Сейсенбі, 7 Мамыр 2024
Билік 2232 19 пікір 14 Қараша, 2023 сағат 16:18

Мың асқанға – бір тосқан: Мәсімовке жаңа айыптар тағылды...

Аспаннан жерге құлау деген ұғым кезінде дәурені жүріп тұрған Кәрім Мәсімовке қатысты айтылғандай. 2022 жылдың 6 қаңтарында Әнуар Садықұлов, Дәулет Ерғожин және Марат Осипов сияқты үш бірдей орынбасарымен бірге пенде болып, қолға түскен жанға тағылған айыптарды санамалап керегі жоқ. Оны соттау, кінәсін мойындату ұзаққа созылды.

Бірақ 2023 жылдың сәуірінде біз сөз еткен орынбасарлары 3-тен 16 жылға дейін, ал, Кәрім Мәсімов 18 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Естеріңізде болар, сот жабық жағдайда өтті. Айыптаушылар Құдайдай сенген апелляция да опа әпермеді.

Сонымен бәрі біткендей көрінді бірақ, Мәсімовке төнген қара бұлт сейілмейді. Керісінше бұрынғыдан бетер қоюлана түсті. Өйткені, қазақ елін бүгінгі дүр сілкінткен оқиға – «Қасіретті Қаңтардан» кейін басты күнәһар деп табылған һәм қылмысы үшін сотталған ҚР ҰҚҚ бұрынғы басшысының 14 қараша күні үстінен қайыра іс қозғалуы болып отыр.

Әкежан Қажыгелдин сияқты оппазицияға кетпей, Нұрсұлтан Назарбаевты сағалап қалғаны Кәрімді опық жегізді дегеніміз осы сияқты. Кезінде жалғанды жалпағынан басқан жан енді, Астананың Уақытша тергеуінде жаңа айып бойынша құнкер болып отыр.

Бұрынғы премьер-министрге, ҰҚҚ-ның бұрынғы бастығына тағылып отырған айып та салмақты. Мүлікті жекешелендіру үшін пара алған. Бұл туралы ҰҚК баспасөзі мағұлым етті.

Қыл тұзақ мойына түскен Мәсімов жазасының үстіне жаза арқалайтын сияқты. Қазіргі ахуалға салып, бағамдасақ, Мәсімовті ешбір адвокат ақтап ала аламайды.

Бұны қазақ «мың асқанға бір тосқан» дейді.

Abai.kz

19 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1641
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1570
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1309
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1262