Сенбі, 27 Сәуір 2024
Саңлақ 3217 0 пікір 10 Қазан, 2023 сағат 15:26

Азияда: Қазақстанның кешегі һәм алдыңғы нәтижесі қандай?

ХІХ Жазғы Азия ойындары 2023 жылдың 23 қыркүйегі мен 08 қазан аралығында ҚХР, Ханчжоу қаласында өтті. Ұлттық құрама аталмыш доданың жалпы қорытындысы бойынша Солтүстік Кореядан кейін 11-орынға жайғасты.

Қазақстанның еншісінде 10 алтын, 22 күміс, 48 қола – жиыны 80 медаль бар. Ал үздік үштікте – Қытай, Жапония Корея республикалары.

2018 ЖЫЛҒЫ АЗИАДА

Естеріңізде болса, XVIII Азия ойындары – 2018 жылғы 10 тамыз бен 2 қыркүйек аралығында Индонезия астанасында өткен. Ол кезде жалпы қорытынды бойынша Қазақстан құрамасы Үндістаннан кейінгі 9-орынға жайғасқан. 2018-жылы Ұлттық құрама 15 алтын, 17 күміс, 44 қола – жиыны 76 медальды еншілеген.

 

2014 ЖЫЛҒЫ АЗИАДА

Ал 2014 жылы аталмыш спорт бәйгесі 19-қыркүйек пен 4-қазан аралығында Корея Республикасында өтіп, Қазақстан жалпы есеп бойынша Жапониядан кейінгі 3-орынды місе тұтқан. Ол кезде Ұлттық құрама 28 алтын, 23 күміс, 33 қола – 84 медаль иеленген.

2010 ЖЫЛҒЫ АЗИАДА

Осы бәйге 2010 жылдың 12-27 қарашасында Қытайдың Гуанчжоу қаласында өтіп, Қазақстан жалпы есеп бойынша 5-орынға тұрақтаған. 2010 жылы өткен Жазғы Азия ойындарында Ұлттық құрама  18 алтын, 23 күміс, 38 қола – жиыны 79 медаль алған еді.

(Суреттер әлеуметтік желіден алынды)

Abai.kz

0 пікір