Жексенбі, 12 Мамыр 2024
Билік 1999 8 пікір 10 Қаңтар, 2024 сағат 13:26

Су жаңа қала - Алатау қаласы құрылды

Елімізде жаңа қала пайда болды. Президент Тоқаевтың жарлығында: «Алматы облысының Іле ауданы одан Жетіген ауылын бөлу жолымен қайта ұйымдастырылсын. Алматы облысы Іле ауданының Жетіген ауылы облыстық маңызы бар қала санатына жатқызылсын және оның атауы Алатау қаласы болып өзгертілсін», - делінген.

Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қаланың ауданы - 88 мың гектар. Онда бүгінде 52,7 мың адам тұрады.

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, жаңа қаланы құру жол желілері, инженерлік, әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін модернизациялауға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, инвестицияларды, технологияларды, қосымша қаржы ағындарын тартуға, кәсіпкерлік белсенділікті дамытуға, салық түсімдерін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде өңірдің инвестициялық тартымдылығы мен экономикалық тұрақтылығын жақсартуға ықпал етеді.

Сонымен қатар, Үкімет АЭА (арнайы экономикалық аймақ) аумағын 30 мың гектардан 96,5 мың гектарға дейін кеңейту мен G4 City АЭА-ны Alatau АЭА-ға қайта атау туралы шешімді мақұлдады. Осылайша, Алатау қаласының барлық аумағы және Қонаев қаласының бір бөлігі АЭА аумағына жатқызылады.

Су жаңа қала әрқайсысының өзіндік даму бағыты бар төрт ауданға бөлінбек: инвестициялық аймақ – Гейт сити, ауыл шаруашылығы аймағы – Голден ауданы, жаңа кәсіпорындары бар – Гровен ауданы, туристік аймақ – Грин сити болмақ. Алатау қаласы бас жоспарының архитекторы Серсембек Жүнісовтың айтуынша, жаңа қала болашақта экономикалық аймаққа айналады.

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1955
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2235
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1838
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1545