыла шуылдады. 

13 САХНА 

НАТ. КИІЗ ҮЙДІҢ СЫРТЫ. АУЛА. кеш.

Екі қонақ мінген күйме арба қараңғыда жотаға көтерілген. Алдарында әр жер әр жерде, жанған отпен қазан ошақтың басындағы ер әйелге толы ауыл көрінді.

Атарбаға жегілген қос ат тоқтаған. Саулымдары ақ көбік. Жолаушылардың шаршағандары жүздерінен көрінеді.

ШАҒИДОЛЛА тілмаш

Вот и мы приехали.

ШТАБС КАПИТАН

Для начала стоит набить брюхо до сыта…Война войной, а обед по расписанию. –деп күлді.

Осы кезде ит ұрып, алдарынан сойыл ұстаған екі жігіт көрінді.

1 ЖІГІТ

Кім боласыңдар ? - деді.

ШАҒИДОЛЛА

Біз Орынбордан шыққан құдайы қонақпыз. Мына кісі Боройкок мырза.

Генерал губернатордың өзінен келеді

2 ЖІГІТ

Ааа онда жөн екен.-деді.

ШАҒИДОЛЛА

Бізге әлгі Дәу апа, Болыс апа керек.

ЖІГІТ

Құтты қонақ келсе, қой егіз табады деген.-Жүріңіздер! –деді.

ШТАБС КАПИТАН

(ашуланып)

Какой баран?

ШАҒИДОЛЛА

Нет, он о другом...-деді ол Штабс-капитанға сосын жігітке:

– Бізді сол болыс кісіге апарсаңыз.-деді.

Аттылы кісі екіншісіне иек қаққанда, ол шаба жөнелді.

ЖІГІТ

Жүріңіздер, қазір тоқтап дем алыңыздар. Дәу апаға хабар кетті. Ол  кісі өзі айтады.

Тарантас пен аттылы жігіт, иттерді шулатып ауылға беттеді.

14 САХНА

Нарша қасындағы жігіттермен оған тігілген отауға жақындағанда іштен Сырым шықты.

– Қайындап келген, қаладан келген бай баласы бармысың?  -деді Сырым. Наршаны кекетіп. –Үстіңдегі орыс киім, өгізге жапқан алашадай ма? Қалай?

– Қонақ келсе құшағын жаяр, қазақтың салтын ұмытқан, қабаған иттей азуын көрсеткен, адуынды азамат, армысың?! –деді Нарша.

Сырым сөзден тосылып қалды.

– Азаматтың алтын басын киіміне емес, ақылына қарай бағалайтын дәстүрді неге ұмыттыңыз?!-деді Нарша.

– Дәстүр салтты  орыстағы сендер ұмытпасаңдар, ел іші алтын бесік біз оны білеміз. – деді Сырым.  -Сөзің дұрыс, ісің бұрыс –бай баласы. Одыраңдап, оқшауланбасаң қатынсыз қалам дейсің бе? Болмаса оқығаның осы ма?

– Қатты кеттің қайын жұрттың қараушысы. Бай баласы болсам- бағым болар... Одан не кінә таптың? Оқығаным олжам болар... Қараңғы қазақ көгіне, өрмелеп шығып күн болам... Күн болмағанда кім болады?-дейтін ұлан мен болам. Таныспай жатып, тепсініп тұрсың. Көкейіңде қызғаныштың күйігі бардай не болды қайын жұрт? –деді Нарша.

– Қызғансақ  қызғануға тұратын қарындастың қамы да.

– Қарындастың қамы ма, қатындастың қамы ма?  Оны уақыт көрсетер. –деді Нарша.

– Иә-деді Сырым да. –Оған уақыт төреші.

15 САХНА

НАТ. АУЫЛ. түн.

Ортада лаулап жанған үлкен от. Отты қоршаған атты-жаяулы қызбен жігіт. Оттың бір шетінде үлкен бақаннан жасалған алтыбақан. Мықты арқанға орнатылған әткеншектің үстінде қыз бен жігіт. Мына түнгі көріністі, үрген ит пен кісінеген жылқылардың үнін бір сәтке ұмыттырған нәзік те әдемі қыз әні. Қарагөздің балбыраған жүзі түнгі оттың сәулесіне шағылысқан бота көздері, үлбіреген еріндері ашылғанда мына мұңлы да, назды қоштасу әні бүкіл әлемге , тіпті сонау көктегі жұлдыздарға жеткендей. Сонау көктегі жеті қарақшы мен сансыз жұлдыздар да бір сәтке сұлудың әніне құлақ түріп, құлап кетердей жақындаған.

Алтыбақанның арқасын тергеп тұрған Сырым бір сәт Қарагөз айтқан әннің қайырмасына қосылған. Бұл бірі-бірі іздеген, жоқтаған, таба алмаған, алайда төзімдері таусылмаған, танылмаған ғашықтар жыры еді. Ақбала,  Асан оларға еріп келген үш төрт жігіт,  Нарша бұл көрініске тосырая қарады. Ән де, Қарагөз де ғажап. Қарагөзден көзіңді алмай, мына сиқырлы әнді тындай бергің келеді. Алайда оның қасында сымбатты әрі әнші Сырым тұрған.

АСАН САЛ

(сыбырлап)

– Мынау, Сырым сал. Осы Өсердің сал серісі, ақыны, батыры... Қарагөздің туысы.

– Көрдім –деді Нарша.

Жанған оттың ұшқыны түнгі көбелектермен бірге күйіп жанып жерге сытыр-сытыр құлап жатты. Наршаның бар есіл-дерті ән салған Қарагөз, ару Қарагөз, Ай Қарагөз.

НАТ.АУЫЛ.

Асан жанында бір жігіт бар. Алтыбақаннның қасында ән салып тұрған Қарагөздің жеңгесі Ақбалаға жақындаған.

АСАН САЛ

– Ақбала құдаша, Қалайсың?-деді өзімсініп.

АҚБАЛА

Сыңғырлап, Күлгендей екі көзі жанып әдеміленіп кеткен.  

– Шүкір. Алтындай қызымызды өздеріңе ұзатқалы отырмыз. Ертегідегі хор қызыда менің Көзжақсымнан артық болмас.

Асан оны ымдап шақырып, қолына алтын білезік салды.

Асан сал

– Алтын қызды аялаған, алтын құдаша мынау саған

АҚБАЛА

– Бұл не көтек?!

(Мынандай сый-сыяпатты көргенде есі шығып кетті)

– Мынау алтын ғой.

АСАН САЛ

– Енді Ақбала сенің өзің де алтын, сөзің де алтын. Алтын қызға, алтын ғана жарасқан. Жалғыз ғана қолқам бар.

Ақбала  тосылып қалды.(пауза)

АСАН  САЛ

– Бұл сенің еңбегің сенің адалдығың, ақ көңілің, ақ ниетің, ақ қадамың. Ал мынау: Ол дәу қоржыннан алтын сырға шығарып:

– Мыналарды қасыңдағы абысындарға берерсің.

АҚБАЛА

(Осыншама алтын күміске есі шығып)

– Бұл ненің ақысы? Мынау тіпті көп қой.

АСАН  САЛ

– Оқасы жоқ. Сен ақылың бар әйелсің. Дәуапаның абыройы сендердің абыройларың ғой...

Асан мен Ақбала оңаша шығып ұзақ күбірлесіп тұрған.

16 САХНА

Алтыбақаннан көз алмай тұрған Нарша. Оның есіне Қарагөз түскен.

Күн көзі бүгін ерекше ысып тұр. Төбеде шырылдаған бозторғай үні естіледі. Маңайдың бәрі қып-қызыл, ойда төбеде сайда қырда қып-қызыл қызғалдаққа бөленген. Бәрі де жаяу. Бәрі де бүгін ерекше киінген жастар. Қарагөздің үстінде көгілдір камзол, аяғында етік. Қасында Нарша оның да үстінде ақ көйлек, жалаңбас. Бұтында қара шалбар.

- Қарагөз-деді Нарша жан-жағына жалтаңдап, - Мен ертең жүрем... Орынборға... Оқуға.

- Жолыңыз болсын! –деді Қарагөз сықылықтап...

- Ауминь, айтқаның келсін. –деді Нарша.

- Бір татардың қызын алып келерсіз? –деді Қарагөз ойнақшып.

- Неге? –деді Нарша

- Оқуға қалаға барған балалардың көбі татардан әйел алып жатады емес пе?

- Жо-жоқ-деді Нарша.-  Мен өзіңе атастырылған жанмын.

- Нарша менің кінәм ешкімге ұқсамаймын. Кейде тіпті содан қорқам. Менің көңілім шыныдай. Бір морт кетсем шорт сынам. Ешетеңеге қарамаймын. Көңіліме қарамаған жан болса... Аттаймын да жүре берем... Соны ұғын...

Осы кезде бұларға қыздар қыздар кеп шуылдаған олар  Наршаны қоршап алтыбақанға сүйрей бергенде  қойнынан күміс шаша берді.

17 САХНА

ИНТ. ҚАРАгӨЗДІҢ отауы.  КИІЗ ҮЙДІҢ ІШІ. ТҮН ОРТАСЫ.

Бұл ұйқысыз түн еді. Үстіңде жұқа жеңі жоқ ақ көйлекті Қарагөз ұзақ жатты да, аунап түсті. Шаңыраққа қараған. Төбеден бір жұлдыз ағып түсті. Қарагөз тағы да дөңбекшіген. Ұйықтамаған себебі сонау алыстан Сырым салған әуен оның жүрегін тыныштандырмады.

Жүрегім құс боп ұшып кетті ау бірге,

Жылатып жалғыз қалай қалып барамын, Дариға Дәурен.

ИНТ. ДӘУАПАНЫҢ ҮЙІ .КИІЗ ҮЙДІҢ ІШІ. ТҮН.

Маржан да құс жастыққа сыймаған тәрізді. Мына әуен, мына ән... Сырым салған сазды әуен оны ұйқысынан бөлген... Кемпір әрі-бері аунайды. Болмаған соң отырып, тасбихын қолына алады. Алыстан келген әнді тыңдағысы келмей, жастыққа басын қайта тықты.

НАТ. ДАЛА. ТҮН ОРТАСЫ.

Ат үстіндегі Сырым домбыраны қайта-қайта сабалап Сабынды көлді айналы шауып барады. Дала, тау іші, орман, көл тіпті аспандағы жұлдыздар Сырым салған әуенге елтіп қалған.

Оның әніне алыстағы қой баққан қойшы да, жылқы күзеткен жігіт те құлақ түрген.

ИНТ. КИІЗ ҮЙДІҢ АЛДЫ. ТҮН ОРТАСЫ.

Мына есік алдында аяқ қолы байлаулы алты жігіттің қасында әйел балаларын құшақтап, аймалап,  біреулері көз жасын сүртіп, олар да ұйықтай алмады.

ИНТ. АҚБАЛАНЫҢ отауы .КИІЗ ҮЙДІҢ ІШІ. ТҮН ОРТАСЫ.

Қасындағы пысылдап жатқан күйеуінің ұйқысын бөлмей, Ақбала да мына әнге құлақ түрген. Ол бір сәт жастығының астындағы алтын білезікті қолына тағып күлімдеп жатты.

НАТ. ДАЛА. ТҮН ОРТАСЫ.

Сал  Сырым үстіндегі ақ көйлек ат үстінде кең дүниеге сыймағандай мына ғажап әнді қоштасу әнін Қаракөзге арнап, алыстан ғана мұнаяды.

ИНТ. НАРШАНЫҢ КИІЗ ҮЙІ. КИІЗ ҮЙДІҢ ІШІ. ТҮН ОРТАСЫ.

Нарша да ұйықтар алар емес. Сырым салған әнге ол да құлағын түрген. Ән ғашық жанның, сүйген жүректің жан сыры, шері. Нарша басын көтереді.

ИНТ. қонақ ҮЙ. ТҮН ОРТАСЫ.

Үлкен төсекте ақ көйлегі ашық-шашық, жалаң аяқ, жалаң бас штабс-капитан жатыр. Кішкене. дөңгелек үстелдің үстіңде толы тамақ: ірімшік, құрт. Жанында тек сорайған дәу сары бөтелке самогон тұр. Жартылай ішілген стол үстінде шыбын-шіркей құжынап жүр. Тіпті олар штабс- капитанның  бетіне, мұрнына қонған. Бірақ ол оған мән бермей, қорылдап ұйықтап жатыр.

18 САХНА

ИНТ. КИІЗ ҮЙ. КҮНДІЗ.

Айнала аппақ. Шаңырақтың төбесіндегі күн сәулесі білеу-білеу боп бозаң жол боп көрінеді. Үстінде аппақ көйлек-дамбал киген кейуанаға бір сәт күн күркіреп найзағай ойнаған сәтте, үлкен қара құс айналып кеп шаңырақтан ақ төсекке төнген. Қара құс иілген тұмсығымен кейуанаға бас салған. Дәуапа атып тұрып қара құспен алысып жатыр. Қара құстың тұмсығы кемпірдің көзіне, бетіне ұмтылады. Көзін ойғысы келеді. Кемпір бар жан-тәнімен құстың тұмсығынан ұрғандай болады. Бір сәт қара құс кемпірдің қолындағы жүзікті ет-метімен қан-жоса етіп жұлып алып жоғарыдағы шаңырақтың күл паршасын шығарып ұшып кетеді.

Дәуапа

– АААааааааа-

( деп кейуана шошып оянған.)

– Иә, Аллам. Бісимиллә, Бісимиллә.

ДӘУАПА

(-деп есіктен Дәруіш әйелді көрген.)

– Дәуана, дәуана не болды сізге?-

( деді әйел алқына.)

Оның мойны,қоныш-қолтығы толған салпыншақ заттар, ......

– Бісмиллә-

(деді әйел сасып қолындағы құмыраның суымен кемпірдің бетіне )

– Тфууу, убшу Бисмиллә, Бисмиллә....

ИНТ. КИІЗ ҮЙ. таң.

Үсті басы, шашы қобыраған кейуана әзер дем алады. Кеудесі бір көтеріліп, бір басылады.

Дәуапа

– Әй Дәруіш қатын! Мен бір жаман түс көрдім.

ДӘРУІШ КЕМПІР

– Әу Дәуана сен түсіңде қара құсты көрдің. Жаман құс жаныңа батар жамандық етті. Бір қымбатыңды алғанмен, өзіңе әлі жетпеді. Шүкір... Аман қалдың.

ДӘУАПА

– Иә қара құзғын. Көзі неткен қорқынышты еді құзғынның.

ДӘРУІШ  КЕМПІР

– Дәуана. Қара қошқарды құрбандыққа шал. Жеті шелпек таратқын. Үлкен үйірдегі қасқа қара құлынды бауызда осымен кетсін Дәу ана.

(Кемпір бір жұтым су ішкен.)

ДӘУАПА

– Түсім жаман Дәруіш.-деді Дәуапа әзер демалып.

ДӘРУІШ КЕМПІР

– Дәуана ел іргесі бұзылмасын. Есіл мен Нұраға басқа кәпір шоқынғанда -атай салмасын де... Ертіс-ана былғанбасын.

ДӘУАПА

– Жағыңа жылан жұмыртқалағыр... Не көкіп тұрсың. -деді Кейуана көзі бадырайып.

ДӘРУІШ КЕМПІР

– Мұны мен емес, мына құрғыр қу жауырынның айтқаны. -деді Дәруіш.

– Болды жата ғой Дәуана, мен дем салайын.

– Сүфф,суф -деп қолындағы кесенің суымен кемпірді үшкіре берген.

19 САХНА

Нарша ат үстінде.

Нарша отауынан шыққанда бір топ жігіт аударыспақ ойнап жатқан. Асан мен құдалар жағындағы жігіт екеуі алысқан. Көп ұзамай Асан құлап түсті. Көзінен от шашып, жүзі бозарып кеткен Асан.  Ел жұрт күлкіге бөленген. Осы кезде Нарша Асанның атына қарғып мініп кетеді....

Ат үстінде айнала бір қараған.

НАРША

– Кәне, кім бар? Қайындарым бар ма екен?

Осы кезде үстіндегі шапанын шешіп, Сырым алға шықты. Ол да өз атына мінді. Міне екі жігіт, екі бақталас бірінен-бірі, жүзбе-жүз, бетпе-бет кездескен. Олар екеуі де ақ көйлекпен бірі ақ боз атта ,  екіншісі қоңыр атқа мінген. Екі аттың ауыздықтары қарш-қарш етеді. Екі білек, бірімен-бірі ұстасқан. Нарша Сырымнан, Сырым Наршадан көзін алмады.

НАРША

– Сырым, Сыртыңнан саған қанық ем. - деді ол Сырымның білегінен қапсыра құшақтай. –Өткен жолы таныспай жатып бас салдың.

СЫРЫМ

– Ер шекіспей-бекіспес. Сені жұрт орысша оқыған өркөкірек деуші еді... Сөйтсем, сен де өзіміздей өр кеуде азамат екенсің Нарша.

НАРША

– Сырым, сенің сымбатыңа, сенің серілігіңе мен дән разымын. Алайда, тағдыр бізді бір өзеннің екі жағасына  жазған екен. Екі жаға бір өзен.

СЫРЫМ

– Егер ортамызда  Қарагөз тұр демесең, сен нағыз дос болуға жаралған жан екенсің...Амал қанша? Артық айтсам айып етпе.

НАРША

– Сырым, дәл айттың. Екеуміз неге ертерек кездеспедік осы? Мына шуылдаған ел-жұрттың сөзі болмаса... Нағыз дос болатын жігіт екенсің.

СЫРЫМ

– Нарша, сен ештеңеге алаңдама.  Қарагөз сенің атастырылған жарың емес пе? Сендер адамның алдында да, Алланың алдында да атастырылған ерлі-зайыптысыңдар.  Оған ешкімнің ортағы жоқ.

Сырым Наршаны құшақтай берді.

20 САХНА

НАТ.ДӘУАПАНЫҢ ҮЙІ.

Үй. Төрдегі орындықта Дәу апа жалғыз. Қарсы алдында Штабс-капитан мен тілмаш отыр. Штабс-капитан қалтасынан ұзын  мундштук шығарып сигаретін тұтатпақшы болып еді. Дәу апа қолымен ишарат етті.

– Бұл шаңырақты жаман иіспен былғамас болар. –деді. Тілмаш капитанға аударғанда ол сигаретін жинап.

– Прошу прощение, госпожа. - деді. Сосын тағы да үнсіздік орнады.

– «Былай жүрсе өгіз өлер, былай жүрсе арба сынар» зар заманға кездескен екенбіз. Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламадан жыласақ та сынбаған ел едік. Бұл біз үшін үлкен қатер, үлкен сын. Алайда өзгермейтін өктем бұйрық, жаңылмайтын жаңғырық болмайды. Қой екеш қой да бауыздарда маңырайды. Біз ойланайық. Мұрсат беріңдер! –деді Дәуапа.-Хабарын өзім айтам - Кемпір саусағын жоғары көтере бергенде екі қонақ есікке жөней берді.

– Это указ его Величество самого царя! –деді штбас-капитан орнынан көтеріле. Тілмаш аударғанда Дәуапа үнсіз отырып қалған

21 САХНА

НАТ. ЗИРАТ БАСЫ. КЕШКЕ ТӘМӘМ.

Тау төбенің басы. Алыста жылжып аққан ерке Ертіс. Бойжеткеннің шашындай алыстан ағараңдап-ирелеңдеп көрінеді. Дәу апа  қолындағы таяғы үлкен ескі мазардың түбінде отыр. Ескі қорымдарды шөп басқан. Жаңбырдан судан мүжілген көне зират. Дәуапаның қасында шоқша сақалды Молда, Есет батыр, Ақбала және екі үш күтуші әйелдер. Молда әруақтарға арнап құран оқып аяқтағанда бәрі бет сипаған.

ДӘУАПА

Содан өзіне ме, өзгерлерге ме, жай ғана күбірледі.

ДӘУАПА

Ертістің бойы ен тоғай,

Ел қондырсам деп едім.

Жағалай жатқан сол елге

Мал толтырсам деп едім.

Осы кезде аттарын жетелеп, бір топ ақсақал қарасақал көрінді. Олардың соңында үсті басы жыртылған, қанның ізі қалған арқанмен байлаулы алты жігітті алдына салған күзетшілер көрінді. Есет батыр елеңдеп жан-жағына қараған. Қылышын жөндеп тексалп алды.

АҚСАҚАЛДАР

– Амансыз ба, Дәу апа?...Жақсысыз ба, Дәу апа? Айып етпеңіз, апа?!

ДӘУАПА

(жақтырмай)

– Иә, бұл не жорық? Басқа жер таппай енді мына бейіт басына келдіңдер ме?

БІРІНШІ АҚСАҚАЛ

– Дәу апа, ел басына күн туып, тебінгіден тер шауып, қабырғадан қар жауып, тар өткелге келгенде масқара болдық. Ат шабан айыбымыз бар, соған келдік.

ДӘУАПА

– Батыр десем белге шықпай ойды ойнақтар бейбіл екен. Азамат десем ауыл үйдің тентегі екен бұлар. Төңірегінде торыған жауды көрмей, жағаласар жауың жақының болыпты... Соған қарным ашады. Сол себепті

Дәу апа (кідіріп барып сөзін жалғайды)

– Еркек тоқты құрбандық деп шештім. Кетеді бұлар ит жеккенге...

АҚСАҚАЛ

(Ақсақалдың көзінен жас ыршып кетті)

– Айтқан сөздің бәрі рас Дәу апа. «Бас кеспек болса да тіл кеспек жоқ» Дәу апа!

Дәуапа үнсіз қалды. Қолындағы тасбих күн көзіне жалт-жұлт етіп жарқырайды. Әжім басқан әр саусақ  дірілдейді.

ТАРЛАН БИ

– Дәу апа, әулиеге ат айтып, қорасанға қой айтып бала тілеген бөтен емес - Уақ деген бауырыңбыз. Алайда, біз мына ит жеккенге кеткен алты жігітке жыламаймыз. Осылармен бірге кетіп бара жатқан қырық жігітке жылаймыз.

ДӘУАПА

(алды-артына бір бұрылып)

– Қайдағы қырық жігіт?! Әлде есеңгіріп есептен жаңылдыңдар ма?!

ТАРЛАН БИ

– Жоқ, Дәу апа! Мен айтсам, көрген білгенімді айтатын Тарлан бимін, оны өзіңіз білесіз. Мен мына алты жігіттің белінде кететін, әр қайсысы кем дегенде жетіден болатын баланы айтамын. Қырық жігіт дегенім осы. Дәу апа онсызда тарыдай шашылып, бидайдай тоз-тоз болған елміз.

Дәуапа орнынан тұрды. Қолымен ишарат жасағанда бәрі кеткен.Тек Есет батыр ғана үнсіз оның қасына келді.

ЕСЕТ БАТЫР

– «Күйі бірдің күні бір» деген Дәу апа! Сөзге тоқтаған ел едік. Сіз кешсеңіз мен кештім Дәу апа! Әмір сіздікі. –деді ол да жылыстаған.

Жұрт бірте-бірте ығысып, түгел таусылған. Дәу апа көне мазар түбінде көз жасына ерік беріп, жылап жіберді. Ішіндегі ашу-ыза шарасыздықтан жан-дүниесі жан ұшырып еңіреген.  Күннің батқан сәулесі Кейуананың  көзіндегі жасын қып-қызыл етіп көрсеткен. Бұл өз қолын өзі кесе алмаған, қанша әділ болғанмен жылап тұрған ана жүрегі. Нәзік әйел табиғаты еді.

22 САХНА

НАТ. КИІЗ ҮЙДІҢ СЫРТЫ. ТҮН.

Үрген ит пен кісінеген жылқылардан басқа тып-тыныш. Ауыл кешегі құда күтуден соң шаршаған шалдыққан іспетті. Киіз үйден алдымен сыртқа Тілмаш Шағидолла сонан соң жүре киініп, асыға шыққан Нарша көрінді. Наршаның үстінде әскери киім, подпоручик мундирі, аяғында жарқыраған қара етік, басында фуражка, лампасы алтын сияқты сары түсті, қара көк галифе шалбар, иығында алтын шашағы шашыраған дөңгелек пагон. Ақ көйлегі өзіне жараса қалған.

ШАҒИДОЛЛА

– Нарша мырза бұл бұйрықты генерал-губернатор Кохербякердің өзі тапсырды. Ертіс пен Есіл, Нұра ар жағындағы Жетісу өзендерін қоныстанған қазақтар үш айдың ішінде, ата-қонысын тастап, өрге көшуі тиіс.

НАРША

(Жақтырмай)

– Сонда қазақ қайда барады?

ШАҒИДОЛЛА

– Қазақтың жері кең ғой. "Кең болсаң, кем болмайсың. " деген мақал сіздерден қалды емес пе?

НАРША

– Бүйткен мақалыңның әкесін....-деді.

– Император бұл бұйрықты біле ме ? –деді Нарша өңі қызарып.

ШАҒИДОЛЛА

– Әрине. «Крепостное праваны жою» туралы жарлықты өзі шығарды ғой.

НАРША

– Әй, тілін шайнаған тілмаш. Біле-білсең кешегі өткен кіші жүз Қарауыл Қожа Бабажанұлы, Аббас Кашайұлы, Лаубай мырза, ол аз десең Саржан би мен Кенесары не үшін бастарын бәйгеге тікті?! Осы қара қазан қара сирақ баланың болашағы үшін құрбан болған жоқ па?!

Әлде қазақ даласында төгілген қан аз ба? Жо-жоқ - деді Нарша.

– Мен мұны жәйдан-жәй қалдырмаймын.

Шағидолла мен Нарша үлкен үйге бет алған.

Олар бұл арада Дәуапаның Отауына жақындады.

ИНТ. ДӘУАПАНЫҢ ҮЙІ .КИІЗ ҮЙДІҢ сырты.

Есік алдында Дәуапа тұр , өңі суық. Қолында генералдың хаты бар

Есік алдында Дәуапа тұр , өңі суық. Қолында генералдың хаты бар

ДӘУАПА

– Қарағым Нарша шалқайып жатар жағдай жоқ. Мына қалың ел ұйқыда. Қашан оянары белгісіз. Қоныстың да қонысы бар сонысы бар. Оның да құласы бар торысы бар. Малға жайсыз қоныс дауынан ұрыс, Малға жайлы қоныс –ырыс еді. Енді осы ата-бабадан қалған жерді тастап Арқаға кетсін дегені не сұмдық? Қазақты момын деп жүндей бермесін. Біз жетімін жылатып, жесірін қаңғыртпаған, ата-бабаның зиратын тастамаған елміз. Айтқанды тыңдап ақылға келмесе қан төгілері хақ. Соны жеткіз Орынборға.

Нарша хатты қолына алып ұзақ қарады. Ауыл жаққа бір көз тастады.

НАРША

– Дәу апа айтқаныңызды түсіндім.

Дәуапа.

– Қарағым Нарша! Мына бала Тұрсынбек деген жылқышының баласы. «Оқимын»  деген талабы бар екен. Шаруаңды бітірген соң осы баланы оқуға орналастыр. Ақысын өзім төлеп тұрам. Кедей кепшік бола ма? Бай баласы бола ма? Біздің елге өзіңдей көзі ашық, білімді жастар керек.

– Түсіндім, Дәуапа! Оған алаңдамаңыз! –деген Нарша.

Ел-жұрт Наршамен кішкентай Жапалды жыласып шығарып салды.

ДӘУАПА

– Сен ертеңгі ештеңеге алаңдама. Мына мәселені  шешіп кел. Той алда. Оған дейін Қарагөз де жолыңа алаңдайтын болады.

Нарша күймеге қарқып мінген. Қасындағы үш-төрт жігіт достары да аттарына қамшы басты.

23 САХНА

Үлкен тарантас , үлкен жолда келе жатты. Нарша қасында кішкентай Жапал. Нарша тарантаста отырған кішкене бала Жапалға:

– Жапал, -деді- сен енді осы қалада оқисың  білім аласың. «Ауылды сағындым, елімді сағындым»  деп кетіп қалма. Оқуыңды жақсы оқы. Тіл үйреніп алған соң. Сен үшін еш қиындық болмайды.

– Оқимын! –деді Жапал. Мен сіз сияқты болғым келеді.

– Азамат! –деді Нарша. –Егер елдің балаларының бәрі сен сияқты болса, біздің еліміздің ертеңі жарқын болар еді.

Тарантас кең далада зымырап кете берді.

24 САХНА

Генерал губернатордың үлкен кабинеті. Төрде орыс патшасы Александр екіншінің портреті, ортада дөңгелек үстел. Үстінде әскери киімі, аяғында былғары қара етік. Генерал жалаң бас, қолында ұзын, жіңішке трубка, әрі-бері жүр. Оның басқан әр қадамынан еден сықыр-сықыр етеді. Ол қабырғадағы үлкен картаға шұқшиып біраз тұрды да, әскери киімдегі Наршаға бұрылған.

– Вы понимаете, что генерал не каждого произвольного человека впускает за эти двери?

– Имею удовольствие воспользоваться такой возможностью, капитан. Чем обязан такой честью?

– Я сделал исключение, ибо вы - представитель киргизско-кайсакского народа, верно преданного Великой России и Её Величеству Царю, - говорит Генерал.

– Не сочтите за дерзость. Прежде всего, я стремлюсь служить своей отчине.-Нарша орнынан атып тұрып.

– Позвольте мне, лейтенант, спросить, как вы намерены служить своей родине, если у вас нет ни армии, ни монарха, за кого же вы планировали поднимать меч?- спросил Генерал

– Вы совершенно неправильно меня поняли, ваше благородие. Каждый казах, независимо от происхождения и воспитания, служит своей замечательной стране. Здесь, на каждом пятне земли, пропитанной кровью наших предков.

– И что именно вы ожидаете от меня?

– Не я, ваше благородие, но мои соотечественники, проживающие здесь, не могут мириться с такой несправедливостью.

– А в чем же заключается эта несправедливость?

– Киргизы, аборигены, как вы их называете, вынуждены переселиться на двадцать пять верст от населенных мест, в угоду переселенцем. Казахский народ миролюбив, но если их принуждать таким образом, это не обернется ничем хорошим.

– Неуж-то я слышу Угрозу?

– Отнюдь. Но помните, что Джунгары тоже стремились заселить эти земли.

– Этот вопрос крайне сложен. Только Его Величество вправе принимать решения по таким делам. Мне следует сначала обсудить это с ним. Пожалуйста, оставьте это на некоторое время.

– Есть – қолын шекесіне қойып честь берді де.  Нарша тақ-тақ басып есіктен шыға берді.

25 САХНА

НАТ. КӨШЕ. КҮНДІЗ.

Нарша, Губернатордан шығып, тарантаста отыра бергенде, біреу кеп, артынан құшақтаған. Нарша бұрылып қарағанда, өз көзіне өзі сенбеді.

Сергей

"Подпоручик Тлеубердин..."

Нарша

"Сергей! Неуж-то ты? Ты в этих местах? Фролов?"

Сергей

"Да, друг мой. Меня направили в этот край по указанию генерал-губернатора."

Нарша

"Любопытно, только что встретился с ним."

Сергей

Я, душенька, был у губернатора на вечере, и имель удовольствие познакомится со всяким знатным людом.

Нарша

Зная тебя, сочел бы твои слова за наглую лесть.

Сергей

"Так и есть, друг мой...Время летит, не так ли? Уже два года прошло с момента окончания моего обучения."

Нарша

"Саня, ты обещал наведаться ко мне в гости."

Сергей

"Обязательно приеду. В настоящее время я его  помощник."

Нарша

"Ты - настоящий друг, Сергей."

Сергей

"Нарча, жди меня... Как только появится возможность..."

Арада 1,5 ай өтті

 26 САХНА

Бұлақ басында өскен құрақ шөп, жалбыз. Мөп-мөлдір тұма шым-шым қайнайды. Су жағасында жайылған Сырымның аты. Сырым мен Қарагөз отыр.  Қарагөз жылаған. Мұңлы.

– Жылама қалқам - деді Сырым. –Біз бағы жанбаған сорлымыз. Алдымыз құз артымыз жар.

– Сонда не дегің кеп тұр ? –деді Қарагөз басын көтеріп.

– Сен алаңдама деймін. Мен сенің абыройыңды ойлаймын.  Бәрін ұмыт. Бәрін қой. Сен атастырылған қалыңдықсың.

– Мен сонда қалай сенсіз күн кешем? -деді Қарагөз өз көзіне сенбей.

– Иә Қарагөз сен бірінші де, соңғы жылаған қыз емессің.

– Жо-жоқ мен сенсіз құримын. –деді Қарагөз.

– Нарша  жақсы жігіт. Көзі ашық азамат. Оған өкінбейсің.

– Сен енді маған жеңгетай боласың ба? –деді Қарагөз. –Сенсіз мен жынданып кетем. –деп жылаған.

ҚАРАГӨЗ

Сырым, жаным.

Мен сенің жанында осылай жүре берсем... Маған тіпті  тозаққа кіру де қиын емес сияқты.

Сырым оған көз салып жымиды.

СЫРЫМ

Сен менің сөздерімді қайталап жатқан сияқтысын. Алайда менің адамгершілікті аттағым келмейді.  Сенің де қала берді Наршаның намысын таптамаспын. Сүйермін де күйермін. Өз отыма өзім жанып өрттенсемде адам болып қалғым келеді....

ҚАРАКӨЗ

Онда неғып келдің осында?! Бар! Жоғал!Көзіме көрінбе! Құры!

СЫРЫМ

Соңғы сөзің осы ма? ЭХ, ҚАРАКӨЗ, ҚАРАКӨЗ...Ең болмаса жадымда жақсы күлкің қалар ма деп едім. Қайтейін?

ҚАРАКӨЗ

Сырым, сенің бойында осы асыл қасиет азаматтылығын, адалдығын, тазалығың, тектілігің болмаса мен сені ойлап өзегіме құрт түспес еді.  Дей тұрғанмен көк аспанда ай толғанда, көлдің беті шулағанда, көк толқыны тулағанда мен баяғы орында сенің басқан ізінді көру үшін келемін.

Қалың жынғыл ішінде жасырынған

Ақбала мен Асан оларды бақылап аңдып отыр.

27 сАХНА 

НАТ. ПЕТЕРГОФ. КҮНДІЗ.

Жазғы сарайдың етегінде күнмен шағылысқан фонтан. Алтымен көмкерілген үлкен ескерткіш. Балтық теңізінен бастау алған үлкен канал жан-жағы қалың орман гүлзар, каналда жүзген аққу-қаз.

Жағалауда Александр II  патшамен, генерал- губернатор жаяу келеді. Екеуі де мұздай киінген.

– И вам, месье, это место по душе?

– Несомненно, ваше величество.

– Киргизы-кайсаки - настоящий всполох, нечто совсем иное по сравнению с Кавказом и далекой Сибирью.

– Весьма правильное замечание, ваше Высокородие. На западе, возле реки Яик, группа несогласных людей и опять этот Касымхан поднимают бунт. Мне посвятить вас в детали о деяниях наших диких господ?

– Так посвящайте, генерал.

– Местное население несчастно, коль нападают на наши навозы, мешают переселенцам и вызывают бесконечные стычки. Мне страшно, ваше величество, что огонь мятежа может охватить и новые земли, если мы не предпримем меры.

Александр II тоқтап ұзақ тұрды да, ол әрі-бері етігін сықырлатып ұзақ жүрді. Көл үстінде аққулар бұлаңдап бұлардан ұзап ары қарай жүзді.

– Когда я отменил крепостное право, я думал о простом люде. И они тоже бунтуют теперь. Мы не нуждаемся в еще одном огне. Поэтому, милорд, отправьте их подальше, в Азию, в сибирские степи киргизо-кайсаков.

– Я разделяю ваше мнение, ваше величество

– Коль уж разделяете, Я дам распоряжение: отправить три сотни солдат и 10 пушек. Изучите, милорд, историю Америки. Когда они завоевали Техас, они также столкнулись с непокорными индейцами. Однако сегодня, как видите, Америка - цельное государство. И наша цель - укрепить восточный рубеж России.  Пусть Господь милосердный хранит нас.

– Воистину, хранит нас Господь.

– В нашем плане местное население будет переселено в степь, установленного мной пограничного района в 10-15 верст. В этих зонах земля всегда обеспечивала пресной водой, находящейся на небольшой глубине, используемой для питья и быта. Что касается возможного сопротивления со стороны местных аборигенов при их переезде на новые территории, такое развитие событий не представляет особого риска. Придет определенное время и эти места станут станицами для наших людей.

– Будь по вашему, ваше Превосходительсво. Да и поможет нам Господь Бог.

– К слову о Боге, грех не спросить о Его светлом даровании. Как ваши дети себя чувствуют здесь? Они скучают по вам, милорд?

– Спасибо ваше величество. Они вполне хорошо себя чувствуют. Слышал дочери музицируют и с невиданным прежде рвением изучают французский.

– Бравно, милейший. Что может быть лучше обученной грамоте молодой мадамуазель… Грамота путь к благополучию.

– Поспешу заметить ваше Высокородие, не все готовы принять благи цивилизации.

– Ну что вы милорд, неизвестность всегда страшит. Не спешите. К слову возле Невы есть отличный особняк князя Шольца. Он недавно уехал в Германию. Может быть, вам стоит переехать туда?

– Благодарю вас Ваше величество!

Александр II оған бұрылып қарамай, аққуларға жем шашып, жазғы сарайға қарай кете барды.

28 САХНА

Орынбордың орталық көшесі. Аулада тарантас. Кадет Сергей мұздай киінген.

– Ефим-деді ол көшірге дауыстап.

– Воду не забудь

– Конечно-деген атқосшы.

Осы кезде үйден қолында ақ орамалға ораған наны бар әйел көрінді.

– Мария Егоровна-деді Сергей,  Не скучайте, милейшая!

– Ваш приятель Нарша, а он-то, видно, душой своей в калачах, да в солёных огурчиках тонет, положила ему да по больше!

– Благодарю.-деді Сергей -Моему приятелю журналы свежие привожу. Вот подарок, глядишь... Достоевский, Бальзак, Гюго да их словами писаны!

– Он будет очень рад. –деді әйел.-Удачи в пути вам милок–деді әйел.

– Береги себя! За детьми гляди.

Тарантас қорадан шыға берді.

29 САХНА 

Сырым ат үстінде шауып келе жатқан. Ол  тоқтап қалады.. Сол бір сәт алыстан үрген иттің үні шыққан. Ауыл жаққа тесіле қарады. Тыпыршып тұр.Тағатсызданып тұр. Бір сәт ол бөтен бір дыбысқа, жат дауыстарға құлақ түрген. Ирелеңдеген жолдың жиегінде 2-3 арбаны доғарып, ортаға от жағып отырған бет-ауыздарын жүн басқан, көздері көк бөтен тілде сөйлеген адамдарды көрген.

– Қозғалмаңдар! –деді Сырым. –Сендер кімсіңдер?

Қараңғыда шыға келген аттыға олар да үрейлене қарады. Әйелдер балаларын бауырына басып бір-біріне тығыла берді. бәрі де үнсіз. Сәлден соң жастау әйел.

– Биии-зззз П-еее-ррр-ессс-елен-деді.

Осы кезде көне Зират жақтан қорсылдаған дыбыстар естілді. Бес алты шошқа молаларды тұмысығымен тіміскілеп, енді бір торайы сиіп тұр екен.

– Әй әкеңнің –деп Сырым атын тебінді де тұра шапты.

30 САХНА

Қаумалаған қалың жұрт. Қарагөздің басында сәукеле, неке көйлегі, қасында Ақбала мен екі жағында екі жеңгей тұр. Қарсы алдында ата-енесі, Нарша тұр. Асан  бет ашар айтып тұр.

Тыңдасаң келін жырымды

Жырға қосып айтамын!

Бар өсиет сырымды.

Бұрынғы күнің –балалық,

Ержеткен күнің –бүгін-ді.

Келін боп келген қиын іс

Жаңа өспірім балаға,

Қызмет қыл иіліп

Ата менен анаға.

Өзіңнен үлкен адамның

Бетіне тік қарама!

Үлкен кісі келгенде

Қатарласып отырмай

Кейін отыр панада.

Бір кезде Қарагөздің құлағы шулап, басы айналаған. Енді анадай жерде тұрған Наршаның орнына Сырым пайда болған. Осы кезде оның санасы жарқ ете түсті.

31  САХНА

ИНТ. НАРШАНЫҢ ОТАУЫ. ТҮН.

Нарша төрде отыр. Есіктен екі жеңгей Қарагөзді қолтығынан ішке кіргізген.

АҚБАЛА

– Ал, енді күйеу жігіт, біз қайттық. Қарагөз ару, ақ құсың қолыңа кеп қонды. Баянды болсын!

ЖЕҢГЕЙ

– Жақсы жатып, жақсы өріңіздер.

НАРША

– Асан, құдашаларды шығарып сал.

Нарша Асанға бір, Ақбалаға бір қарап.

Асан басын изеді.

Отау іші ала көлеңке. Қарагөз шешінбестен отыра кетті. Нарша да сол қалпы қимылдаған жоқ. Тек әлдеқайда ауылдың сыртынан ән салған жігіттердің дауысы ғана естіледі.

НАРША

– Қарагөз, жұрт тарқады-ау деймін. Шаршаған шығарсың, сәл дем алсаңшы.

Қарагөз бірдеңе айтқысы келді де, үнсіз ғана көзінен жасы домалап,  жылады.

НАРША

– Жыламашы. Біз ерлі зайыпты болсақ, бұндай жара жаза-дерттер жазылар деп ойлаймын.

ҚАРАГӨЗ

– Жазықсыз сіз емессіз, мен де емеспін?!

НАРША

– Босағадан аттағаның бүгін ғана...Үйрен, уақыт өте келе маған да үйренерсің. Бірақ қана өтінішім...Мені мына анталаған ел жұртымның алдында масқаралама. Сен менің адал жарымсың. Бүгін осында менімен түнейсің.

Нарша сыртқы шапанын шешіп, ақ көйлекпен ғана қалды.

ҚАРАГӨЗ

– Асықпаңыз....Түн ұзақ қой. Қолыңыз ұзын, бәріне жетер. Мен тек сәл дем алайын. Сіз тек алаңдамаңыз, әжеме жолығайын, ертең жолға шығады. Қоштасарға айтар, бір ақылы бар шығар.

Қаракөз шығып кетті.

Нарша тұншыға қатты жөтеліп барып есінен танып құлап түсті...

32 САХНА 

Аспанда толған ай дөп-дөңгелек тасықсып  тұрды. Көлдің беті де бір толқып, бір басылып дөңбектейді.

Сырым ат үстінде қараңғыда шауып келеді...шауып келеді.

33 САХНА

Қаракөз үлкен үйден шыққанда жүгіре жөнеледі Ол жн-жағына қарап қалып жүгіріп барады. Ауылдың бәрі күндізгідей жап-жарық.

34 САХНА

Үйде отырған асан бір сәт елең етіп құлақ түрді де сыртқа атып шықты. Асан бір жерден Қаракөзді танып қалады. Жан-жағына бір қарап, Асан Қаркөздің соңынан тура жүгіреді.  

35  САХНА

НАТ. НАРШАНЫҢ АУЫЛЫ. ДАЛА. ТҮН.

Бүгін ауа-райы бұзылған. Күн күркіреп, аспанда найзағай ойнап, жер көктің бәрі лай. Жаңбырдан жер де, көк те көрінбейді. Бір сәт, қураған ағаштың түбіне Қарагөз жүгіріп әзер жеткен. Ат үстінде Сырым Қарагөзді алыстан көрді. Сырым шапқан бойы, Қарагөзді жерден іліп алып кетті.

СЫРЫМ

– Жаным, Қарагөз, жеттің бе?

ҚАРАГӨЗ

– Сырым, күнім,  мен сенің келеріңді білгенмін.

НАТ. НАРШАНЫҢ АУЫЛЫ. АЙДАЛА.

Сырым мен Қарагөз ат үстінде шауып келе жатып, бірін-бірі құшақтап алға шаба жөнелді. Ат тұяғы біресе қиыршық, біресе шөппен ендегелі топырақпен, сазды жермен ұзақ шапты.

НАТ. НАРШАНЫҢ АУЫЛЫНАН ТЫС. АЙДАЛА.

Бір кезде олар аттан  домалап түсті. Жаңбыр құйып тұр. Екеуі де тесіліп бір-біріне қарады.

ҚАРАГӨЗ

– Сырым, мен сені өзім іздеп келдім.

Енді сен ғана менің жарым боласың.

Осы сәтте, аспанда жарылардай найзағай ойнап жарқырып, күн күркіреді.

ҚАРАГӨЗ

– Алшы мені құшағына, басшы мені бауырыңа!

Олар құшақтасқан сәтте лай-балшыққа құлады. Бірін-бірі сағынған ғашықтар. Олар әрі-бері аунай берді. Бір-бірін аймалады, сүйді, құшақтасты... Содан-соң киімдерін бірте-бірте шеше берді. Күн тағы да күркіреді. Бірақ олар ештеңеге мән бермеді. Олардың астындағы лай-балшық, қып-қызыл түске айналды.

36 САХНА

ИНТ. НАРШАНЫҢ АУЫЛЫ. НАРШАНЫҢ ОТАУЫ. ТҮН.

Ел айқай-шу. Дүрлігіп жүр. Іштен Нарша көрінді.

АСАН

Ана сайқал қашып кетті.

Нарша қып-қызыл боп, жөтел қысып, әзер тұрды. Ұзақ жөтеле берді де лоқсыды.

НАРША

Қарагөз қоштаспай кеткен бе сонда?

37 САХНА

НАТ. НАРШАНЫҢ АУЫЛЫ. АУЛА. ТҮН.

Ел-жұрт: - Аттан! Аттан! - деп барлығы атқа қонған. Міне, Дәуапа да шапанын киіп асығыс қолына таяғын алды.

ДӘУАПА.

(Айқайлап)

– Жүзі қара, оңбаған, салдақы. Жердің үстімен келіп, астымен кететін болдым-ау.

НАТ. НАРШАНЫҢ АУЫЛЫ. ТҮН.

Қолдарында жанған отты таяқтары бар, қалың жұрт Қарагөз бен Сырымы іздеуде.

38 САХНА

НАТ. НАРШАНЫҢ АУЫЛЫ. ТҮН.

Сырым қолында терген ағаш отыны бар. От басындағы Қарагөзге жақындады. От лаулап жанған. Қарагөздің үстінде жамылған Сырымның шапаны.

СЫРЫМ

– Жаураған жоқсың ба?

Оның кеудесі жалаңаш, бұлшық еттері білеуленіп ширылып тұр.

ҚАРАГӨЗ

– Сен барда мен енді тоңбаймын.

СЫРЫМ

(Қарагөзді құшақтап)

– Жаным Қарагөз, мына жалғанда маған енді ештеңе керек емес. Тек екеуміз бірге болсақ болды. (Қарагөзді құшақтап)

ҚАРАГӨЗ

– Сырым жаным. Бізге енді бұл жерде қалуға болмайды. Қолға түссек екеуміз де құримыз. Сондықтан екеуміз кетуге тиіспіз.

СЫРЫМ

(Сырым жүзі нұрланып)

– Дұрыс айтасың Қарагөз. Жайықтың жағасында менің туыстарым бар. Сонда кетеміз.Ол жерге ешкім де жете алмайды.

ҚАРАГӨЗ

– Я тезірек кетейік. Қой мен қыздың баспайтын жері жоқ. Ол жақта өзіміздің ел ғой

СЫРЫМ

– Нар тәуекел... Онда кеттік Қарагөз!

ҚАРАГӨЗ

– Ардағым. Сен үшін жаным құрбандық!

Қара түнде қалың аңғардың ішінде екі ғашық құшақтасып отырды. Бұл сәт олардың өміріндегі ең бақытты сәттердің бірі еді.

39  САХНА

НАТ. НАРШАНЫҢ АУЫЛЫ. ТҮН.

Қаумалаған жұрт қыр астынан сап етіп көтерілгенде, Қарагөздің көзі шарасынан шыға жаздады.

АДАМДАР

– Ұстаңдар! Байлаңдар, жүзі қаралар!

АДАМДАР

(шулап)

– Қоршаңдар! Әй, қарабет жүзі қаралар! Орындарыңнан қозғалмаңдар.

(Дауыстар әр жерден әр жерден естіледі.)

СЫРЫМ

(Айқайлады. Жан-жағына жалтаңдап)

– Қарагөз, жаным, сен қаш!

ҚАРАГӨЗ

(Зар илеп жылап)

– Жо-о-о-о-қ, Сырым, мен сенің жолыңда өлсем арманым жоқ. Сен қаш, өтінемін. Мен сенің құрбандығың болайын.

Сырым

Қарагөз, мұнда қалсаң олар сені аямайды. Сен атқа отыр да Жайыққа тарт. Біз әйгілі Беріш боламыз. Олар сені құшақ жая қарсы алады.

(Қуғыншылар жақындай берді.)

СЫРЫМ

– Ей, шуылдаған көк бөрілер, біздің не жазығымыз бар еді? Бар кінәміз бір-бірімізді сүйгеніміз бе? Онда қане келіңдер. Кім бар? Жастығыңды ала кетейін!

Сырым қанжарын шығарды.

ҚАРАГӨЗ

– Сырым! Жо-о-о-о-жоқ! Өлсек, бірге өлейік. Тек ешкімнің обалына қалма, жаным. Бұл менің соңғы сұрауым болсын.

Ел-жұрт шулап төніп келеді.  Қолдарына айыр-шоқпарларын ұстаған еркектер оларға жақындай қалды.

СЫРЫМ

– Жаным, Қарагөз - онда бұл менің де соңғы өтінішім. Егер мені сүйгенің рас болса, қазір мына атқа мін. Алаңдама. Егер ертең ұл тусаң, атын өзің қой. Сен менің жарығымсың. Сен менің айымсың. Ай мен күн қатар тұрмайды.  Қарагөз, мен әлемдегі ең бақытты жан болам. Сен өзің үшін емес, ертең өмірге келетін балаң үшін құтылуға тиіссің! –деді. Сосын ол Қарагөзді атқа отырғызды.

ҚАРАГӨЗ

– Тарланым, тағдырыма ризамын! Енді өлсем де арманым жоқ. Қош жаным! – деген Қарагөз.

Сырым Қарагөздің атына қамшы басты. Есті ат иесін қара түнде ешкімге бергізбей шаба жөнелді.

Осы кезде қолындағы мылтығын кезенген біреу көрінді. Бұл Нарша болатын. Ол жөтелгенде қолындағы ақ орамал қанға боялды. Аппақ аттың жалы мойны қып-қызыл қан.

– Ағайын! Тоқтаңдар! Тоқтаңдар! Тиіспеңдер! Қәне бәрің қайтыңдар! Кетіңдер бұл арадан деген.

Жұрт аңтарылып тұрып қалған. Ешкім ештеңе түсінер емес.

НАРША

– Мен сендерге айтып тұрмын. Арғын, Найман баласы. Қарагөз бен Сырымға айтар сөзді өзім айтам. Боссыңдар! –деді айқайлап. Асан бірдеңе айтқысы келіп оқтала бергенде.

– Асан! –деп оқты көзімен бір атып, - Мені екі сөйлетпе!

Жұрт бірте-бірте шегіншектей сирей бастады. Аспанда екі жұлдыз бірінен-соң бірі ағып түсті. Бәрі кеткен. Иен далада екеуі ғана қалды.

Қанша уақыт өткені белгісіз.

– Нарша, –деді Сырым, - Кешір, мен сені ұятқа қалдырдым. Атам десең міне мылтық.

– Сырым, сен боссың! Әне, менің атыма мін де Қарагөзді қуып жет.

– Нарша, сен не айтып тұрғаныңды білесің бе?  - деген Сырым

– Иә, - деді Нарша, - білем. Сондықтан да айтып тұрмын.

40 САХНА

Нат. Дала. Түн.

Алты жігітті ат-арбаның соңына байлап-матап, төрт қауға сақал әскер айдап келеді. Төртеудің екеуі алда, екеуі артта. Олардың иықтарында мылтық. Қара жол ирелеңдеп келіп асау өзеннен өтеді. Ағаш көпір әбден ескірген. Алдыңғы Есаул көпірге бір, тұтқындарға бір қарады да, қамшысын «Алға» дегендей жоғары нұсқады. Алдыңғы арба жегілген екі ат ілгері басқысы келмей, кейін шегіншектеген. Алайда ащы бишіктің ұшы сауырынға тиіп қос ат кібіртіктеп барып алға жүрді. Аяқ-қолдары байлаулы, үсті-басы көгерген алты жігіт әбден жүдеген, әсіресе арықтау келген жігіттің ерні кезеріп әлсіреген. Әсет батыр бастаған тағы да 3-4 жігіт қалың қамысқа жасырынған. Бәрі де демдерін іштеріне тартып үнсіз:

– Уа, әруақ! Уа, Жасынбай! – деп Әсет батыр атына қамшы басқанда қауға сақалдылар сасып қалды. Тіпті біреулері мылтықтарын алуға да үлгермеді. Тарс-тұрс, айғай-шу, атылған мылтық даусы. Шаң-топырақ. Тек алдыңғы атқа мінген қауға сақал ғана құтылып үлгерді. Ал қалғандары тиген оқпен, шоқпардан құлап жатты. 

41 САХНА

Қара жолды шаңдатып 200-ге жуық түсі суық әскер қазақ даласында асықпай келе жатыр. Әр жер, әр жерде азық-түлік тиеген арба өгіз көрінді. Тіпті пулемет тиеген түйелер де мына көштің ішінде бой көрсетеді. Аппақ аттың үстінде штабс-капитан Сергей Фролов келе жатыр. Ол жан-жағына сүйсіне қарап қояды. Осы кезде төбеден жалғыз атты көрінді. Ол бірдеңе деп айқайлайды. Бұл өткелден аман қалған Есаул еді. Штабс-капитан Фролов қолын көтеріп әскерге белгі бергенде, көш тоқтаған. Есаул қолын сермеп солдаттарға бірдеңе айтып жатты. Сосын ол аттан домалап түсіп Фроловтың алдына кеп құлады.

Сырым мен Нарша бірін-бірі құшақтаған қалпы келе жатыр. Екеуі де мәз-мейрам.

Нарша:

– Сырым, адам өмір бойы бақытты болуы мүмкін емес.. Ал мен қазір бақыттымын. Әттең, сендей жанмен кеш, тым кеш танысқаныма өкінем. Ал Қарагөзді сен бақытты етуге тиіссің... Өйткені ол сені, сен оны сүйесің.

– Ал, мен сендей досты енді тапқаныма қуанып тұрмын. –деді Сырым.

Саған бірдеңе деуге тілім байланып тұр. Сен биіксің Нарша. Тым биіксің.

Осы кезде Әсет батыр мен қасындағы босаған жігіттер оларға келіп құшақтарын ашқан. Бірін-бірі тапқан, бірін-бірі құшақтаған жігіттер. Бәрі мәз-мәйрам. Бәрі қуанышты.

– Нарша , міне біздің жігіттер босады. Енді оларды ешкімге бермейміз.- деді Есет батыр

– Жарайсыңдар! –деді Нарша. – Ит жеккенге айдату-бұл Орыс патшасының заңы. Ал біздің заң, Дала заңы.

– Ой Азамат! –деп жігіттер Нарша мен Сырымды ортаға ала берді.

Осы кезде қалың әскер төбеден көрінді. Барлығы қаруланған. Қолдарында мылтық. Түстері суық. Олар тоқтап бұйрық күтті.

– Вот они! - деді Есаул ерні дірілдеген қалпы.

– Пли! - деді Фролов.Өңі сұп-сұр. Ол қолындағы револьвермен ақ көйлекті ұзын бойлы жігітті көздеді де –Пли! –деген.

Гурс-гурс атылған мылтық. Дүние көк түтін. Астаң-кестең... Жігіттер де, Әсет те бірінен-соң бірі кесілген баудай құлап жатыр, құлап жатыр. Маңайдың бәрі қып-қызыл қанға боялған.  Атылған мылтық, кісінеген жылқы «Ах» ұрған дауыстар.

– Стойте! Стойте! –деп Нарша бар дауысымен айқайлады. Алайда Фролов оны естіген жоқ.

– Не стреляйте! Солдаты! Это я говорю поручик Тлеубердин! –деді Фролов

Атылған оқтың бірі Наршаға тиді. Біреу, екеу, үшеу. Наршаның үсті қызыл қанға бояла берді. Осы сәтте Фролов есін жиғандай орысша сөзді ұққандай.

– Отставить! –деді де Фролов ілгері жүгіре жөнелді.

– Нарша! Нарша! Саған не болды?  Нарша! – деп Сырым айқайлады. Оның даусы мына дүниені жаңғыртып тұрды.  Көзін ашқан Нарша Сырымға күлімсіреп:

– Әттең сендей досты кеш жолықтырғаныма өкінемін. -деді Нарша.

Наршаның білегінен, үстінен аққан қанға қарамай Сырым оның басын құшақтаған қалпы.

– Нарша, Нарша көзіңді ашщы. Өтінем. Нарша-а-а, - деп Сырым досының басын құшақтап жылап тұрды..

Осы кезде домалап жеткен Фролов өзі атқан жігітті таныды. Аппақ көйлек қызыл қан.

– Нарша, Нарша! Я приехал, –деді Сергей.- Как обещал.

Фроловтың екі көзі шарасынан шығардай, ол өзінің не істегенін енді түсінген.

Нарша сәлден соң көзін ашты. Аспанда шарбы бұлт жөңкіп барады.

– Сеер-ггеей... Сергей... Это... Вот  это моя земля... Наш родной край, -деді Нарша .- Мой дом твой дом.

– Родной, разве так встречают друга?! Ты же сам приглашал.  –- Нарша, родной прости... Прости нас...-деп айқайлады Сергей.

– Будь проклята это служба... Ненавижу... Ненавижу все... Нарша... Родной... –деді Фролов. –Это армия... Это... Это я стрелял.. өз-өзінен күбірлеп, ерні дірілдеп.

Нарша алдымен Сергейге тіл қатты.

– Ты не виноват, друг. –сосын басын құшақтаған Сырымға  – Қарагөз сенікі енді. –деді де Нарша көзін жұмды.  Ен далада Наршаның басын сүйеген Сырым отыр, қасында Сергей. Екеуі де өкініштен жылап тұрды.

Бұл қазақ еліне ат ізін салған переселендердің келген кезі еді. Қазақ елінің ұланы аққан жұлдыздай өмірден осылай өтті.

Ал қуғыннан аман-есен құтылған Қарагөз 9 айдан соң дүниеге ұл әкелді. Есімін Нарша қойды.

Қазақ даласына қоныстануға  бет алған переселендер, бұл маңайға он жылға дейін ат ізін салған жоқ!

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1127
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1025
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 762
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 879