Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Бұ не мазақ? 1703 17 пікір 25 Қаңтар, 2024 сағат 14:12

Руза Бейсенбайтегі Павлодар билігіне не жазып қойды?

Сурет: Google іздеу жүйесінен алынды

Елді елеңдеткен оқиға - белсенді, тіл күрескері Руза Бейсенбайтегіне қатысты Абзал Достияр өзінің әлеуметтік желідегі парақшасындағы жазбасы болды.

Онда Абзал Достияр:

«Шұғыл! Тіл жанашыры, күрескер анамыз ауруханаға түсті! Бүгін түстен кейін Руза апай хабарласып: «Абзал балам, мен сотқа кетіп бара жатырмын, бір дәмхананың иесі тіл мәселесіне байланысты сотқа беріпті, келген соң хабарласамын», - деген еді.

Қазір ғана белгілі болғандай Руза Бейсенбайтегін жедел-жәрдем көлігімен алып кетіпті, алып кеткенге дейін ол кісіні полиция қызметкерлері қоршап тұрған екен. Сол сәттегі тікелей эфир сақталмапты, апайдың өзіне қоңырау шалсам, телефонын көтермей тұр.

Павлодар облысында жалғыз өзі қазақ тілінің жағдайын айтып шырқырап жүрген тіл жанашыры Руза апайымыздың жағдайына алаңдаулымын.
Апайдың жағдайын біле алатын Павлодар қаласынан кім бар?
Осы жазбаны таратсаңыздар», - деп жазба қалдырғанан кейін, тіл күрескері Руза Бейсенбайтегі қазіргі Павлодар билігіне не жазып қалды деген ойға қалдық.

Сондай-ақ белсенді Ботагөз Иса Руза Бейсенбайтегіні «күшпен» алып кеткенін жазады.

Руза Бейсенбайтегі - Керекудегі санаулы тіл жанашырларының бірі. Abai.kz ақпараттық порталының тұрақты авторларының бірі. Біз аталған мәселеге қатысты Павлодардағы құзырлы органдардан ресми түсіндірме күтеміз.

Abai.kz

17 пікір