Жұма, 3 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3481 0 пікір 25 Қыркүйек, 2013 сағат 05:39

«Жас азамат» газетінің бесінші саны

ЖАС АЗАМАТ

 

Шығарушы:

Қошмұхамет Кемеңгерұлы

 

Бастырушы:

Алаш серіктігі

 

 

5 - сан

1918 жылғы 1 сентябрь

 

Петропавл қ.
Ағылан [құлақтандыру]

 

Мұғалім учительдер съезі

Ақмоланың обласной земский управасының қазақ бөлімі 20 -ншы августа болады деген мұғалім учительдер съезін ескіше бірінші сентябрьге қалдырды.

Ақмола облысына қараған барлық қазақ школдарында екі кластық ауыл мектептерінде бала оқытушылардың һәм тәртібі құрамында мұғалім болғандардың обласнтой жиылысы болады.

 Мұғалім учительдердің жол расходы пәтер тамағы земстводан беріледі.

Съезде қаралатын мәселелер:

1) Үлгілі ел мектебі.

2) Мектепке лайықты үйлер.

ЖАС АЗАМАТ

 

Шығарушы:

Қошмұхамет Кемеңгерұлы

 

Бастырушы:

Алаш серіктігі

 

 

5 - сан

1918 жылғы 1 сентябрь

 

Петропавл қ.
Ағылан [құлақтандыру]

 

Мұғалім учительдер съезі

Ақмоланың обласной земский управасының қазақ бөлімі 20 -ншы августа болады деген мұғалім учительдер съезін ескіше бірінші сентябрьге қалдырды.

Ақмола облысына қараған барлық қазақ школдарында екі кластық ауыл мектептерінде бала оқытушылардың һәм тәртібі құрамында мұғалім болғандардың обласнтой жиылысы болады.

 Мұғалім учительдердің жол расходы пәтер тамағы земстводан беріледі.

Съезде қаралатын мәселелер:

1) Үлгілі ел мектебі.

2) Мектепке лайықты үйлер.

3) Мұғалім учительдер ұйымы һәм құқық дәрежесі туралы.

4) Мұғалімдер әзірлеу һәм олардың білімін толықтыру

5) Елге жалпы өнер-білім тарату жолында мұғалім учительдердің қылатын қызметтері.

Бұл программада жазылған басқа және оқу құралдарының көрмесі болмақ.

Орыс тілінде оқылған доклад қазақ тілінде де оқылады.

Акм. Обл. Зем. Управа. Кир. отдел.

 

 

АЛАШ ОРДА

(Омбыдан)

 

Учредителный собрание члендерінен құрылған үкіметпен сөйлесуге барған «Алаш Орда» члены Ахмет Байтұрсынов, Халел һам Жиһанша Досмұхамедовтер 19 августа (жаңаша) Омбыда, Сібір үкіметімен сөйлесіп жатқан «Алаш Орда» бастығы Әлиханды сымсыз телеграфқа шақырып мынадай сөздерді сөйлесті:

 «Алаш Орданың» Сібір үкіметімен сөйлескен жұмысының не болғанын [білуге Сізді] жіпсіз телеграфқа шақырып тұрмыз. Самардағы учредителньное собрание үкімін былай қойып, алдымен Сібір үкіметімен сөйлескендеріңізге өте ғажап қалып отырмыз.

Біз үшінші күні жоғарғы айтылған Самар үкіметінің шет мемлекетпен хабарласып тұратын министрі Видинапинмен сөйлесіп, екінші жалпы қазақ съезінің қаулысын көрсеттік. Видинапин екінші жалпы қазақ съезінің қаулысын үкіметтің қалған мүшелеріне таныс қылып, хабарын бізге жеткізбекші болды.

Комитеттің басқа члендерімен де сөйлестік.

Вольский деген бастығы ішінде бұлардың барлығы да осы күнгі біз білетін жұрттардың сайланып шыққан үкіметтерін біз үкімет деп танымақшымыз. Жалпы Учредителный собрание жиылып, законмен бекіткенше «Алаш Орданы» да басқа жұрттардың үкіметі: Башқұрт, Орынбор, Оралдікі сықылды қазақ жұртының үкіметі деп танимыз деді.

Қазақтың милиция – әскеріне қару-жарақ беру жағынан бұлар тоқтау қылатын емес. Жоғарыда Досмұхамедовтер Орал қазағының әскері үшін Самар үкіметінен 600 мылтық, бірнеше пулемет алып, Орынбор арқылы елдеріне жіберді. Досмұхамедовтер осыдан Челябі қаласында болатын государственное совещаниенің алдыңғы жиылысына бармақшы.

Ол жиналысқа Самара үкіметінің члендері тегіс бармақшы.

Бастығы Вольский мен Видинапин болып, Башқұрт үкіметінің бастығы Зәки Уәлиди де бармақшы.

«Алаш Орда» атынан Халел Досмұхамедов, Ахмет Байтұрсынов, Түркістан автономиясының бастығы Мұстафа Шоқаев бармақшы. Алдыңғы жиылыс 25 августе болмақшы.

Бұл жиылыста қаралатын үлкен жұмыс - әр автономиялы үкіметтерден бас біріктіретін ортадан барлығына бірдей үкімет тұрғызу.

Егерде бұл жиылғандар ынтымақтасып, сөзі бір жерден шыға алса, бұлардың қаулысы бұзылмайтын болып бекімекші.

Бұл совещаниеден үміт зор. «Алаш Орданың» ұнатуы бойынша совещаниеге бұрынғы Учредительное собраниеге сайланып шыққан бар члендер кірмекші. Һәм Автономиялы жұрттардың сайланып белгіленген үкімет члендері кірмекші.

Осы ретпен қарағанда, сіздің келуіңізді өте керек қыламыз.

Досмұхамедовтер Алаш Орданың бар члендерінің Самар үкіметімен сөйлесуге түгел келулерін ұнатады; Өздері екі мыңдай (2000) қазақ милициясын сайлап шықты.

Бұлар Орынбор казак-орыстарымен қосылып, Ақтөбе уезіндегі большевик әскеріне қарсы жүргелі жатыр.

Бұл туралы әуелі атаман Дутовпен сөйлесіпті. Досмұхамедовтер түнеукүнгі «Орал облысының үкіметі» деп сайлаған үкіметтерін «Алаш Орданың» бір бөлімі деп таниды.

Тағы айтарымыз: Жоғарыдағы айтылған Челябинскідегі болатын кеңеске Әлихан келе көрсін, егер ол совещание бір себептермен болмай қалған күнде де, Әлиханның келуі өте керек.

Орал-Еділ бойы һәм Сібір земстволары мен Городской думаларының тығыздығы мен шақырылған съездер бітті. Бұл съезд жоғарғы, орта үкімет тұрғызуды, Самардағы учредительное собрание члендері мен әрбір автономиялы жұрттардың үкіметінің өкілдеріне қалдырған. Съезде осы жұмыс туралы (жоғарғы совещаниеге) орталарынан 5 кісіні сайлаған. Біреуі Ибраһим Ахметов (адвокат).

Бұл сөйлесуден соң, Әлихан сымсыз телеграфпен Семейдегі «Алаш Орданың» қалған мүшелерімен сөйлесіп, 22 августа Челябинскіге жүрмекші болған.

 

 

Ішкі хабарлар

(Областная дума)

Жақын арада Томскіде Сібірдің областная думасы ашылып еді.

Бұл дума өткен күз бір құрылып, Сібір үкіметін сайлап, іске кірісіп отырғанда, большевиктер келіп, қуып [таратып] еді. Бұл соңғы ашылуында 100 шамалы депутат келген. Бұлар тап-тапқа (фракцияға) бөлінгенде, ең күшті фракция социалист- революционер партиясы мен осыдан басқа халықтардың қосылған фракциясы болған. Бұл екеуі де автономия болып, өз жұмысын өзі атқарамын деген жұртқа жергілікті, яки жергіліксіз болсын, дауыс беріп, думада олардың сөзін қуаттамақшы.

Бұлар «Алаш автономиясы» думадан бұрынғы лайықталған күшіне өтуіне бар күштерін салмақшы болған.

Екінші: осыдан басқа халықтардың фракциясы 18-інші августе Ақмола областной комитетіне төмендегі телеграмды берген: «проектілеріңізді комиссия үш күнде қарап бітіреді, одан кейін думаның жиылысына салынады. «Адаш Ордадан» біреу тез келсін», деп.

Телеграм хабарынан кейін «Алаш Ордадан» материал алып, Айдархан Тұрлыбаев кеткен. Сібір үкіметінің басқа халық жұмысын қарайтын министрі Шатилов деген кісі думаға жүрерде «Алаш Орда» кісілеріне: «Мен министр болып тұратын болсам, баяғыдан бергі арманым «Алаш Орданың» автономиясын думаға аңғартып қабылдату. Егер де менің дегенім болмаса, министрліктен түсемін», деген.

Соңғы телеграмма сөзіне қарағанда, областная дума Сібір үкіметі тарапынан жабылыпты. Себебі әзірше мәлім емес.

Не қылған күнде де, Алаш автономиясы болсын, басқа жұрттардың жергілікті автономиясы болсын, өздері қалыпты болып құрылған Сібір автономиясына қарап отыратын көрінбейді. Жоғарыдағы Челябинскідегі совещаниеде барлығы құрдас болып отырып, сыбағаларын бірдей қылып алып шығатын-ақ түрлері көрініп тұр.

Бұл ретте қарағанда Орал бойы Орынбор, Башқұрт, Алаш һәм Сібір бірінің алдына бірі шығып кете алмас.

Біреуіне керек автномия басқаларына керек шығар.

 

БОЛЬШЕВИК ЕМЕС ЕКЕН

Қазақ-қырғыздың басына қиын күндер туғанда, жауына қосылып, өзі көмген қоймасын өзі ашып берген Алаштың арамза ұлдары әр жерден шығып еді. Бірақ, кейбіреулері олардың кінә-сұмдығына көзі жетпей, нақақтан жала жабылып жүргендей көретін секілді.

     Мұндайлар нақақтан күйіп жүр ме екен? Жоқ, Алаш жолына ор қазғаны рас па екен? оқушылардың көзін жеткізгіміз келеді.

     Осы күні Омбы абақтысында Көлбай Төлеңгіт баласы отыр.

     Оның кім екені жұртқа мәлім. Бірақ, бұған жолдас, тілектес болып жүрген бірлі-жарымды адамдар бар. Олардың анық Алаш дұшпаны екендігі, жұртты қан жылатқан большевикке қосылып жүргені көпке белгісіз еді. Көлбай ұсталып, пәтерінде тінту болғанда, талай қағаз, телеграмдар шықты. Бұл қағаздар талайдың абыройын ашты. Мұның бәрін газетке жазуға симайды.

     Жалалы адамның бірі - Семей абақтысында жатқан Нұрғали Құлжан баласы. Мұның кім екендігі «Сарыарқада» жазылған. Осы Нұрғалидің Көлбайға соққан телеграмдары, хаттары табылып отыр.

26 февральда Семейден Омбыдағы Көлбайға мынадай телеграм берген:

«Дулатов Семейге келді. Сәрсенов һәм Әлімбеков совдеппен жұмыс қылып отыр. Мұндай сатылған адамдарды іске кірістіру совдептерге ұят, соларды шығарудың қамына кірісе көріңіз», деді.

 Міржақып Семейге февральдің 22-інде жеткен екен. Төрт күннен кейін Нұрғали шағым телеграмма жіберіп отыр.

Ол кезде «Алаш Орда» өкілдері болсын, басқа азаматтар болсын, Семейге қарай бет алған уақыт еді. Шеткі Семейге алдымен келген Міржақып еді.

Мұның Семейге келгенін білдіріп, телеграммен сұрап отырған Нұрғали, кейінгі «Алаш Орда» мүшелері келгенде де білдіріп тұрғандығына бұл дәлел. Биахмет пен Имамның совдептен шығарылуын тілеген. Мұның себебі мынау: Семейдің қазақ һәм казак-орысы большевикке тізгінді беріп жібермеске, комитетті, сотты, земствоны қорғауға һәм елге большевикті шығармау үшін арбасып отыруға өкіл кіргізген. Қазақ комитетіне кіргендер: Биахмет Сәрсенов һәм Имам Әлімбеков еді.

7 мартта Нұрғали Көлбайға мынадай телеграмма берген.

«Семейге тез келіңіз. Бек керексіз. Шыққандығыңызды білдіріп, телеграм соғыңыз!»

Бұл телеграмды Нұрғали қашан беріп отыр деңіз?

6 март күні большевиктер Қази марқұмды атып өлтірген. Ертеңінде, 7 март күні, Нұрғали қуанғандай, енді бір сойқан салатын ыңғайы келді деп, Көлбайды шақырып отыр.

Мұнан артық құдайдан безгендік, жұрттан шыққандық болар ма!?

26 мартта Көлбайға тағы мынадай телеграм берілген: «Семей облысына қараған бес уездің кедейлері сізге сәлем айтады. Семей областной совдепіне берген ризаларын қуаттауыңызды өтінеді. Бұлардың тілегі: болыстық, уездік, облыстық қазақ комитеттерін һәм қазақ соттарын жоғалтып, олардың орнына большевик законы бойынша мекемелер сайланса екен,» деп.

Бұл телеграмды беріп отырған себебі, март ішінде Семей большевиктеріне бес уездің кедейлері атынан сырттан бес кісінің қолын қойып, риза берілген һәм большевик газетіне жазылған. Семей облысы большевикпен араласып, қайткенде қазақ сотын, қазақ ұйымдарын жоғалтудың қамына кірісіп отырған антұрғандардың істері осы.

Көлбайға намаздігер, намазшамда кездескен жүзіқараның бірі - Хасейін Нұрекенов. Ол екінші Г. (государственная) Думаға Семей облысынан депутат болып сайланған Темірғали қажының баласы. 22 февралда Хасейіннің Көлбайға жазған хаты шығып отыр.

Хасейін «Үш жүз» газетін құттықтап, қуанғандығын білдіреді. Ғалихан, Тұрағұл, Көлбай, Ахметжан, Биахмед туралы жиренішті шағым сөздер жазған. Хасейін доностың жазасын тартқандай болып еді. «Иттің боқ жемесе басы ауырады» деген осы да. Хасейін болыс күнінде елінен жиналған алым ақшаны жеп қойғаны үшін сотқа берілген еді. Өзінің жалмауыздығынан көрмей, жақын ағайындарының үстінен губернаторға донос қылған. «Пәленше-түгеншелер Түрікке ақша жинап жүр», деп. Осы донос бойынша, Хасейіннің ағайындары нақақтан Кереку абақтысына түсіп, Семейге айдалып барып, әрең құтылған еді. Хасейіннің доносы һәм ақша жегені мойнына түсіп, арестанский отделениеде үш жылдан артық жатып, адамшылық құқықтарынан жұрдай болып, абройдан айырылып, абақтыдан «аллалап» былтыр әрең шығып еді.

(Ақыры келешек нөмірде).

 

Аш қазақ-қырғызға жәрдем беру  туралы пікірім

Төрт жылдан бергі аштықпен болсын, Николайдың тізесінен болсын, большевиктің содырынан болсын, әйтеуір, көрмеген қырғынға ұшырап, ақырында таусылуға бет алып, аяныш халге душар болған Жетісу һәм Сырдария облысындағы қырғыз-қазақтарды Арқадағы тоқ облыстарға бөліп көшіріп алудан басқа амал жоқ. Өйткені, елден тиындап-тебендеп жиған жылумен оларды тойындыра алмайтынымызға көз жеткендей болды. Арқадан астық апарып, тойындырамыз деуге жері алыс, жолы құмдақ-шөлдің сахарасы болған соң, тартқан астықтың құты кетеді, арзанға да түспейді.

Оның үстіне, оларды тегіс тойындыратын азық-түлік ол жерге төте жете алмайды. Және мынаны өлшейік: бір үйлі жанды арқаға көшіріп әкелуге бір көлік жетеді. Азық-түлік жеткізуге екі-үш көлік жүксіз болмайды, осындайларды өлшегенде, аш-жалаңаштарды Арқаға көшіру он есе арзан һәм оңай болады. Оның үстіне, олардың іске жарайтыны мұнда келген соң, өз қотырын өздері қасып кетер һәм мұндағы тоқ ағайындар аш-жалаңаш туысқандарын көздері көріп отырған соң, қолдан келген жәрдемдерін етпей шыдап отыра алмас еді.

Шимайдай темір жолы бар, банкілері толған ақшасы бар һәм таудай-таудай үйіліп жатқан азық-түлігі бар орыстар, өзінің Ресейдегі аш бауырларына азық жеткізе алмай, тоқ Сібірге көшіруге қам қылып жатқанда һәм олар да мұнда ағылып көшіп жатқанда, біз неге олардан үлгі алмаймыз?

Екінші: «Атаңа жау шапса, бірге шап» деп тап осы заманда олардың Арқаға көшіп орнығуы өте қажет. Өйткені, мына заманның түріне түсіне алмай, жанашыр қорғанышы атқа мінгізбей, шабысып отырған біздің жұрт, анау аштан келе жатқан аш-жалаңаштар Арқаны аман сақтай алмайды ғой. Енді олай болған соң, күнелтуі үшін болсын, саясат үшін болсын, оларды Арқаға көшіре беру шарасына нық кірісу керек шығар деймін.

Ахмет Жанталин.

Газеттің сандарын  баспаға дайындаған, түсініктерін жазған

М. Қозыбаев атындағы СҚМУ профессоры

Зарқын Тайшыбай.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 736
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 555
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 455
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 472