Жұма, 3 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3025 0 пікір 10 Шілде, 2013 сағат 21:03

Ұлан Мэлсбек. Қазақ латыншылдарына үндеу

Мына үндеуге қарап, біздер әліп реформасында тағы да кешеуілдеп, үдеріске ілесе алмай отырғанымызға көзіміз жетті. Әлемдік Google ұйымы тегін істегелі отырған шаруа біздің қазақ тіл білім ғылымына амалсыз тәуелді болып отыр, себебі, ғылыми шешілмеген мәселе бар. Ал біздің ғалымдарымызбен осы саланы ұйымдастырушылар жайдақ отырыстарда орындық тоздырумен ғана жүргеніне ішің ашиды. Аталған ұйымның өкілі қырғыз бауырымыз Ұлан Мэлсбек бізді амалсыз итермелегендей күй кешіп, үндеу арнап отыр. Ал біз...?

 Abai.kz

 Достар, үкіметтік сайтқа латындық транслитерацияны енгізуге қатысты жандар бар ма екен?  Болса, http://qz.government.kz/, төмендегі жәйттерді жеткізер деген үміттемін.

Google барлық ұлттық әліпбилерге құрметпен қарайды, соның ішінде жаңадан енгізілгендерге де, бұрынғы КСРО  елдерінің ішіндегі латын қарпына көшу үстіндегілерге де түсіністікпен қарап, оларға өз өнімдерін тек қана ресми нұсқаларда  бейімдеуге ұмтылуда.

Менің білуімше, әзірге қазақ тілінің ресми бекітілген латын әліпбиі жоқ (олай болмаса түзетерсіздер). Сол себепті біз транслитерация тәсілінің негізі ретінде үкіметтік сайттағы нұсқаны алуды шешіп отырмыз. Қазақ тілі Google Translator-ға енгізілгенде, корпорацияның ең танымал өнімдерін қолдануда, қазақтілді қолданушылар оған бірте-бірте үйреніседі және ол де-факт ретінде орын алады деген ойдамын.Сондықтан қолданыстағы транслитерация тәсіліндегі  кейбір сәйкессіздікті осы топ (Латын әрпіне көшуді қолдаймыз!  - аталатын Фейсбук тобы) қатысушыларымен келісе отырып, қажетті түзетулер жасауға барынша мүдделіміз.
Мысалы, сыртқы ұқсастықтарына қарап, кирилдік і әрпін сол күйінде қалдырып, ал [И] дыбысын таңбалайтын латынша қарып үшін үстінен қос ноқаты бар әріпті алуды қолға алсақ:

і - і
и - ï

Алайда, бұл барлық ғылыми-техникалық терминология, батыстан енген і әрпі бар барлық неологизмдер, ï  әрпімен таңбаланады деген сөз. Мәселен, «мониторинг»  сөзі ағылшыншада  monitoring жазылады. Бірақ кирилше арқылы одан керісінше латыншаға көшкенде қазақ тіліндегі monitoring  жазуы  - monïtorïng болып жазылады.

Мысал:

http://kz.government.kz/site/news/authority/2012/003/24 - кирилше
http://qz.government.kz/site/news/authority/2012/003/24 - латынша

Бұл, қазақ бауырлар, сіздерге қаншалықты ыңғайлы? Латыншаға көшудің бір міндеті батыс тілдеріне, терминологиясына біршама жақындау әрі қазақтілді қолданушыларға мейлінше түсінікті болу екенін жасыра алмаймыз ғой. Ендеше неге әуелгі латын сөздерін күрделендіріп, түрлендірмей-ақ, әлі де менің ойымша барынша оңай да қарапайым и – і және і - ï  жұптасуын қабылдап, неге мейлінше шынайы шешім қабылдамасқа? Барлық кирилдік транслитерацияда  [И] дыбысы үшін латындық і баламасы қолданылады. Өз басым  үшін мұндай ыңғайсыздықты болашақ  қазақ ұрпағына қалдырмас едім.  

Алайда, әліпбимен қазақ лингвистикасының нағыз азулылары жұмыс істесе, мұндай күмән мен күдік орын алмас еді, оның үстіне қайдағы бір қырғыздың кірісуі де орынсыз ғой. Менің шаруам – шағын ғана: сіздер қалай айтсаңыздар, солай істеу ғана. Сол себепті, қане артық дүрбелеңді доғарып, пән мен мәнге тікелей кіріссек.
Баурлар (Ұ.М.), қырғыз бола тұрып, қазақ топтарына қырғызша емес, орысша жазғаным үшін кешірерсіздер, себебі, мені күстаналаған, қазақша білмегенімді бетіме басқандар болғасын... амалсыз орысша ұғысуға көштім.

Материал Латын әрпіне көшуді қолдаймыз! Тобының парағынан алынып, қазақшаланды (http://www.facebook.com/groups/391593384225792/permalink/558838817501247/)

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 881
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 740
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 569
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 579