Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
Ақиқатқа қиянат 1899 22 пікір 14 Қараша, 2023 сағат 17:09

Ашаршылықтың Голодомордан несі кем?

Коллаж әлеуметтік желіден алынды

Украинаның АҚШ-тағы елшісі Оксана Маркарова өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында Американың Вайоминг штаты 1932-1933 жылдардағы Голодоморды украин халқына жасалған геноцид деп мойындағанын жазды. Ол Вайоминг штатының қараша айын украинадағы голодомор-геноцидті еске алу айы деп жариялағанын айтты.

Маркарова дүниежүзіндегі украиндықтардың дүстүрлі түрде қарашаның төртінші сенбісі сайын Голодоморда қаза тапқандарды еске алып, шырақ жағатынын атап өтті.

«Бұл уақыт биыл қарашаның 25-іне келеді. Мен әлемдегі барша украиндықты қарашаның 25-і күні сағат 16:30-да Вашиңтондағы  Голодомор құрбандары мемориалының жанында өтетін Голодомор құрбандарын еске алу рәсіміне қатысуға шақырамын», - деп жазды Украина елшісі.

Еске сала кетейік, Кеңестің қаңды қол үкіметі солақай саясат ұстанып, өткен ғасырдың екінші, үшінші он жылдығында Қазақстан мен Украина жерінде жаппай аштық  орнатқан еді.

2016 жылы Украинаның Жоғарғы Радасы демократиялық мемлекеттерге 1932-1933 жылдардағы Голодоморды украин халқының геноциді деп тану туралы өтінішпен жүгінді. Украинаның «Рейтинг» социологиялық тобының 2022 жылдың қарашасында жүргізген зерттеуіне сәйкес, украиндықтардың 93 пайызы 1932–1933 жылдардағы голодоморды украин халқының геноциді деп санайды. Голодомор кезінде шамамен 3,5 миллион мен 5 миллион арасында адам қырылып қалды деп есептеледі.

Көзіне қан толған Путин басшылық ететін Ресей Украинаға басқыншылық жасағанға дейін де Австралия, Грузия, Эквадор, Эстония, Канада, Колумбия, Латвия, Литва, Мексика, Парагвай, Перу, Польша, АҚШ, Венгрия, Португалия, сонымен қатар Ватикан секілді мемлекеттер Голодоморды украиндықтарға жасалған геноцид деп таныған. Ал 2022–2023 жылдары Голодоморды геноцид деп тану процесі үдей түсті. Атап айтқанда,  Чехия, Бельгия, Молдова, Ирландия, Германия, Исландия, Франция, Словения, Ұлыбритания, Люксембург, Хорватия, Италия, Уэльс елдері сондай-ақ Еуропарламент пен ПАСЕ Голодоморды украиндықтарға жасалған геноцид деп бағалады.

Дәл сол жылдары Қазақстанда да жаппай аштық қолдан ұйымдастырылды. Сол кезде қырылып қалған қазақтың саны әлі де түгенделіп жатыр. Мәселен, Қазақстанның халық жазушысы Смағұл Елубай  1992 жылғы ашаршылықты зерттеу жөніндегі комиссия 1931-1932 жылғы ашаршылықта 2,3 млн адам қырылды деп мәлімдегенін және оған алдындағы екі ашаршылықта қырылғандар санын қосқанда 5 млн 200 мың адам болатынын айтты.

Ал біз Кеңес үкіметінің жаппай аштықты қазақ халқына қарсы қолдан ұйымдастырғанын және мұның геноцид екенін әлемге қашан мойындатамыз?

Abai.kz

22 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1535
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1402
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1150
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1161