Сәрсенбі, 15 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3565 0 пікір 7 Қазан, 2013 сағат 05:05

Венера МИРЛАН. Маңғыстаудың маржаны

 

1973 жылы құрылған Қарақия ауданы – Маңғыстау облыстың оңтүстігінде орналасқан.  Бұл аудан 1997 жылға дейін Ералиев ауданы деп аталып келді. Бұл аймақты – «Маңғыстаудың маржаны» деп те атайды. Аумағы жөнінен облыста ең үлкен аудан атағы бар. Аудан құрамындағы 10 елдімекен  мен 2 кент, 5 ауылдық округке біріктірілген. Орталық – Құрық селосы. Ауданның жер бедері негізінен жазық, солтүстік-шығысы Үстірт аумағында. Мұнда Қазақстандағы теңіз деңгейінен төмен жатқан барлық ойыстар орналасқан.  Ауданның батысындағы Ащысор мен Қарақия ойыстарын Маңғыстау мен Кендірліқиясай үстірттері бөліп жатыр. Ауданның ең биік жері Батыс Үстірт кемерлі шыңындағы Қараман шоқысы да бар. Мұнда Қазақ шығанағы, Кендірлі, Ақсу, Тоқмақ шығанақтары бар. Бұларды кезінде Исан түбегі деп атаған. Мұнда теңіз адының әсерінен пайда болған неше түрлі ғажайып бағаналар, үңгірлер мен қуыстар жиі кездеседі. Қарақия ауданының жер қойнауында мұнай мен газдың, ұлутастың, уранның кендері мол. Маңызды мұнай кен орындарына Жетібай кенті жатады.

 

1973 жылы құрылған Қарақия ауданы – Маңғыстау облыстың оңтүстігінде орналасқан.  Бұл аудан 1997 жылға дейін Ералиев ауданы деп аталып келді. Бұл аймақты – «Маңғыстаудың маржаны» деп те атайды. Аумағы жөнінен облыста ең үлкен аудан атағы бар. Аудан құрамындағы 10 елдімекен  мен 2 кент, 5 ауылдық округке біріктірілген. Орталық – Құрық селосы. Ауданның жер бедері негізінен жазық, солтүстік-шығысы Үстірт аумағында. Мұнда Қазақстандағы теңіз деңгейінен төмен жатқан барлық ойыстар орналасқан.  Ауданның батысындағы Ащысор мен Қарақия ойыстарын Маңғыстау мен Кендірліқиясай үстірттері бөліп жатыр. Ауданның ең биік жері Батыс Үстірт кемерлі шыңындағы Қараман шоқысы да бар. Мұнда Қазақ шығанағы, Кендірлі, Ақсу, Тоқмақ шығанақтары бар. Бұларды кезінде Исан түбегі деп атаған. Мұнда теңіз адының әсерінен пайда болған неше түрлі ғажайып бағаналар, үңгірлер мен қуыстар жиі кездеседі. Қарақия ауданының жер қойнауында мұнай мен газдың, ұлутастың, уранның кендері мол. Маңызды мұнай кен орындарына Жетібай кенті жатады.

Биыл Қарақия ауданының құрылғанына – 40 жыл. Осы жылдар аралығында аудан  құлдырау да, шарықтау да кезенің бастан кешті. Ауданда өндіріс ошақтары аз болғанына қарамастан, даму қарқыны жағынан облыста үшінші орынға тұрақтаған. Қазір Қарақия ауданында 32 000-нан астам адам тұрады.

Ауданның мерейтойы аясында үш нысан пайдалануға берілді. Олар: «Нұр Отан» ХДП-ның жаңа ғимараты мен 24 пәтерлі екі тұрғын үй және кәсіптік техникалық колледж болатын. Алдымен ауданның мерейтойына орай мәдениет үйінде салтанатты жиын өтті. «Қарақиям – мерейлі мекенім» деген атпен арнайы көрме де ұйымдастырылды. Жиында ауданның соңғы жылдарда қол жеткізген жетістіктері айтылып, облыс басшысы Алик Айдарбаев ауданның экономикалық даму көрсеткіштеріне тоқталды.

«Аудан өткен ғасырдың 70-80 жылдарында тек республикаға танымал ғана емес, сол кездерде бүкіл Одаққа танымал аудандардың қатарында болды. Бұл жылдарда танымал мұнайшылар қара алтынды игеруде елеулі еңбек етті. Ал Қарақия ауданы тәуелсіздік жылдарында да дамудың жаңа бағытына аяқ басты. Қазіргі кезде ауданда  әлеуметтік-экономкалық даму мен халықтың әл-ауқатын жақсарту бағытында біршама оң істер атқарылуда. Осы уақытта бұл ауданда өндірілген өнім жалпы облыс көлемінің 3/1 бөлігін құрайды. Аудан аумағында мұнай, ұлутас, әрлеуші плиталар өндірілісе, ауылшаруашылығында төрт түлік мал өсіріледі. Мал басы да жылдан-жылға өсіп, олардың өнімдерін қайта өңдеу саласында да айтарлықтай жетісіктер бар»,-деді өз сөзінде А.Айдарбаев.

Мұнан кейін ауданның дамуы жолында аянбай қызмет еткен түбек ардагерлерінің еңбектерін бағалау мақсатында облыс әкімі арнайы мараппаттау шарасын өткізді.  Денсаулық сақтау, мәдениет, білім, құрылыс салаларында еңбек еткен ардагерлердің ерең еңбектерін бағалап, өз қолымен медаль тағып, сый-сыяпат көрсетті.

«Қарақиямыздың табиғаты көркейіп, өз қазынамызды өзіміз өңдейтін дәрежеге жетіп, салт-дәстүрімізді, ұлттық құндылықтарымызды ұрпақтан-ұрпаққа аманат етіп жеткізе берейік. Жылдан-жылға еңбегімізді елеп, мерекеге арнайы шақыртып, құрмет көрсетіп жатқан азаматтарға алғыс айтамын. Мереке құтты болсын!»,-деп өз құттықтауын жеткізді ҚР Еңбек сіңген мәдениет қайраткері, Маңғыстаудың аға домбырашысы, Орын Құлсариев.

«Нұр Отанның» жаңа ғимараты

Мемлекет басшысы  «Нұр Отан» партиясына нақты тапсырмалар берген болатын. Оның ішінде жергілікті жердегі партия филиалдарының материалдық-техникалық базасын нығайту, оларды бүгінгі заманғы электронды техникалармен, автокөліктермен қамтамасыз ету тапсырылғанын болатын. Осыған орай қазіргі таңда жер-жерде ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр.

 Соның айғағы мерейтой аясында, Құрық кентінде «Нұр Отан» ХДП-ның жаңа ғимараты пайдалануға берілді.  Онда қоғамдық қабылдау өткізілетін кабинеттер, мәжіліс залы да бар. Ауыл тұрғындарынан келіп түсетін арыз-шағымдар да енді осында қаралатын болады.

«Партия ғимаратының кеңсесі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырысымен салынды.  Жақында партиямыздың  ХV съезі өтеді. Сол съезде жаңа докторина қабылданады. Жаңа кеңседе жұмыс жандана берсін», – деді ғимаратты салтанатты түрде ашқан А.Айдарбаев.

 

Жаңа үйлер сап түзейді

Мерейтой күні 48 отбасы қоныс тойын тойлады. «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша Құрық кентінде төрт қабатты 24 пәтерлі екі тұрғын үй қолданысқа берілді. Кезекте тұрған тұрғындардың армандары орындалды. Мұндай қуанышқа жас отбасылар, ұстаздар, ата-ана қамқорлығынсыз қалған жетімдер, мемлекеттік қызметкерлер кенелді. Облыс басшысы тұрғындарға салтанатты түрде пәтер кілтін табыс етті.

Облыс басшысының қолынан пәтер кілтін алғандардың бірі – Арман

Қосалиев. Ата-анадан ерте айырылған Арман мен қарындасы тағдыр тауқіметін көп көрген. Бүгін міне, тілек орындалып, пәтерге ие болды.

«Елбасының салиқалы саясаты бойынша көптеген мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр. Солардын бірі – «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасы. Жаңа пәтердің кілтіне ие болған қай отбасы үшін де есте қалар мереке. Үймелі-сүймелі ұл мен қызды тәрбиелеп отырған отбасымыз. Өзіміздің жеке пәтеріміздің болғанын көп күттік. Бүгін сол тілек орындалды», – дейді Арман.

2015 жылға дейін ауданда осындай тұрғын үйдің бірнешеуі тұрғызылады деп жоспарланған. Өйткені Құрық кентінде тұрғын үй кезегінде 400-ден астам адам тұр. Жыл соңына дейін Қарақия ауданына қарасты үш елді-мекендерде де тұрғын үйлердің құрылысы аяқталады деп жоспарланған.

«Мұнайшы, Жетібай елді-мекеніндерінде төрт қабатты тұрғын үйлер пайдалануға беріледі. Сондай-ақ, Бостан, Құланды, Сенек елді мекендерінде сегізден он екі пәтерге дейін тұрғын үйлер пайдалануға берілді. Аудан көлемінде тұрғын үй мәселесі  «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасымен шешімін тауып жатыр»,-дейді Қарақия ауданының әкімі Әділбек Дауылбаев.

Сонымен қатар, Құрық кентінде үш қабатты шипажай типтегі мектеп-интернатта пайдалануға берілмек. Бұл өз кезегінде бір ауысымда 300 оқушы мен 75 бүлдіршінді қабылдайтын болады. Аталған нысанды осы  жылдың қазан айында тапсыру жоспарланған.

Қарақия ауданы ауыз сумен 70 пайыз қамтылған. Алдағы жылда ауданды 95 пайыз  ауыз сумен қамту да жоспарланған.

 

Келешекке – кемел біліммен

 

Сонымен қатар, ауданда алғаш рет 400 орындық кәсіптік техникалық колледж бен жатақхана пайдалануға берілді.

«Мұндай жатақанаға жату тегін, асханада тегін тамақтандырады. Біздің оқу ордамызға тек өзіміздің облыс көлеміндегі жастар емес, Атырау облысына, Құлсары, Сағыздан келіп студенттер оқып жатыр. Десе де ең бірінші Қарақия ауданының балаларын қамтып отырмыз. Қазіргі таңда бізде 170 студент білім алып жатыр», – дейді директордың оқу өндірістік орынбасары Зоя Еспанова.

Сондай-ақ, осы оқу орны биылдан бастап «Ерсай» мекемесіне сервистік қызмет көрсетеді. Мекеме қызметкерлерінің жұмыс киімін тігіп беруге тапсырыс алған.

Басты байлық – денсаулық

Қарақия ауданында денсаулық сақтау жүйесінде 10 денсаулық сақтау мекемесі бар. Біз бас сұққан Қарақия орталық аудандық ауруханасының ірге тасы 1978 жылы қаланған. Араға 31 жыл салып ауруханаға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген көрінеді.

 Ауруханада отыздан астам дәрігер жұмыс істейді. Кадр тапшылығы мұнда да білінеді. Хирург, лор мамандары жоқ екен.

«Аудан тұрғындары хирургтың болмауынан  қалаға қатынап емделеді. Хирургиялық бөлімшеміз замануи құрал-жабдықтармен жабдықталған, тек маманымыз жоқ. Бұл мәселе де алдағы уақытта шешімін табады деген сенімдеміз. Ауруханаға «Ерсай» мекемесі медицина қалдықтарын өртейтін муфельдік пешті сыйға тартты. Бұл өзге аудандарда тапшы құрылғы», – дейді Қарақия орталық аудандық ауруханасының басшысы Нұрбек Сұлтан.

"Абай-ақпарат"

    

    

   

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2025
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2440
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2026
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1587