Жексенбі, 28 Сәуір 2024
Әне, көрдің бе? 3229 6 пікір 7 Қараша, 2023 сағат 13:59

«Батыстың емес, Орданың боданы болғанымызға тәубе!»

Бүгінгі Ресей Орда бодауындағы Ресейге ұқсайды. Ол кезде орыс князьдері Батысқа қарсы тұру үшін Орда хандарына тағзым етіп, билік жүргізгені үшін пәрмен алды. Ресей Федерациясының Қоғамдық палатасының мүшелерімен кездесуінде: «Дәл қазір осындай жағдай бүгінгі Ресейде де болып жатыр», - деді Ресей Президенті Путин.

Путин Кәрлі Иванның кезінде дәріптеліп, ал 2016 жылы Орыс православ шіркеуі «құрлықтағы әскерлердің меценаты» ретінде «тағайындалған» Александр Невскийді мысал ретінде келтірді.

«Ол Ордаға барып, Орда хандарына тағзым етті. Ең алдымен, Батыстың шапқыншылығына қасқая қарсы тұру үшін билік ету құзырын алды. Неліктен? Өйткені Орда өзін қанша жерден өркөкірек, қатыгездікпен ұстаса да, ең бастысы – тілімізге, салт-дәстүрімізге, мәдениетімізге әсер еткен жоқ. Ал, Батыс бізді жаулап алса бұлай етпейтін еді», – деді Путин. Ол Невскийді осы таңдауы үшін әулие ретінде құрметтейтіндігін алға тартты.

«Бүгін де дәл сол кездегідей болып жатыр», - деп, ойын жалғастырды Президент. «Біз өзіміздің моральдық құндылықтарымызды, тарихымызды, мәдениетімізді, тілімізді, соның ішінде Донбасс пен Новороссиядағы бауырластарымызға көмектесу арқылы қорғайтынымызды айтамыз. Бұл дегеніміз – түптеп келгенде бүгінгі орын алып жатқан оқиғалардың кілті».

Путин Ресейдің жақын арада «Ұлттық бірлік» күнін атап өтетінін еске салды.  «2005 жылы 1917 жылғы кеңестік революция күнін алмастырған бұл мереке қазір ресми түрде 1612 жылы Мәскеуді поляк басқыншыларынан азат ету мейрамы болып табылады. 17 ғасырдағы оқиғалар «салыстырмалы түрде тым ұзақ уақыт емес», - деді Путин: «400 жыл деген не? Уақыт өте жылдам өтеді. Ол үшін бес-алты ұрпақ ауысуы қажет».

Путиннің бар айтақ болғанының түйіні: «Бүгінгі күні де солай болады» дегенді білдіреді. Осы орайда Түркі мемлекеттері Ұйымының елдеріне қатысты Ресей дипломатиясының басқаша қадам жасауы сонда нені білдірмек деген орынды сауал туындайды.

Керімсал Жұбатқанов

Abai.kz

6 пікір