Сәрсенбі, 15 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3933 0 пікір 7 Қазан, 2013 сағат 05:12

Айдос Сарым. Байқоңыр немесе жалғасып келе жатқан жалған

Байқоңыр ғарыш айлағына қатысты, нағашы жұртқа барған кезде Сыр елі азаматтарының өздері таң қалатын сұрақ бар еді: «Осы «Байқоңырды» неге Байқоңыр деп атаған? Ғарыш айлағы тұрған жердің аты – Төретам. Айналада Байқоңыр деген әулие-әнбия жоқ. Неге?».
Жақында мынадай дерек таптым.
Кеңес заманында ғарыштық зерттеулермен, ғарыш айлағын салумен ең алдымен әскерилер айналысқан. Сыртқы-ішкі жауларымыз бейхабар болсын деп, барлығын да шифрлаған, құпиялаған. 1950 жылдары Төретам маңында салынған ғарыш айлағын «Тайга» деп атапты.
Әскерилер жүрген жердің жартысы былық, жартысы қулық. Байқоңыр дегеніміз қазіргі Қарағанды облысы, Ұлытау ауданындағы елдімекеннің аты. Онда бүгіндері 500-ге жуық адам тұра ма, тұрмай ма, білмейді екенмін.
1956 жылы осы Байқоңыр маңынан әскерилер сыртқы жауды алдау, нағыз орнын жасыру мақсатында «жалған ғарыш айлағын» құрған екен. Осы Байқоңыр ауылы қазіргі Байқоңыр қаласынан шамамен 300 шақырым жерде орналасқан.

1961 жылы Юрий Гагарин ғарышқа ұшқан кезде әскерилер оның ұшқан жерін жариялауға мәжбүр болып, «КСРО-ның, әлемнің тұңғыш ғарышкері Қазақстандағы Байқоңыр деген жерден ұшырылды» деуге мәжбүр болады. Артынан басқа да ғарышкерлер жер орбитасына шыға бастайды. Біраз уақыт өткен соң, ол жерден шетелдіктер де ұша бастайды. Бұрынғыдай құпияландырудың қажеті шамалы болып қалады. Есесіне, әлдебіреулердің «мына орыстар әлемді алдап жатыр» демеуі үшін ғарыш айлағын ресми түрде «Байқоңыр» деп атап кетіпті. Оған қызмет ететін қалашықты алдымен «Ленинск», Қазақия Тәуелсіздігін алған соң да Байқоңыр деп атауы өзгермеді.
Байқоңырдың қысқаша әфсанасы осы.
Кезінде осындай бір әскери-географиялық жалғаннан басталған Байқоңыр тарихы, өкінішке орай, әлі де сол орыс әскерилерінің кесірінен, өз билігіміздің иттігінен гептицид болып, қазаққа қасақана жасалған қысастық болып, күнделікті жалған болып жалғасып келеді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2058
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2488
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2082
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1601