Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Билік 1922 11 пікір 16 Қаңтар, 2024 сағат 14:36

30 млн доллардың әлегі: Мырзахметов ісі һәм Боранбаевтың ізі

«Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының (ҰКП) бұрынғы төрағасы Абылай Мырзахметов олигарх Қайрат Боранбаевты босатуға уәде беріп, 30 миллион доллар пара алды» деп айыпталуда. Бұл туралы Қазақстан БАҚ-тары жазуда.

«Талғат Боранбаев (Қайрат Боранбаевтың ағасы) Қайрат Боранбаевқа қатысты қылмыстық істі тоқтатуға көмектескені үшін Мырзахметовке $30 млн берді», - делінген ҰКП бұрынғы басшысының ісі бойынша алдын ала тыңдау қорытындысында.

«Талғат Боранбаев Мырзахметов ісінде фигурант болып отыр», - деп жазады ҚазТАГ.

«Түркия Республикасының Стамбул қаласында ақшалай қаражатты ұрлауға бағытталған тікелей ниетпен қозғалған Мырзахметов оны (Боранбаев – ҚазТАГ) қылмыс жасауға итермелеп, жауапты мемлекеттік лауазымдарды атқаратын адамдарға және құқық қорғау органдарының лауазымды адамдарына беру үшін қажетті 30 млн доллар көлемінде пара беру қажеттігін көрсетті», - деді прокурор.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың 10 мамырында Мырзахметов $30 млн (Т13,3 млрд) пара алды деген айыппен ұсталған еді.

Кейін «Антикор» Мырзахметовтің үстінен қылмыстық іс қозғалғанын ресми растады. Олигарх Қайрат Боранбаевтың ағасы Абылай Мырзахметов ісі бойынша ықтимал пара беруші ретінде көрсетілді.

Қайрат Боранбаев 2023 жылғы 31 наурызда 8 жылға бас бостандығынан айырылды. 14 қыркүйекте Қаржы мониторингі агенттігі Боранбаев мемлекетке 15 қыркүйекте Т120 млрд.сомасындағы активтерді кәсіпкерге қайтарғанын, бас бостандығынан айыру мерзімін 6 жылға дейін қысқартқанын хабарлады. Онан соң, Қайрат Боранбаев мемлекет меншігіне бірсыпыра активтерін қайтарып беріп, бостандыққа шыққан еді.

14 қазанда Боранбаевпен байланысты Маңғыстау облысындағы «АҚ Phystech II» мұнай компаниясының 100% акциясын мемлекетке сыйға тартылғаны хабарланды.

Abai.kz

11 пікір