Сәрсенбі, 8 Мамыр 2024
Билік 1040 0 пікір 29 Қаңтар, 2024 сағат 14:32

Инвестжобаларды қорғау һәм «прокурорлық сүзгі»

Сурет: Егемен Қазақстан гәзетінен алынды

Бас Прокурор Берік Асыловтың «Казахстанская правда» және «Егемен Қазақстан» жалпыұлттық газеттерінде сұхбаты жарияланды.

Сілтеме арқылы өтіп сұхбатпен онлайн танысуға болады, Тақырыбы: «Берік Асылов: Инвестициялық жобаларды қорғау – маңызды міндет».

Бас Прокурор: «Жаңа әдістерді енгізу бойынша біз тәсілдерді жетілдіру үшін жұмыс істейміз. Бұл процесте инвесторлардың өздері үлкен рөл атқарады.

Олардың ұсынысы бойынша инвестициялық штабтың шешімімен «прокурорлық сүзгі» деп аталатын инвестициялық жобалар бойынша жаңа құрал енгізілді.

Енді инвесторлар үшін ауыртпалық салдарға әкеп соғатын мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың кез келген тыйым салу-шектеу және өзге де шешімдері прокурорлармен келісуге жатады», - дейді.

Берік Асылов: «Халықаралық тәжірибені ескере отырып, инвесторлар ұсынған бірқатар шаралар енгізілді, ал жекелеген шараларды біз Үкіметпен ынтымақтастықта пысықтап жатырмыз.

Өткен жылы біз инвестордың жобаны іске асыруға қажетті барлық рәсімдерден жедел өтуі үшін «жасыл дәліз» деп аталатын Fast Track инвестициялық жобаларын қолдау жүйесін енгізуді ұсындық. Бүгінде бұл үшін тиісті ережелер әзірленуде.

Бастапқы кезеңде «жасыл» секторда Fortune Global 500 тізіміндегі әлемдік брендтер мен жоғары технологиялық компаниялар болады деп болжануда», - дейді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1696
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1652
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1381
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1314