Жексенбі, 28 Сәуір 2024
Бәрекелді! 1344 8 пікір 22 Қаңтар, 2024 сағат 13:46

Канделакиге есік жабылды: Кім «Борат» болып шықты?

ТИНА КАНДЕЛАКИГЕ ҚАЗАҚСТАНҒА ЖОЛ ЖАБЫЛДЫ!

Қазақстан Сыртқы Істер министрлігі Ресей пропогандашысы Тина Канделакидің енді Қазақстанға келуіне тиым салынғандығын жариялады.

Осыған дейін Канделаки Қазақстандағы Узень станциясын Жаңаөзен, Уральск қаласын Орал деп қазақша аталуына қарсы шығып, «Қазақстандағы орыс тілін қысымға алу осы атауларды өзгертуден басталады. Оның соңы орыс мектептерін жабуға, жаппай орыс тілін қысымға алуға ұштасады. Бұған Прибалтика елдері тәжірибесі куә» деп мәлімдеген болатын. Әрине, Канделаки сөзінің астарында Ресей телеарналары, Федоров пен Лимонов сынды депутаттары мен жазушылары айтқан   қорқыту‑үркіту бар екені сезілді. Сондықтан оның бұл сөзі қазақстандықтардың ашу‑наразылығын туғызды.  Бұл Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің ішкі ісіне араласы, Қазақстандағы ұлттық татулық пен бірлікке сына қағу деп бағаланды.

Бүгін оған ҚР СІМ тарапынан жауап берілді.

Иә, қазақтарды мәңгүртке теңеген, «Боратқа» теңеген Канделаки онсыз да Қазақстанға аяқ баспас еді. Ол енді осыны ашық айтады да!

Бірақ мәселе басқада – Қазақстан Үкіметі СІМ арқылы осылай мәлімдеме жасағанын – Қазақстанның өз тәуелсіздігін Ресей тарапына ескерткені деп қабылдау керек. Бұл мәселе басталғанда ‑ бүкіл Батыс елдері құлағын түре қалғаны түсінікті. Сондықтан, бұған Қазақстанның өз дербестігін еске салуы, оны ашық  айтуы – еліміздің халықралық беделіне де оң ықпал етеді деген ойдамыз

Сондықтан, Канделаки қазақтарды «тұқыртамын» деп, керісінше, оның беделінің артуына әсер еткенін өзі де білмей қалған болар деуге болады.

Сонда дейміз­‑ау, кім «Борат» болып шықты?..

Abai.kz

8 пікір