Сейсенбі, 30 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3422 0 пікір 5 Шілде, 2013 сағат 21:32

Ұстазын құрметтей алмаған «ұстаз» журфакқа қалай декан болып жүр?

Ай, күн, аспан, жер, ғұлама, батыр, ғалым, хан тұлғалар – халыққа ортақ. Соның бірі де бірегейі де менің әкем – Қызылпан Сұлтанбеков деп айта аламын. Мен үшін әке емес, ол кісі 100 жылда бір кездесетін тұлға.
Қазақта «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» деген мақал бар емес пе. Менің асыл әкем Қызылпан бала кезінен-ақ өз ортасынан орын тауып, болашақ қол бастаушы екенін жасынан байқатып өседі. Алдына биік мақсаттар қойып, соған жету үшін аянбай еңбек етті. Барлық саналы ғұмырын шәкірт тәрбиелеумен қатар, ауыл ынтымағын, бірлігін ойлаған, досқа адал, туысқа қайырымды, жұртына жұғымды биік тұлғалы азамат болды. Өмірінің соңына дейін өз денсаулығын ойламай ауылға зәулім мектеп салдыруға ықпал жасады.
Құдайға мың тәубе, әкемнің еңбектері еленбей қалған жоқ. Артына ізі қалды, сөзі қалды. Өзінің денсаулығын сарп етіп салдырған мектебіне әкемнің аты берілді. «Ниеті жақсы адамды бақ жағалай жүреді» дегендей әкем туралы жақсы ойлар, пікірлер, ол кісінің еңбектері, әні, әзіл әңгімелері әлі ел аузында.
Жақында, 31мамыр күні Қ.Сұлтанбеков орта мектебінде Жақсылық ауылының тумасы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің деканы, филология ғылымдарының докторы, профессор Өмірхан Әбдіманұлымен кездесу өтті.
Асан қайғы бабамыз:
Су түбінде жатқан тас,
Жел толқытса шығады.
Ой түбінде жатқан сөз,

Ай, күн, аспан, жер, ғұлама, батыр, ғалым, хан тұлғалар – халыққа ортақ. Соның бірі де бірегейі де менің әкем – Қызылпан Сұлтанбеков деп айта аламын. Мен үшін әке емес, ол кісі 100 жылда бір кездесетін тұлға.
Қазақта «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» деген мақал бар емес пе. Менің асыл әкем Қызылпан бала кезінен-ақ өз ортасынан орын тауып, болашақ қол бастаушы екенін жасынан байқатып өседі. Алдына биік мақсаттар қойып, соған жету үшін аянбай еңбек етті. Барлық саналы ғұмырын шәкірт тәрбиелеумен қатар, ауыл ынтымағын, бірлігін ойлаған, досқа адал, туысқа қайырымды, жұртына жұғымды биік тұлғалы азамат болды. Өмірінің соңына дейін өз денсаулығын ойламай ауылға зәулім мектеп салдыруға ықпал жасады.
Құдайға мың тәубе, әкемнің еңбектері еленбей қалған жоқ. Артына ізі қалды, сөзі қалды. Өзінің денсаулығын сарп етіп салдырған мектебіне әкемнің аты берілді. «Ниеті жақсы адамды бақ жағалай жүреді» дегендей әкем туралы жақсы ойлар, пікірлер, ол кісінің еңбектері, әні, әзіл әңгімелері әлі ел аузында.
Жақында, 31мамыр күні Қ.Сұлтанбеков орта мектебінде Жақсылық ауылының тумасы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің деканы, филология ғылымдарының докторы, профессор Өмірхан Әбдіманұлымен кездесу өтті.
Асан қайғы бабамыз:
Су түбінде жатқан тас,
Жел толқытса шығады.
Ой түбінде жатқан сөз,
Шер толқытса шығады,- дегендей, кейінгі кезде мектебімізге келгіштеп кеткен профессор Өмірхан ағамыздың «Менің ұстаздарым» атты кітапсымағындағы жазылған ойы  жігерімді құм етіп, жүрегімді жаныштап, жаралап қолыма ләжсіз қалам алғызды.
Осы кездесуге келетін профессорға кітапты оқи отырып, «айтылмаса сөз жетім» демекші, бірнеше сұрақтар қоймасам жаным жай таппайтынын сездім.
1 сұрақ: – Сіз жақында 60 жасқа толдыңыз. Аз жасқа келмепсіз. Осы уақытқа дейін туған ауылыңызға, мына мектебіңізге қандай үлес қостыңыз?
Жауап: Ешқандай үлес қосқаным жоқ.
2 сұрақ: – Өзіңіз оқыған алғашқы мектебіңізде (сол кездегі Тельман 8 жылдық метеп, директоры – Қ.Сұлтанбеков), 9-10 сыныпта (Әміркенов Әбжан – Калинин орта мектебінің директоры) басшылық жасаған. Сол кісілердің «басшылық деңгейі сай емес» дегеніңізді қалай түсіндіресіз? Қандай дәлеліңіз бар?
Жауап: (профессор жер шұқып қалды да) Екінші басшы Әбжан Әміркенов туралы былай деді: «Ол кісі қитұрқы, дүмбілез, оңбаған адам болған».
(осындай сөз профессорға лайық па? Сондағы бұл кітаптың мақсаты ұстаздарды мақтау емес, қаралау ма?)
3 сұрақ: Мен бұл кітапты оқи отырып қарным ашты. Бұл бағы ашылмаған, ойсыз жазылған кітап деп ойлаймын. Ғалым да, шахтер да ұстаздан білім алады, соның ішінде шәкірттің жүрегінде алғашқы ұстазы мен сынып жетекшісі қалады. Қалайша сіздің кітабыңыздан осы ұстаздарға бір сөйлем бұйырмады?!
Жауап: Мен көңіліме жақпаған ұстаздарды жазғым келмеді. Мен бұл мектептен білім алған жоқпын, білімді 9-10 сыныпта Калинин орта мектебінен алдым. Мен бұл мектепте оқығаныма өкінемін. Бұл мектепте кім болса, сол жұмыс істеді.
(Осы жауаптан кейін залда күбір-сыбыр сөз, ой айтыла бастады: «Ондай болса бұл мектепке кездесуге адасып келді ме?» және де әрбір қатысып отырған ұстаздар мен оқушылардың жүрегінде осы Өмірхан Әбдиманұлына деген жиіркеніш сезім пайда болды.)
4 Сұрақ: Бұл мектепті құрып біткен жерінен алға биік көрсеткіштерге жеткізген қазіргі директорды ауыл азаматтары аттай қалап шақырып алды депсіз? Бұл келеңсіз жағдай «Аудандық мәслихаттың сайлауынан» туындаған түсінбеушілік. Ешкімді ешкім шақырып алған жоқ. Бұл мектеп мектеп болғалы аудан, облыс көлемінде айтулы мектептердің бірі болып келген. Сол Қызылпан Сұлтанбековтың басшылық жасауының кезінде бұл мектеп, «директорлар дайындайтын мектеп» болып есептелетін. Оның айғағы – Қызылпанның тәлім-тәрбиесінің арқасында осы мектептен 7 директор шықты. Олар:
1. Шүкірбаев Аман (О-Шаруа орта мектебі)
2. Рахметілдаев Мәмбет (Қорағаты орта мектебі)
3. Тәжіков Әмізе (Қ.Сұлтанбеков орта мектебі. АББ бастығы, А.Байтұрсынов орта мектебі, Құлан орта мектебі).
4. Алагөзова Түзел (Ш.Уалиханов орта мектебі).
5. Нұрмағанбетов Тілеп (Малдыбай орта мектебі, Болтай батыр орта мектебі)
6. Әбішев Әйтен (Бірлес орта мектебі, Абай орта мектебі)
7. Тұрманбетов Оралбек (Байтұрсынов орта мектебі, Қ.Сұлтанбеков орта мектебі)
Мұндай «құрыған» мектептен лауазымды басшылар шыға ма? Қ.Сұлтанбековтен кейін мектебімізді Сейдімашев Т. , Салыбаев С. , Асылбеков Б.,  Тәжіков Ә., Тегешов Ж. басқарды. Сол уақыттарда да мектеп, аудан, облыс көлемінде алдыңғы қатарлы мектептердің бірі болып жүрді. Мектепті «құрып» кеткен деуге қандай дәлеліңіз бар?
Жауап: (үнсіздік).
5 сұрақ: Қазақта «су ішкен құдығыңа түкірме» деген мақал бар. Кітабыңыздың 12-ші бетінде « мен шын ұстаз, шынайы ұстаздарды студент болғанда ғана кездестірдім » дегенсіз, сонда сіздің мектептегі ұстаздарыңыз өтірік ұстаз болды ма? Өтірік ұстаздан алған біліміңізбен осындай дәрежеге жеттіңіз бе?
Жауап: Бұл мектептен ешқандай оқушы институтқа түспейтін, Калинин орта мектебінен жылына 5-6 оқушы жоғарғы оқу орнына түсетін…
(Тельман мектебі 8 жылдық болғандықтан оқушылар қалай жоғарғы оқу орнына түспек. Солай бола тұра Қызылпан Сұлтанбеков ауылдан 20-30 азаматтың оқуға түсуіне, диплом алуына, жұмысқа тұруына көмектескен. Ал Өмірхан Әбдіманов «профессор» бола тұра ауыл жастарының оқу оқуына қандай көмек тигізді екен? Бұл жайттар туралы бір адам айтқан емес!)
6 сұрақ: Менің қойған сұрақтарыма неге жауап бермейсіз? Осы дәйектерді жазарда осындай сұрақтар туындайды деп ойладыңыз ба? Және мен бұл мәселені әрі қарай өрбітемін.
Залда ду қол шапалақ!
Ұстаздар мен шәкірттердің мені қолдаған дауыстарын естіген кезде көзіме бір тамшы жас үйіріле қалды, сол кезде әкемнің рухы жебеп, қасымда тұрғандай сезілді.
Кітап желісі бойынша көпке топырақ шашқан жері көп. «Қазіргі кезде ауыл мұғалімдері әдебиеттен сауатсыз» дейді. Ер азаматқа осылай сөйлеу жараса ма? Кітаптағы нақты емес деректер бірдің емес көптің көңілін шайқап, намысын оятады деп ойлаймын.
Өзінің сөзінде «менде дос та жоқ, бауыр да жоқ, жалғызбын» деді. «Досы жоқ адамнан қорқу керек» демей ме? Ал адамнан жасырғанды Құдайдан жасыра алмайсың. Бір-бір үйдің түтінін түтетіп отырған 10 бауырын неге жоққа шығарды екен?!
Сөзімді қорытындылай келе, қазақта «Өлі риза болмай, тірі байымайды» деген сөз бар емес пе? 60 жыл өмірінде өз әке-шешесіне құран бағыштамаған, ауылдағы ағайын-туыс өліміне бата жасай алмаған Өмірхан Абдіманов Қызылпан Сұлтанбековты қайдан құрметтемек?!
Осы кездесуде басынан аяғына дейін қатысып отырған ауылдың қадірменді, ауданның құрметті азаматы, Сидней Олимпиадасының чемпионы Ермаханның әкесі, қажы Сағи Ибраимов: «Қарағым, сөзіңнің бәрі дұрыс, Қызылпан ерекше тұлға еді ғой, оны өз жеке басым және ел-жұрт құрметтеген абзал азамат» деп өз ойын білдіре келе, мені сабырлыққа шақырды.

Сұлтанбекова Асылтас Қызылпанқызы,
Қ.Сұлтанбеков атындағы шағын орталықты орта
мектептің орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі.
Жамбыл облысы,Т.Рысқұлов ауданы,
Жақсылық ауылы, Қарақойшы көшесі № 3 үй

Abai.kz

0 пікір