Бейсенбі, 9 Мамыр 2024
Ақмылтық 1899 8 пікір 19 Қазан, 2023 сағат 15:50

Концепция: Үкімет 6 жылда қазақ тілін қалай дамытпақ?

Тілге қатысты бітіп болмайтын жоспарлар мен докториналар осы жолы бір ізге түскен сияқты. Сонымен осы жолғы бекітілген концепция ел үмітін ақтасын деп тілейік.

Елбасизм кезінде бағы жанбаған мемлекет тіл, енді қазіргі билік - «Жаңа Қазақстан» аясында босағадағы басын төрге сүйрей бастады. Елімізде 19 қазан күні алдағы 6 жылға арналған тіл дамыту саясаты жоспарланды.

Аталған Үкімет Қаулысы «Ұсынылып отырған Қазақстан Республикасының 2023 – 2029 жылдарға арналған тіл дамыту саясаты Концепциясын бекіту» деп аталады.

Бұл концепцияда жоспарланып отырған реформалар және басты іс-шаралардың мақсат-міндеттері тарамдалып көрсетілген. Оған тұрғындарға арналған курстар, бейнесабақтар, оқулықтар, зерттеулер, іс-шаралар, жаңартылған білім беру бағдарламалары, БАҚ насихат, импорталған техникалардағы қазақ тілді интерфейс пен қазақ әліпбиінің болуы, IT-жобалар, балалар үшін электронды ойындарды жобалау және мультфильмдер түсіру тағы басқалары кіріп отыр.

Осы шара қолға алынғанннан бастап, аяқталған шаққа дейін қазақ тілін ел тұрғындарының 84%-ының меңгеруі күтілуде.

«Қазтест» бойынша, егер статистиканың шындығына сенер болсақ, мемлекеттік тілді меңгерген мемқызметкерлер В1 деңгейінде – 37% және В2 деңгейінде – 35% болып отыр. Бұны алдағы уақытта В1 деңгейінін – 43%-ға, ал, В2 – 50%-ға жеткізу ұйғарылған.

Қара халықтан 84%. Ал соларға ана тілінде қызмет көрсетуге тиістілерден бар-жоғы 50 пайыздың ар жақ, бер жағының талап етушілік биліктің қай сасқаны деген сауал туындайды.

Осы концепция бойынша 2029 жылы:

Мемлекеттік телеарналарда көрсетілетін телебағдарламалардың үлесі – 84%-ға;

Қазақстан өткізетін және дипмиссия шетелде өткізетін халықаралық іс-шаралардағы қазақ тілінің қолданылу үлесі – 75%-ға;

Меморгандардағы, ұлттық компаниялардағы құжат айналымының үлесі – 94%-ға;

Қазақтың латын жазулы төл жазуын қолданушылар саны 15%-ға тең болады.

Мемлекеттік тілден өзге тілде білім алушылардың қазақ тілін меңгеруі 2023 жылы  В2 деңгейінде – 45%-ға жетсе, енді олардың санын 75%-ға дейін жеткізу ұйғарылған.

БАҚ-тағы қазақ тілді контент үлесі 86 %-ға жетеді деп жоспарланып отыр.

Бұндай бизнес пен биліктегілерге берілген жеңілдікті Үміметтің елді елпілдетіп, 2050-ді алға тартып, тағы бір реткі алдаусыратуы дейміз бе? Осындайда «Сол жылдар ішінде не хан, не мен, не есек өледі» деген Қожаның сөзі тағы бір ойға оралады екен.

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1827
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1848
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1553
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1434