Жұма, 3 Мамыр 2024
Әдебиет 2724 0 пікір 19 Қазан, 2023 сағат 15:42

Баз кешкен тағдырлар...

Қазақ көп нәрсенің киесін білетін халық.  Соның ішінде әр қазаққа ең қастерлі кие – адамның кіндік қаны тамған туған жері болып саналады. Ол үшін туған жер – жан‑жағынан көз жетпес шексіздікке ұласқан әлемнің түйіні, оның өмірін ұрақтан ұрпақққа жалғастырушы аялы орта. Сондықтан да, Кабира атамыздың өмірінің  ең трагедиалық кезі, оның  әкесі Рүстем төремен Қытай еліне көшүі  болып саналады.  Мұндай оқыс шешімді әкесі өзі тап болған шарасыздықтан қабылдады ғой, болмаса, осындай көркем өлкені, туған өлкені кім өз еркімен тастап кете қояды дейсің?!

Оның себептері де трагедиямен ұштасады, ол – өмір мен өлім күресі еді:

Біріншіден, 1927-28-29-жылғы қаулыларда қысқа мерзімде кулактар мен байлардан мал мен басқа да мүліктерді тәркілеу талап етілді. Ал қазақтың «бай» дегені жәй ғана бақуатты әрі ауқатты адам емес. Ол тұтас ауылдың шаруашылығын дөңгелентіп отырған, елдің тұрмысы мен тамағын ұқсатып отырған қадірлі‑сыйлы тұлға. Осыны Рүстем төре тез ұқты. Ол болашақта «байлар» қатарына қарапайым мал-жанды ауқаттылар да кіріп кетуі мүмкін екенін білді. Ал, оның арты қаншама адамдардың аштықтан қырылуына әкеп соғарын оның сұңғыла санасы түйсінді, жүрегі сезді. Сондықтан ол елін сақтау үшін апаттың алдын ала «елім‑ай» көшін бастау қажеттігі туарын, елді «не болса да тәуекел» деп белгісіздікке қарай бұратын кез келерін білді... Себебі, осында қала берсі, олардың артында – ажал тұрса, алдында – өмірге деген үміт бар еді... Рүстем  төре үмітті таңдады...

Оны сезімі мен түйсігі оны алдамапты... Көп ұзамай елде ауқаттылар атылды немесе лагерьлерге жер аударылды. Миллиондаған мал тәркіленді. Одан бөлек, шаруаларды мәжбүрлеп колхоздарға қоса бастады. Партиялық номенклатура жеке шаруашылық пен адамдардың меншіктік құқын «революцияға қарсылық» деп санады. Ал, олардың асығыс, апай‑топай құрып жатқан артелдері мен колхоздары ұжымдық экономика саналып, онда жұмыс істеген адам Кеңес үкіметіне адал болады деп санады. Колхоз мүшелерінің малдары мен басқа да мүліктері ортақ болды, енді адамдар өздері үшін емес, ұжымшар үшін жұмыс істеді...

Алайда, ғасырлар бойы ең кедей дегеннің өзі алдына он шақты қой айдаған ауылдардың колхоздарда жұмыс істеуге құлқы болмады. Көбі «мал ортақ», ендеше «жан да ортақ» деп те ойлады... Нәтижесінде, үжымдық түрде мал бағуға үйренбеген «ортақ мал» қыс көзінде аштан қырылып, арам қатты... Одан қалды, бір мезгілді бір қораға айдалған мал бәлшебектерге көп көрініп, олар тәркіленген малды үлкен құрылыстар жүріп жатқан жерлерге азық‑түлікке айдап әкетті... Бұл 1928 жылы басталған қазақ басында бұрын‑соңды болмаған  аштықты тудырды.

Күнкөріс көзі тек малға тірелген халық абдырады, аштық ауылдан асып, станциялық кенттер мен қалаларды аштық жайлады.  Ауылдар болса, еш сұраусыз бекерден бекер қырылып қалды...  «Есі бар есерден қашады» демекші, шамасы бар қазақ жаппай көші-қонды бастады. Осы кезде Кабира атамыз әкесі Рүстем төренін  айтуы бойынша жасырын түрде халықты ашаршылықтан сақтап қалу үшін Қытайға   көшүді уйымдастырды. Сол кезде НКВД қызметкерлері  біліп қоймас үшін бәйбішесі мен бес баланы қалдырып кетеді, Олар Кенес өкіметінің жандайшаптыры біліп қоймас үшін төре үйінің түтінін шығарып отыруы керек еді... Атамыз кейін қайта келіп  жасырын көшіріп алам деп ойлаған екен... Өз отбасын ел амандығы үшін құрбан етіп, халқын жетектеп кете барған екен атамыз... Қайран баба, осы ерлігіңді бүгінде ұғар жан болса, нағыз алып тұлғаның ісі дер еді ау!

Сөйткен Кабира атамызға елге қайтып келу бұйырмады. Ол сол кеткеннен хабарсыз кетті. Ал, апамыз Зейнеп жылдап сарғайып күтүмен болды. Ақыры хабар болмағандықтан белін бекем буып,  от басын көтеруү және бала шағаны өсіру керектігін сезініп «Тірі адам тіршілігін жасайды» деген бар, жалшы боп жүрген  Абағанға қосылады. Абаған бәлшебектер үкіметі орнаған кезде НКВД-ға қызметкер болып жұмысқа шақырылады. Жұмыс жасап жүрген кезінде үстінен арыз-шағым түсіп «үйінің моржасынан  ат басындай алтын табылды» деген жаламен және Кенес өкіметінің сол кездегі заңына сәйкес 58 баппен, яғни, «халық жауы төре тұқымын асырап, жеткізді» деген айыппен сотталып кетті.. Ол сол жақтан оралмады, сөйтіп, қайырымды жан Абағанның да өмірі трагедиямен аяқталады.

Мұхтархан Абаған,

ҚР Мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткер, Республикалық Кенесары хан Қорының төрағасы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 960
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 817
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 629
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 688