Сейсенбі, 30 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2824 0 пікір 5 Шілде, 2013 сағат 21:47

«Назарбаев.Live»: ... Ол кетсе, не болады деп ойлайды. Ештеңе де болмайды

КТК арнасынан көрсетілген «Назарбаев.Live» деректі фильмінде Елбасымыз Нұрсұлтан Назарабев  бұрын-соңды өзіне қойылмаған бір сұраққа жауап берді. Сұрақ мынадай болды:

 «Қазақстанның мәртебесін әйгілейтін ерекшелігі – бұл біздің ішкі тұрақтылығымыз. Әйтседе, бірақ, құпия емес, Қазақстанда көп нәрсе сіздің шешіміңізге, сіздің саяси ерік-жігеріңізге тәуелді.  ТМД елдерінің біріндегі сіздің әріптесіңіз болып табылатын тұлға таяудағы бір сұхбатында өзі биліктен сырт қалған кездегі уақыттан қауіптенетіндігін айтыпты. Осыған ұқсас қауіп сіздің де көңіліңізді алаң етпейді ме?»  

«Жақсы сұрақ екен, - деп жауап берді оған Елбасы. – Мен саясаткер әрі билікте ұзақ жылдан бері келе жатқан президент ретінде  бұл турасында ойлануым керек. Кез келген саясткер, президент бастаған ісінің мүдірмей жалғасын тапқанын қалайды. Алайда мәселенің керісінше сипат алған тұстары да көп, өйткені бәрі қайтадан қаралады, талқыға түседі. Бірақ бар ғой, ең ауыр кезең – өткелектегі кезең. Реформаға қадам басқан жан қашанда тәуекелге бел буады, сондықтан да ол бұның ақыры қалай болады екен деп ойланады».

«Елде жетекшілердің ауысуына қолайлы жағдай туғызатын жүйе қалыптасуы керек. Мысалы Сингапурдың премьер-министрі Ли Куан Ю 30 жыл билікте болды, ақырында билікті тәжірибесі кемел жастардың қолына жаймен табыс етті. Малайзияны 20 жыл билеген Махатихер де осылай істеді. Билікті берді. Ельцин де солай етті деуге болады».

«Жалпы халық бір адамның басшылығына бой алдырып қалады, ол кетсе, не болады деп ойлайды. Ештеңе де болмайды. Біз қазір өз арамыздағы қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудамыз және күткендегіміздей өркениетті әлемнің қалай өмір сүретіндігін көріп, танып үлгерген жас ұрпақ өсіп келеді. Сондықтан мен бәрі жақсы болады деп ойлаймын».

P.S.

1984 жылдан бері қарай (Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң төрағасы) билікте келе жатқан, Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Елордамыздың 15 жылдық мерейтойының тұсында өзі туралы деректі фильмде осылай деді.

Abai.kz

0 пікір