Сейсенбі, 30 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3039 0 пікір 5 Қараша, 2013 сағат 17:47

«Бұрғылау алаңының ханшайымы»

Ақтау қаласында Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген геолог-барлаушысы, КСРО жер қойнауының үздік барлаушысы, Ұлы Отан соғысының ардагері, Атырау және Маңғыстау мұнайын игеруге тікелей атсалысқан ардагер-мұнайшы, бұрғылау ерітінділері ісінің хас шебері Қамқа Жаниярқызы Үмбеталина тұрады. Қазақтың қыран қызы қазір 90 жаста.  Қамқа ананың 90 жасын Маңғыстау жұрты атап өтіп жатыр.

Мейрамханада тоқсанның төріне келсе де тұғырдан түспеген ардагер-мұнайшының құрметіне ас дастарханы жайылып, сыйлы қонақтар мен еңбек ардагерлері, ағайын-туыстары қазақтың қыран қызын қошаметтеп қарсы алды.

Құрметті қонақтарға Атырау және Маңғыстау мұнайын игеруге өлшеусіз еңбек сіңірген бұрғылау ерітінділерінің хас шебері Қамқа Үмбеталинаның 90 жасқа толу мерейтойына арнайы жасалған «Бұрғылау алаңының қаншайымы» атты деректі фильмі көрсетілді.

Салтанатты жиында облыс әкімі Алик Айдарбаев мерейтой иесін құттықтап сөз сөйлеп, өлкемізге белгілі мұнай барлау саласы маманының Отанымыз бен елімізге сіңірген еңбегін жоғары бағалады.

Мерейлі мерекеде жас ақын Сержан Кенжебек Қамқа апаға арнаған өлеңін үлкен шабытпен төгілте оқыды.

Бұдан кейін «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамының бас директоры Сунь Синъюнь мен «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамы кәсіподақ ұйымы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Санатбай Масатов ұйымдастырушылар атынан құттықтау сөз сөйлеп, Қамқа Жаниярқызының Маңғыстау мұнайын игеруге қосқан айрықша еңбегін атап өтті.

Термеші Қайрат Қамқа апаның құрметіне термесін нақышына келтіре орындап берді.

Құттықтау кезегі Н.Ә.Марабаев атындағы «Мұнайшы» қоғамдық қорының алқа мүшелері Лейля Марабаева мен Киікбай Рзахановқа тиіп, олар ардагер-мұнайшының есімі Маңғыстау мұнайының тарихына алтын әріптермен айшықталып жазылғанын айтты.

Өлкемізге белгілі әнші Асанәлі Көшеров Қамқа апаға арнап «Еділ мен Жайық», «Жайық қызы» әндерін шалқытты.

Маңғыстауға танымал мұнайшы-геологтар атынан Виктор Нечаев пен Әділ Нұрманов және Жанболат Досмұхамбетов әріптестеріне ұзақ өмір тіледі.

Сонан соң Данияр Сағынғалиұлы мен Нұрболат Мұсағалиев күй тартысына түсіп, қонақтардың көңілін бір көтеріп тастады.

Құрбылары атынан Нина Токарева мен Анна Козмодемьянская Қамқа апайға жақсы тілектерін айтып, жылы лебіздерін білдірді.

Әнші Асқар Көшеров «Мама», «Арыс жағасында» әндерін орындап берді.

 Ардагер мұнайшылар Сағын Қырымқұлов, Сағынбай Қызылұлы және Тимур Темірғалиев, туыстары Амантай Жұмағалиев және Қанат Алдияров тоқсанның төріне шығып отырған соғыс және еңбек ардагеріне жүрекжарды сөздерін арнады.

Қамқа апайдың құрметіне Айсұлу Құдабаева «Әлия», «Шалқымалы», «Подмосковные вечера» әндерін орындаса, «Қосай» тобы мен баяншы Махмұд ардагерлерге өнерлерін сыйға тартты.

Маңғыстау мұнайының майталманы Қамқа Үмбеталина жерлестерінің сый-құрметіне дән риза болды.

Abai.kz

0 пікір