Сәрсенбі, 8 Мамыр 2024
Ақмылтық 1590 9 пікір 15 Қараша, 2023 сағат 13:28

Ұлттық валюта орынсыз пафос пен патетиканы көтермейді!

Осы бізде бір жаман әдет бар: Жыл сайын тойланатын Ұлттық валютамыз – теңге күні әсіре қаржылық патриотизмге беріліп, бөркімізді аспанға лақтырып тойлаймыз да, теңгенің тауқыметті тағдыры туралы ауыз ашпаймыз: тұнып тұрған пафос пен патетика!

Міне, бүгін ұлттық валютамыз енгізілгеніне 30 жыл толып отыр. Үлкенді-кішілі жиындар өтпек, оның ең үлкеніне Президент құттықтау хат жолдар.

Сөз жоқ, ұлттық валюта – кез келген мемлекеттің Тәуелсіздігінің символы. Оны құрметтеп, қастерлеу керек. Мемлекет қаржысын көздің қарашығындай сақтап, еселеп жүрген қаржыгерлердің де еңбегін елеп-ескеруіміз де қажет.

Бірақ 30 жыл бойына елді басқарған билік теңгені қастерледі ме?

Қастерлесе, осы уақыт ішінде ол 100 есе құнсызданар ма еді? Сол құнсызданудың кесірінен жалақысын теңгемен алатын қарапайым халықтың тұрмыс жағдайы осыншама бейшара халге түсер ме еді?!

Осы жылдар бойына қолдан қолға көшіп, билікке жақын ат төбеліндей ғана топтың қолында болған жеке банктердің құбыжық кландық жүйенің символына, саяси амбицияларын қанағаттандырудың қозғаушы күшіне айналғанын неге айтпаймыз?! Өркениетті елдерден аз ғана процентке ақша алып, өз халқына 20-30 процентке кредит беріп, халықтың қанын сорған осы банктер емес пе?! Әлі де сорып келеді!

«Қаржыгерлер күні» дейміз, сол қаржыны жыл сайын жымқырып жүргендердің біразы сол қаржыгерлер емес пе? Миллиардтаған қаржыны шетелге ытқытып жіберген де солар емес пе?!

Мейрам күні қара аспанды төндірмей-ақ қояйын деп едім, бірақ бүгінгі шектен шыққан пафосты құттықтауларды оқып отырып, осыны жазуға бел будым.

Ауруын жасырған арам өледі: бүгінгі мерейтой күні осы және басқа да өзекті мәселелер айтылса дегенім ғой.

Әміржан Қосан

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1708
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1669
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1399
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1327