Жұма, 3 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3979 0 пікір 30 Қазан, 2013 сағат 08:24

Сирияда соғыс болып жатыр. Бізде ше?

Сирияда қарулы қақтығыс қағынып тұр. Соғыс толастар емес. Ол соғыстың ортасында бала-шағасымен шұбырып қазақтар да жүр. Сирия елінің имамы Мәскеуге барған сапарында Орта Азия елдерінен шыққан жалдамалы жауынгерлердің аз емес екендігін айтады. Сирия соғысындағы қазақтардың саны имамның айтуына қарағанда, үш жүзге жуық көрінеді. Аталған елдегі жан санының шығыны қанша болды, оны тап басып айту қиын. Ал, бейбіт аспан аясындағы Қазақстанда кісі өлімі Сирияда қан кешіп жүргендерден артық болмаса, кем емес көрінеді. Бұл шындықты ҚР Президентінің өзі ашына айтты. 
- Сирияда соғысы болып жатыр. Ал біздікі не?!, - деді Президент еліміздегі жол-көлік апатының жиілеп кеткендігіне күйініп.
Рас, біздікі не? Біздікі -есірік. Автокөлікке аяқ артқанның қаны тасып, жол ережесін қалай болса солай бұзады. Көбі рульге спиртті ішімдікке бөгіп алып отырады. Сондай жын қаққандарға қатысты ІІМ қатаң жаза қолданып та көрген. Алайда, қазақстандық қатаң жазалардың басы қатты болғанымен арты «тәтті» болып кететіні бар емес пе? Сөйтіп, мас күйінде рульге отырғандар машина жүргізу құқығынан айрылу немесе айыппұл төлеу деген сияқты «пәлелерден» құтылып, баяғысынша бармақ басты, көз қыстымен ретін тауып кетіп жүр. Сондай жылмаңтөс қулықтың ақыры ай мен күннің аманында қайғылы оқиғаларға ұласуда.

Сирияда қарулы қақтығыс қағынып тұр. Соғыс толастар емес. Ол соғыстың ортасында бала-шағасымен шұбырып қазақтар да жүр. Сирия елінің имамы Мәскеуге барған сапарында Орта Азия елдерінен шыққан жалдамалы жауынгерлердің аз емес екендігін айтады. Сирия соғысындағы қазақтардың саны имамның айтуына қарағанда, үш жүзге жуық көрінеді. Аталған елдегі жан санының шығыны қанша болды, оны тап басып айту қиын. Ал, бейбіт аспан аясындағы Қазақстанда кісі өлімі Сирияда қан кешіп жүргендерден артық болмаса, кем емес көрінеді. Бұл шындықты ҚР Президентінің өзі ашына айтты. 
- Сирияда соғысы болып жатыр. Ал біздікі не?!, - деді Президент еліміздегі жол-көлік апатының жиілеп кеткендігіне күйініп.
Рас, біздікі не? Біздікі -есірік. Автокөлікке аяқ артқанның қаны тасып, жол ережесін қалай болса солай бұзады. Көбі рульге спиртті ішімдікке бөгіп алып отырады. Сондай жын қаққандарға қатысты ІІМ қатаң жаза қолданып та көрген. Алайда, қазақстандық қатаң жазалардың басы қатты болғанымен арты «тәтті» болып кететіні бар емес пе? Сөйтіп, мас күйінде рульге отырғандар машина жүргізу құқығынан айрылу немесе айыппұл төлеу деген сияқты «пәлелерден» құтылып, баяғысынша бармақ басты, көз қыстымен ретін тауып кетіп жүр. Сондай жылмаңтөс қулықтың ақыры ай мен күннің аманында қайғылы оқиғаларға ұласуда. Енді міне, кешелі-бері ІІМ, жол полициясы «тәрітпті барынша күшейтеміз, ешкімнің бет жүзіне қарамаймыз», - деп отыр. Қысқасы, ендігі тәртіп бойынша, кері бағытқа қарсы шығып кеткен автөклік иесі 9 ай көлемінде автөкілік жүргізу құқығынан айрылады. «Қызара бөртіп»  автөкөлік тізгінін ұстағандар 800 мың теңге көлемінде айыппұл төлейді. Адам қағып өлтірген жүргізуші 20 жыл абақтының ар жағында отыратын болады. 
 
Abai.kz  
0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 584
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 316
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 333
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 336