Сейсенбі, 30 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3088 0 пікір 7 Шілде, 2013 сағат 10:02

«Қазақстан барысы»: Айбек Айбекке пәтердің кілті табыс етті

Ел Президентінің жүлдесі үшін қазақ күресінен өткен «Қазақстан барысы-2013» турнирінің жеңімпазы, түйе балуан Айбек Нұғымаровқа облыс басшысының тапсырмасымен Семей қаласының әкімі Айбек Кәрімов үш бөлмелі пәтердің кілтін табыс етті.

Астананың 15 жылдық мерейтойымен қатар келген бұл қос қуаныш семейліктерді серпілтіп тастады. Мерекеге жиналған қауым ұлтымыздың мақтанышына айналған Айбектей ұлдарына ақжарма тілектерін жолдап, жаңа жеңістер тіледі. Ал қала басшысы болса тумысынан талантты спортшының келешекте Олимпиада медалін жеңіп алатынына сенім білдірді.

Сонымен қатар Айбектің бапкері Серік Қоржыкеновке алғыс хат пен ақшалай сыйлық табыс етілсе, осындай ұл тәрбиелеп-өсірген ата-анасына шапан жауып, құрмет көрсетілді.

Айта кетейік, «Қазақстан барысы» атанған жерлесімізге облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВ шетелдік судай жаңа темір тұлпар мінгізіп, қала басшысына қазіргі уақытта Семейде  тұрып жатқан Айбекке сол жерден үш бөлмелі бір пәтер беруді тапсырған болатын.

Abai.kz

0 пікір