Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Қылмыс 1036 1 пікір 9 Қаңтар, 2024 сағат 13:31

Әділдік жоқ жерде сенім де жоғалады...

Қоғамда қара қылды қақ жарған әділ сот болмаса, халықтың сеніміне үлкен селкеу түседі. Мына бір күмәнді жағдай мені терең ойға батырып отыр. Жақында әлемжеліден көрдім: Қызылжарда статистика басқармасында жұмыс істейтін жас жігіт отбасымен пәтерде тұратын көрінеді. Пәтер ақысын уақытында төлемеген соң, оның иесі мазалай берсе керек. Соған төзбеген 28 жастағы жігіт алдын ала пышағын дайындап, әлгі қарияны күтіп отырған. Ол келген бойда, әй-шайға қарамастан пышақты оңды-солды салған, ол қайырылып қалған соң, екіншісін алған. Ол да сынған соң, тепкінің астына алып, ақыры қарияны өртеп жіберген.

Сонымен сот болды. Жазықсыз жанды қатігездікпен өлтірген адамға прокуратура 17 жыл сұрайды, ал біздегі аса гуманды сот оны небәрі 11 жылға бас бостандығынан айырады.

Енді оқырмандарға бір сұрақ? Ешкімге залалы жоқ қарияны асқан қатігездікпен өлтірген адамға асқан жанашырлықпен қараған сотымыз, өзінің жап-жас жарын айуандықпен өлтірді деген күдікке ілінген Бишімбаевқа қандай үкім шығарар екен?

Қанша дегенмен оның ана жігіттей емес, «ашу үстінде байқамай, қолым қатты тиіп кетіп еді» дегеннен тапжылмаса ше?

Айырмашылық бар ма, жоқ па? Сотқа қосымша дәлел болып қалмай ма? Оның аяғы жұмсақ үкімге әкеліп соқтырмай ма? Бишімбаевтар осал адамдар емес қой, қайдағы бір статистпен салыстыратын.

Ортаға салатын бір күдігім осы еді.

Жайберген Болатов

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 160
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 72
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 51