Сейсенбі, 30 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3346 0 пікір 22 Қазан, 2013 сағат 06:46

Қажымұқан ҒАБДОЛЛА. Неге сүйсініп , неден сескендім?..

Нән партия нөкерлері бас қалада тағы да бас қосып, төс қағыстырып, кеңқолтық кеңес құрды. Ұзынқұлақтың ақпары бойынша, жиылған ығай мен сығай 1200 кісіге жетіп-жығылады дейді...

 «Саяси Доктринасының жобасы» дейтін ашықсаң – ас болмайтын, шөлдесең – су болмайтын құжатты қырық құрақ қылып құрап, әйтеуір, «бірауыздан» мақұлдады. Сонда қарияның зейнетақысына көк тиын қоспайтын, дипломы бар жас маманға жұмыс тауып бермейтін, елде ең болмаса титтей түйме де шығаратан шағын зауыт ашпайтын Доктрина кімге керек? Кімнің тесігін жамайды?..

 Былжыраған әдемі сөз, былыққан бәтуәсіз уәде...

 Бірақ, бір нәрсеге сүйсіндік, екі нәрседен сескендік...

Сүйсіндіргені: нән ұйым орта таптың салық салмағын арттыруға жол бермейтіндігін айтып, жұрттың қал-қауқарының, әлеуеттің әлеуметтік күшінің жоғарғы салықтарды көтере алмайтынын мойындады.

 Мемлекеттік бюджет – жаңбырмен толмайды, халықтың қалтасынан жиналады. Бұл – түсінікті. Бірақ, әлем бойынша ең төменгі корпоративтік және 10 пайыздық табыс салықтары біздің елімізде ғана бар. Енді бұның әділетсіз тұсы: біз де миллионер де, жұмысшы да бірдей он пайыздық табыс салығын төлейді. Мұның өзі әлеуметтік әділетсіздік.  

 Қазір елімізде дәулетті адамдар тобы қалыптасты. Бұл заңды құбылыс. Дәулетті адамдардың көптігі ешкімге зиян емес. Әйткенмен, ауқатты адам өз байлығын осы күнге жеткізген елдің дамуына бағыттауы қажет. Сондықтан, салықтың жоғарғы мөлшерін дәулетті адамдарға ғана салу – әрі әділетті, әрі дұрыс. Элиталық баспана, қымбат автокөліктер орташа шаруада жоқ, сосын, арақ-шарап, темекі секілді дүниелерге жанама салық енгізу де қажет.

 Ал, бізді бірінші сескендіргені: 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап, мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы 50 пайызға артады. Дәлірек айтсақ, қарапайым қатардағы ауыл әкімшілігі маманының емес, мүйізі қарағайдай «А» корпусы мемлекеттік қызметшілерінің, яғни, «мемлекеттік бюджет» деп аталатын алып тайқазанның маңайына сорпаның майын қалқып ішіп, шайқап төгіп жүрген байбатшалардың жалақысы екі есеге дейін өсетін болды. Сірә, бұл – «А» корпусының «атаманы», Президент Әкімшілігінің басшысы Кәрім Мәсімовтың бастамасының жеңісі шығар... Бірақ, өз бастығынан 30 есе аз жалақы алатын ортанқол мемлекеттік қызметкер әлеуметтік теңсіздікті көріп отырып, тиімді жұмыс істей қояр ма екен?!.

...Екінші сескенуімізден өзіміздің есіміз шықты. Елбасы әдеттегідей Қазақстан халқына алғысын білдіріп, ақырында, былай деді: «Біз бабаларымыз сан ғасырлар бойы аңсаған арманға қол жеткізгенімізді мақтан ете білуіміз керек. Ұлтымыздың ұлы тарихының жаңа тарауы қуатты да табысты тәуелсіз мемлекеттің шежіресі болып жазылуда. Айтатын сөз біреу-ақ: елдің бірлігі – қазақтың бірлігі. Қазақстан халқы ерлік пен бірліктің үлгісін көрсетті. Соның арқасында осындай табыстарға жеттік. Тәуелсіздіктің қиыншылықпен келіп, оны ұстап қалу оңай емес екенін халқымыз білді. Осыны түсініп, бір жұдырықтай жұмылып отырған халқыма шын жүрегімнен бақыт тілеймін!..»

Бұл не? Шаршап-шалдыққан, біржола болдырған адамның сөзі ме?

Әлде, қимай қоштасу ма?!.

Abai.kz

0 пікір