Жұма, 3 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3201 0 пікір 13 Тамыз, 2013 сағат 10:57

Христиан қазақтар: Біз араб емеспіз! (видео)

Әуелі қазақ, әлімсақтан мұсылман болғалы естіп- көрмек түгілі исінде сезбеген ойдан-қырдан қашқан пиығылы жаман, ниеті арам неше түрлі діни ағымдар қазақ ішіне қазық қағып, жұрттың жүрегіне кіріп, санасына билік орнатпаққа жанталасып жатыр. Жанталасқандарына да жиырма жылға жуықтады. Билік күресіп жатырмыз дейді. Бірақ, ел аумағынан аластатылған діни ағымды көрмедік. Керісінше, уағыздарын, діни әндерін қазақшаға аударып, таратып жұмыстары өрге басып тұр. Не себептен екені белгісіз, жат ағымдардың илеуіндегі талай қазақ баласы солардың әнін шырқап, кітабын таратып ой мен қырға шапқылап жүр. Жоғарыдағы видеода Иегова куәгерлері деген діни ағымның құлақ кесті құлдары қазақ тілінде ән салып тұр. Ар жағында мәсіхшы «бауырлары» самсап отыр. Сонда Иегова куәгерлерінің әнін, өлең сөзін жазып беріп жүргендер және уағыздары мен діни кітаптарын қазақшаға аударып беріп отырғандар кімдер? Дәуде болса, өз ішіміздегі ақша десе ақыл-есінен адасып, албастымен достасуға бар кейбір ақындарымыз, аудармашыларымыз болса керек. Әрине, уақыты келгенде бәрі де жалпақ жұртқа жария болары сөзсіз. Ал, сол «ақындар» мен «аудармашылар» өз еңбектері арқылы қаншама қазақты адастырып, дінінен, ұлтынан, ділінен бездіріп отырғанын сезе ме?

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 599
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 342
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 347
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 350