Сәрсенбі, 15 Мамыр 2024
Билік 1926 0 пікір 26 Желтоқсан, 2023 сағат 18:38

Сандық жүйе сапаның кепілі

«Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК биыл бизнес процессті цифрлық жүйеге ауыстыру бойынша көп жұмыс атқарды. Бұл арқылы уақыт пен қаржы үнемдеп жемқорлық тәуекелдерінің алдын алды.   

Жалпы компания жол инфрақұрылымының сапасы мен тиімділігін жақсартуға бағытталған инновациялық жобаларды әзірлеу және қолданысқа енгізумен айналысады. Компания мамандары соңғы жылдары әзірлеп қолданысқа енгізген жобасының бірі – «KazRoadLab».

ЖАСҰО Ақпараттық технологиялар жөніндегі басқарушы Қайрат Нұртаев: «Біздің мамандар «KazRoadLab» мобильді қосымшасын пайдаланады. Бұл бағдарлама жұмыс орнында деректерді жинауға және дәл сол уақытта орындалған жұмыстар актілерін толтыруға, сынақ нәтижелері туралы деректерді енгізуге, актілерді фотоға түсіруге және тіркеуге, сараптама нәтижелерін мобильді құрылғылардан орталық порталға жіберуге мүмкіндік береді. «KazRoadLab» бағдарламасы жол саласының инженерлері үшін таптырмас құралға айналды. Бұл жұмыстың тиімділігін арттыруға ықпал етеді, сонымен қатар жол объектілерін тезірек және сапалы тексеруді және жөндеуді қамтамасыз етеді»,- дейді.

Аталған жұмыстар бұрын қолмен істелген. Енді бұл жұмыстың барлығы цифрландырылды. Яғни сынама нәтижелерін өзгерту мүлдем мүмкін емес. Жолдан сынама ретінде алыған кескіндерге QR сканерлеу кодтарын жапсыруда қолға алынды. Бұл Сапа орталығының келесі инновациялық шешімі. QR кодтары арқылы негізгі ақпаратқа жылдам қол жеткізуге болады.

ЖАСҰО-ның келесі тың жобасы - ведомстволық сараптама порталы. Бұл жұмыс процесін жеңілдетеді және жол жобаларындағы техникалық кемшіліктер мен тәуекелдерді тез және сенімді анықтайды.

«ВСП-бұл автомобиль жолдарын орташа жөндеу үшін техникалық құжаттамада қабылданатын шешімдердің негізділігін арттыру мақсатында сараптама нысандарына талдамалық баға беруге бағытталған іс - қимылдарының автоматтандырылған жүйесі»,- дейді ЖАСҰО Ақпараттық технологиялар жөніндегі басқарушы Қайрат Нұртаев.

ЖАСҰО Ақпараттық технологиялар бөлімі бас маманы Кирилл Гриненко виртуалды тренажер әзірледі. Бұл қызметкердің кәсіби білігін арттыру мен білімін жетілдіруге көмек құралы. Арнайы көзілдірік арқылы маман витруалды түрде күнделікті жұмыс процесін атқарады.

«Тренажер зертхана инженерлеріне жол зерттеулері мен техникалық сараптама саласындағы дағдыларды жетілдіруге көмектеседі. Оқытудың бұл тәсілі қызметкерлердің кәсіби деңгейін және жол жұмыстарының сапасын арттыруға ықпал етеді», - дейді Кирилл.

Жол активтері сапасының ұлттық орталығы жол саласын цифрландыруды дамытуға елеулі үлес қосады. Оның инновациялық жобалары жолдар мен жол қозғалысы қауіпсіздігін жақсартады және ұйымның ішкі процестерін оңтайландырады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2019
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2437
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2020
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1587