Сәрсенбі, 15 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3374 0 пікір 3 Қазан, 2013 сағат 14:24

Ажар Хабиева: «Мен қазақша білмеймін»

Алматының ауа-райы жыл сайын өзгеріп барады. Жайлы қыс – қары қалың, дым бүрккен аязға айналса, ыстық жаз – қоңыр салқынға көшіп, күз ерте түсіп, қара суығын ала келетін болды. Әлбетте, табиғатқа адамның талабы жүрмейді. Десе де, табиғатқа адамның зияны тиіп, соның кесірінен табиғат та сырқаттанып тұр. Оның үстіне «жығылғанға жұдырықтай» болып Алатауды көмкерген ағаштар ана жылғы қатты дауылдан соғыс даласында қырылған жауынгерлердей сұлап түсті. Одан кейін құлаған ағашты жинау басталды. Ал, оның орнына ағаш отырғызылып жатыр ма?

Алматының экологиясы туралы әңгіме көп. Тіпті Медеу шатқалына қала ауасын тазартуға көмегі болар арнайы генераторлар орнатайық деген де әңгіме болған. Оның соңы не болғаны белгісіз.

Міне, осы тектес сауалдарға жауап іздедік. Сөйтіп, Алматы қаласының табиғи ресурстар және

табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының баспасөз хатшысы әрі «Медеу» мемлекеттік өңірлік табиғи саябағы басшысының орынбасары Ажар Хабиева ханымға телефон шалдық.

Сөйтсек, екі бірдей мемлекеттік қызметтің құлағын ұстап отырған Ажар ханым мемлекеттік тілді білмейтін болып шықты. Өзімізді таныстырып, жітірлмелетіп сұрағымызды қоя бастап едік, «Я не знаю казахсий» деді. Білдей бір мемлекеттік қызметкер бола тұра, мемлекеттік тілді білмегеніңіз қалай? Білу – міндетіңіз емес пе дегенімізде, орыс тілінде сұрақты жақсы түсінбегенін, ресми хат жазған я жазбағанымызды, телефон нөмірін қайдан тауып алғанымызды сұрады. Бәріне мемлекеттік тілді жауап қатып, уақытымыздың тығыз екенін айтқанымызда «Сіздерде орыс бөлімі жоқ па?» деді. «Өкінішке қарай», біз мемлекеттік тілдегі ақпарат құралы екенімізді айтып, электронды поштамызды жазып жіберсек, сұрақтарымызға жауап бересіз бе деп сұрадық. Келісті. Әрі күттік, бері күттік. Жауап болмады. Міне, табиғатты қорғайтын әрі «Медеу» саябағының сәнін келтіретін мемлекеттік қызметкердің әрекеті.

Есесіне, Алматы экологиясы мен Медеу шатқалына байланысты сауалдарымызға Мэлс Елеусіз «Телефон нөмірімді қайдан алдың?», «Ресми хат жаздың ба?» деп сұрамастан, ықыласпен жауап берді. Экологтың әңгімесінен байқағанымыз, қатарында Ажар Хабиева сықылды қызметкері бар қалалық әкімшіліктің табиғат пен экологияға жауапты мекемелерінің жұмыстарына көңілі толмайды екен.

Мэлс Елеусізов, эколог, «Табиғат» одағының жетекшісі:

- Дауылдың салдарынан құлаған ағаштарды жинау ісі біршама қиын. Таудың аса биік жерлеріндегі ағаштарды алу мүмкін емес, ол солай жатады. Ал, жиналған ағаштың орнына біртіндеп ағаш отырғызылу керек. Негізі Таудағы ағаштарды қиратқан дауылға бір жағынан қала әкімшілігі де кінәлі. Себебі, қала ішіндегі ағаштарды жыл сайын отап, қала экологиясының быт-шытын шығарды. Соның салдарынан газ мөлшері көбейіп, қаланы қыздырып жібергеннен кейін дауыл болды. Сондықтан қала әкімшілігінің экологияға қатысты істеп жатқан шаруаларына көңілім толмайды.

Ал, қала экологиясын жақсарту үшін Медеу шатқалынан арнайы генераторлар салу туралы ойдан гөрі, біз ең әуелі Медеу шатқалындағы бар ағашқты, өсімдікті сақтап, өсіріп, соның тазалығын жолға қойсақ та жеткілікті. Ал, генетор орнату деген ол өте қымбат әрі қиын іс.

Ағаштар – біздің өкпеміз. Алматыдағы шырша, қарағайлар газдың көптігіне шыдамай қарайып, өліп жатыр. Ал әкімшілік болса, ағаш кесумен ғана айналысатын секілді. Мысалы, биыл екі мың ағаш кесуді жоспарлапты. Әкімшілік үлкен ағаштарды отап, оның орнына шыбық отырғызады. Ол солып қалады. Оны алады да қайта отырғызады. Сөйтіп, олар ағаштан ақша тауып отыр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2041
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2473
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2054
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1595