Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Билік 548 0 пікір 5 Ақпан, 2024 сағат 13:13

Қазақстанның стратиграфиялық және петрографиялық кодекстері жарыққа шықты

Сурет e-history.kz сайтынан алынды

Академик Қаныш Сәтпаевтың 125 жылдығы мерейтойы аясында Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне қарасты Геология комитеті мен Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарасты  «Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» КЕАҚ бірлесуімен тұңғыш рет еліміздің Петрографиялық және  Стратиграфикалық кодексі жарыққа шықты.

Қазақстан Республикасы Петрографиялық кодексі: геология саласының әлемдік қазіргі жетістіктері мен қалыптасқан дәстүрлерін ескере отырып құрастырылған. Бұл республиканың петрографиялық қызметінің жұмысын ұйымдастыруды және біріздендіруді қамтамасыз ететін, геологиялық жұмыстардың барлық түрлерін дұрыс жүргізуге ықпал ететін және геологиялық карталар мен құжаттардың сапасын арттыратын нормативтік геологиялық құжат. Аталған кодекс Халықаралық геология ғылымдары одағының ұсыныстарын ескере отырып  әлемдік тәжірибеге негізделген. Кодексте АҚШ пен Ұлыбритания елдерінің кодекс құрастыру тәжірибесі мен материалдары талданды.

Қазақстан Республикасы стратиграфиялық кодексі: геологияның қазіргі жетістіктерін және қалыптасқан дәстүрді ескере отырып жасалды. Ол республиканың стратиграфиялық қызметі жұмысын ұйымдастыруды және біріздендіруді қамтамасыз ететін, геологиялық жұмыстардың барлық түрлерін тиісінше жүргізуге ықпал ететін және геологиялық карталар мен құжаттардың сапасын арттыратын нормативтік геологиялық құжат болып табылады. Қазақстан геологиялық құрылысының ерекшеліктерін ескере отырып, ғылыми зерттеу және далалық геологиялық материалдарды пайдаланып жасалды. Қазақстан аумағында геологиялық жұмыстардың барлық түрлерін жүргізу кезінде терминдер мен аталымдардың мазмұнын айқындайтын бірыңғай қағидаларды қолдануды қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасы аумағындағы барлық мекемелер геологиялық барлау жұмыстарының кез келген түрін жүргізген кезде осы петрографиялық және стратиграфиялық кодекстің талаптары қолданылады.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 194
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 89
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 83
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 26