Сенбі, 4 Мамыр 2024
46 - сөз 3502 0 пікір 12 Желтоқсан, 2023 сағат 15:28

139-шы дивизия қалай жойылды?

1939 жылы, 12-желтоқсанда Кеңес сарбаздары Финляндия жеріндегі жорығын жалғастырды. КСРО Финляндияға ресми түрде 39-дың 30-қарашасында соғыс жариялаған болатын. Фин әскері артқа шегіне отырып, ұрыс салды. Қалың қарда шаңғымен жүйткіп, партизандық соғыс жүргізді. Жол бойына қарағай, шырша және емен ағаштарын құлатып, жау техникасын бөгеуге тырысты. Бетпе-бет ұрыстан қашқақтады, себебі КСРО-ның сарбаз саны да, техника саны да финдерден әлдеқайда көп болатын.

Алайда 12-желтоқсанда КСРО мен Финляндия әскері бетпе-бет соғысты. Мәскеу Финляндияның Толваярви көлінің бойындағы кіші елді-мекендерді басып алып, шепті бұзып, блицкриг жасауды ойлады. Сол мақсатта 139-шы дивизияны аттандырды. Онда 22 мыңға жуық сарбаз болатын. Әскерді (кейінгі шені генерал-майор) Николай Беляев басқарды.
Фин әскеріне Пааво Талвела басшылық етті. Онда бар болғаны 4 мыңға жуық сарбаз болды.

Алғашқы шайқастар 6-желтоқсанда басталып кеткен еді. Бұл барлау және қарсы барлау жүйесінің сарбаздары болатын. Ал нағыз шайқас екі әскер арасында 12-желтоқсанда болды. Финдер санының аздығына байланысты кіші топтарға бөлініп, көл маңына қорғаныс шебін құрды. Шайқас Толваярви маңындағы ауылда және ауыл тұсындағы биіктікте өтті. Орман мен қалың қар ұрыс қимылдарын қиындатты. Фин жауынгерлері ормандағы кіші жолайрық маңында қарсыласты қоршауға алып, бірнеше мәрте қырып салды. Сол күнгі шайқаста Кеңестің 139-шы дивизиясы 2000-4000 мың сарбазынан айырылды. Тағы 5 мыңға жуығы жарақат алды. Жүздеген техниканы ұрыс даласына тастап кетті, ал жүздегені жойылды. Фин әскері Ресей тарихшыларының бағалауынша 150-ге жуық сарбазын жоғалтқан, 300-ге жуығы жарақат алған. Кеңес сарбаздары шегініп кетті.

Араға он күн салып, фин сарбаздары 139-шы дивизияға Ягляярви көлінің маңында тағы бір мәрте соққы жасап, мыңға жуық сарбазын қырып тастады. Жалпы бұл 139-шы дивизия жеңілістен көз ашпаған көрінеді. Өзі 1939-дың күзінде құрылған. Фин соғысында талай жеңіліс тапты. 1941-жылы Кеңес-Герман соғысы басталғанда бірнеше мәрте түрлі басқару штабтарының құрамына өтіп, ақыры Киевті қорғау үшін жіберілген. Сөйтіп 1941 жылы Киевті қорғау операцияларына қатысып, Германия әскерінің қоршауына түсіп, түбегейлі жойылған.

Суретте Толваярви шайқасынан кейін олжа болған кеңестік техникалар. 1939 жыл, 13-желтоқсан.

Асхат Қасенғали

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1199
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1093
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 829
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 966