Дүйсенбі, 20 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2581 0 пікір 11 Қазан, 2013 сағат 12:08

«Бәйтерек» Ұлттық Басқарушы Холднигнің кезекті отырысы өтті

Бүгін Үкіметте ҚР Премьер-министрі   С.Н.Ахметовтың төрағалығымен  «Бәйтерек» Ұлттық Басқарушы Холдингі» АҚ Директорлар Кеңесінің  кезекті  отырысы өтті
               Директорлар Кеңесі Delloitte компаниясы  Холдингтің тапсырысымен  жүргізген  10 еншілес компанияның ағымағы қаржылық ахуалын диагностикалау қорытындыларын қарастырды.
           Жетістіктермен қатар, әрбір компанияның  жұмысындағы  жүйелі сипаттағы мардымды кемшіліктер де анықталды. Олардың арасында берілген несиелер мен инвестициялар, түйіткілді активтер сынды  өткен жылдардан қордаланып қалған мәселелер  бар. Диагностика  нәтижелері бойынша Директорлар Кеңесі даму институттарындағы тәуекел жүйесі, олардың жариялылығы, бөлінген бюджеттік қаражаттың тиімді пайдаланылуы туралы қорытындылар жасады. Директорлар кеңесінің қарауына әрбір қаржы институтының жұмысын жақсартуға бағытталған жоспар ұсынылды.
            Алдын-ала мәлімет бойынша, қаржы институттарын «Бәйтерек» холдингіне шоғырландырып, қаржы ресурстарын басқаруды үйлестіру арқылы мемлекет  жыл сайын 15 млрд теңге қаржы үнемдейді.

              Сонымен қатар, Холдинг өзінің еншілес мекемелерінің инвестициялық белсенділігін арттыру арқылы болашақта ұлттық экономикаға ірі инвестициялық жобалар мен шағын және орта кәсіпорындарды қаржыландыруға 4 млрд доллар қаржы тартуды көздеп отыр. Қазіргі таңда «Бәйтерек» Холдингі тиісті шаралар жоспарын жасауда.
                 Отырыста үш акционерлік қоғамның акция пакеттерін Холдингтің жарғылық капиталына беру мәселесі қаралды. Олар: «Қазақстан Даму Банкі» АҚ; «Қазақстан Ипотекалық компаниясы» АҚ;  «Қазақстан ипотекалық несиелерді кепілдендіру қоры» АҚ. Бұл компаниялар осы уақытқа дейін Холдингтің сенімді басқаруында болған. Тағы жеті қаржы институты Холдинг меншігіне биылғы жылдың тамыз айында өткен болатын.   
«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 мамырдағы Жарлығына сәйкес құрылды. Холдингтің мақсаты  экономиканы диверсификациялауға ықпал ету,  инвестиция тарту, кластерлерді дамыту, өзінің еншілес компанияларында корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру болып табылады. Холдингтің  жарғылық капиталына  «Қазақстан Даму банкі» АҚ; «Қазақстан инвестициялық қоры» АҚ, «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ,  «Қазэкспортгарант» АҚ, «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ,  «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ, «Қазақстандық ипотекалық несиелерді кепілдендіру қоры» АҚ; «KazynaCapitalMenegmant» АҚ, «Стресстік активтер қоры» АҚ  сынды  мемлекеттік қаржы институттары берілген.
 «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ баспасөз қызметі:  8 7172  91 92 04

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2184
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2580
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2494
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1679