Сәрсенбі, 1 Мамыр 2024
Білгенге маржан 7336 76 пікір 24 Қазан, 2023 сағат 15:12

1917 жылғы «Қазан төңкерісі» һәм Ленин

Кеңестік билік кезінде Ұлы Қазан социалистік революциясы деген мереке болғанын КСРО кезінде ес білгендер жақсы біледі. 1917 жылы 25 қазанда (7 қарашада жаңа стильде) Ленин басқарған большевиктер қазан төңкерісін жасады. Қызыл идеологияның санамызды улағаны сондай, көпшілік әлі күнге дейін Күн Көсем Ленин «патшаны тақтан тайдырды» дегенге қалытқысыз сенеді. Шындығында тап солай болды ма? Жоқ әрине, Ленин заңды және демократиялық Уақытша үкіметті қарулы төңкеріс арқылы құлатты.

Бір сөзбен айтқнда Ленин басқарған большевиктер өз халқын алдауға негізделген популистік ұрандарымен және әділ сайлау өткізудің мүмкін еместігін түсінген сәтте тізеден басып күшке салатын әскери операциялар арқылы билікке келді.

Кеңес тарихшылары мен насихаттаушыларының осы фактіні: Керенский жаман болды! Әйелдердің киімін киіп, қашып кетті! Оның құлатылғаны жақсы болды!» деп  «түсіндіруге» тырысқаны қазір сау адамға ғылыми мақала емес, тап бір әзіл әңгіме оқығандай әсер етеді.

Егер осы төңкеріс болмаса онда:

1. Демократиялық Ресей Еуропа елдерімен және барлық басқа елдермен қалыпты қарым-қатынасты сақтап, одан сайын нығайтуға күш салатын еді, Батыс большевиктерді-коммунистерді мемлекетке қарсы төңкеріс жасаған қылмыскер ретінде қабылдаған және бұл әділ әрі заңды болды.

Демократиялық Ресейде Алаш партиясы біздің Қазақстанды ХХ ғасырдың 1-жартысында-ақ конституциялық және өркениетті түрде тәуелсіздікке жеткізе алатынын еді; Алаш көсемдері Қазақстанның экономикалық және саяси модернизациясын жүргізіп, Қазақстанды қазіргі Жапониядан кем түспейтін дамыған елге айналдыруына толық мүмкіндік болатын еді.

2. Барлық Еуразия халықтары 1918-1920 жылдардағы азаматтық соғыстың, сталиндік ұжымдастырудың қасіретіне тап болмай, соның салдарынан қатыгез жүріп өткен қорқынышты Голодомордан, ең алдымен Қазақстан мен Украинада, содан кейін сталиндік КСРО-ның басқа аймақтары аман қалатын еді. КСРО-ның әр элитасындағы ең жақсы ұлдары мен қыздарын қырған адамгершіліксіз сталиндік жаппай қуғын-сүргінге ұшырамай, өз елге мен халыққа адал қызмет етіп, олардың барынша жан-жақты дамуға жол ашатын.

Сталиндік ГУЛАГ-тың концлагерлері болмайтын. Қазіргі көптеген зерттеушілер «антропологиялық жылжу» деп атайтын құбылыс орын алмайтын: бұрынғы КСРО халықтарының интеллигенциясының толық жойылмайтын, аз қамтылған ортадан шыққандар тегіне қарап емес, ақыл, әдептілік мен адамгершілікке негізделіп өмірден өз орнын табар еді. Екінші дүниежүзілік соғыс миллиондаған құрбандарымен бірге күйзеліс, ашаршылық, т. б. орын алмас еді.

3. Индустрияландыру және өнеркәсіптің дамуы бейбіт жолмен жүретін болатын — ашаршылықтағы шаруалардан мал мен астықты тәркілеу және қазақ ауылдарының, украиналық және басқа да ауылдардың шекараларында әскери отрядтар қойылмайтын еді, ХХ ғасырдың І-ші жартысында жеке компаниялардың бейбіт дамуы және басқа елдердегі серіктестермен толыққанды сауда жүргізетін еді.

4. Діннің мемлекеттен бөлінуі де бейбіт жолмен жүретін еді. Ешқандай қиратылған мешіттер, шіркеулер және өлтірілген дін қайраткерлері болмайтын еді. Дін Еуропадағыдай кім сенгісі келсе – сенеді, кім сенбейді онда өз еркі, ешкім де ешкімді ештеңеге мәжбүрлемейді. Нәтижесінде, барлық жерде діни фундаменталистер өз идеяларымен айналып келгенде, қазіргі діни «ренессанс» болмайтын еді.

5. Кеңестік маскүнемдік және маскүнемдікке қарсы Горбачевтің алкоголизмге қарсы күрес болмайтын еді, кезінде Горбачевтің алкоголизмге қарсы күресі КСРО-да маскүнемдікті қайта күшейтті: әр түрлі улы мен зиян ішімдіктерді іше бастаған еді.

P.S. КСРО-да барлығына олардың елі әлемдегі ең жақсы және ең еркін ел екендігі, әлемнің барлық басқа елдері КСРО-ның бауырлас халықтарының достық отбасына қосылуды армандайтыны айтылды, сондықтан оларға «әлемдік капитализм мен империализмнен» босатылуға көмектесу керек.

Кеңес үгіт-насихаты бұл идеяны балаларға ерте кезден бастап бастан кешірді, ал ересектер үшін Батыстың еркін елдерін жамандайтын арнайы теледидарлық бағдарламалар арқылы миына құйды.

Енді біз прогрестің қаншалықты алға жылжып бара жатқанын және буржуазия мен пролетариат арасындағы таптық күрес әлдеқашан өмірден озғанын көріп отырмыз!

Керімсал Жұбатқанов,

Abai.kz

76 пікір

Үздік материалдар